Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
157
Басқалар балаларға бәрінен бұрын терең ойлай алуды үйрететін не
-
гізгі пәндер қажет деген пікірмен келіседі (Johnson
in Johnson and
Siegel, 2010). Джонсон ойлаудың көбіне стихиялы әрі интуитивті еке
-
нін ескермей, оны үйретуге болатын процестер жиынтығы ретінде
қарастыратындарды сынайды. «Ойлау дағдылары»
Ньютонша айт
-
қанда, «тізім жазылған парағыма түскен алмаға қарғыс» дегенмен тең
(Johnson and Siegel, 2010: 29). Ол ауысып отыратын жалпылама ойлау
дағдыларын оқыту идеясына күмән келтіреді; егер мектеп ойлауды
үйрете алатын болса, даналықты неге үйретпейді? Бірақ ол мектепте
сыни көзқараспен қарауға қоса, әртүрлі идеяларды қабылдай алу мен
оларға тура қарау сияқты ақыл-ой әдеттерін де дамыту керек екенін
мойындайды. Сонымен қатар Уиллингем (2009) де сыни ойлаудың не
-
гізі нақты білім екенін мойындайды. Ол: «жақсы мұғалім белгілі бір
тақырыпты, ұғымды түсіндіру үшін түрлі оқиғаларды ұтымды қолда
-
нады», – дейді.
Мұндай авторлар жалпы ойлау дағдылары Англияның оқу бағдар
-
ламасында ескерілмеген деген ойды құптар еді. Алайда мұғалімдерден
оқу пәндері арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту талап етіледі
(4.2-кесте). 2014 жылғы оқу бағдарламасы оқу пәндеріне ойлау дағды
-
ларының негізге алынбауымен ерекшеленеді. Керісінше, бұл бағдарла
-
мада пәндер балаларды ғылыми ізденіс, географиялық өріс және мате
-
матикалық идеяларды түсіну сияқты дағдыларды меңгеруге жұмыл
-
дыратын қозғаушы күшке айналған.
Достарыңызбен бөлісу: