Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
148
ықыласымен еркін кіріседі (Basford and Hodson, 2008). Мектептегі
шығармашылықты дамытуда жеткен жетістіктері мұғалімді бұл істе
батылдық керек екеніне сендіруі керек.
Зерттеу
нәтижесі көрсеткендей, шығармашылықты дамыту оқу
-
шылардың ынтасына, ықыласына, еркіндігі мен оқудан ләззат алуы
-
на оң ықпал етеді (Casserley, 2004). Алайда мұғалімдер оқушылардан
үлкен үміт күтетіндіктен әрі нәтижелері де айқын болғандықтан бұл
басымдықтар арта түседі. Сыныпта шығармашылық белсенділікті
арттыру оқушыларға «бәрі де болады» деп оларды бетімен жіберу де
-
генді білдірмейді. Керісінше, жақсы мұғалім «жоғары деңгейдегі шы
-
ғармашылықтың, әдетте жаңалық пен тәжірибе жасауға дайын білім
мен дағдылардың өзара әрекеттесуінен туындайтынын» мойындайды
(HMIe, 2006: 6). Шотландия инспекциясы шығармашылық табиғаты
туралы бірқатар мәселе көтерді (HMIe, 2006: 5–6):
1) Шығармашылық оқу бағдарламасының бір тармағы ма?
2) Шығармашылық кейбір пәндер мен оқу бағдарламасы тармағы
үшін ғана қолайлы ма?
3) Кез келген тұлға шығармашылыққа бейім бе?
4) Кішкентай балалар шығармашылыққа әлдеқайда бейім келе ме?
5) Шығармашылықтың ойлау қабілеті
мен кәсіпкерлікке қандай
қатысы бар?
Достарыңызбен бөлісу: