Шығармашылық
ізденістегі мұғалімдер
153
мен өміріне дайын қылып шығармайтынын мойындайды. Мектеп
-
тер цифрлы өмір салтының қарқынына, экологиялық проблемаларға
және жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін инновацияларды енгізу
сияқты маңызды әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге төтеп беруге
тырысып отыр. Мектеп жүйесін қалай озық ету туралы халықаралық
деңгейде өткен дөңгелек үстелде Майкл Барбер оқу бағдарламасын да
-
йындаудың келесі формуласын ұсынды:
Жақсы білім = Э (Б + О + К)
Мұндағы «Б» әрпі – білім, «О» – ойлау, «К» – көшбасшылық (жеке
және ұжымдық) және «Э» – этикалық негіз дегенді білдіреді (МакКинси -
ден алынды, 2009: 12). Білімді меңгертуден ойлау мен көшбасшылық
дағдыларды дамытуға ауысу Сингапур мен Альберта, Канада сияқты ел
-
дердің білім беру жүйелерімен үйлеседі, олар шығармашылық пен сыни
тұрғыдан ойлауға негізделген оқу бағдарламаларын
жасауға тырыса
-
ды. Тиімді оқыту ойлау дағдыларын дамытумен қатар пән мазмұнын да
қамтиды, егер олар болмаса, оқушылар өз әлеуетін пайдалана алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: