Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет130/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

4.7-ҚОСЫМША. VAK ОҚУ СТИЛЬДЕРІ
Визуалдар.
Визуал оқушылар кітап оқығанды ұнатады, жақсы жаза алады, 
бақылауда тыңғылықты, табиғатынан ұстамды, салмақты, сурет салғанды, 
жазғанды жақсы көреді, жазуы әдемі, тыңдап отырып,
 
әлденені шимайлап 
отырады, бірақ көбіне хабарламаларды қайталауды ұмытып кетеді және тым 
тез сөйлейді. Олар көбіне бір нәрсе істемес бұрын жоспарлап алады, сонымен 
қатар істің жалпы нобайын біліп отырғанды жақсы көреді.
Аудиалдар.
Аудиал оқушылар әртүрлі тақырыпта әңгімелескенді ұнатады, 
жазудан гөрі бір нәрсені талқылаудан ләззат алады. Олар жұппен, шағын 
топтармен жұмыс істегенде өзін жақсы көрсетеді, көп жағдайда пікірталаста 
басым түсіп жатады, презентация жасағанды ұнатады. Олар адамды мұқият 
тыңдап, сұрақ қойғанды ұнатады, әуенді оңай еске түсіреді, музыка өнерін 
ұнатады, бірақ у-шу көңілін тез бөледі.
Кинестетиктер.
Бұл оқушылар заттарды ұстағанды ұнатады, бөлме ішінде көп 
қозғалады, бір нәрсе жасауға бейім, біреумен сөйлескенде өте жақын тұра-
ды және спорттық ойындарды жиі ойнап, жалпы спортпен шұғылданғанды жөн 
көреді. Жалпы олар бір орында қозғалмай отыра алмайды, жан-жағына бұры-
лып, жыбырлап, бір нәрсені тықылдатып отыруға бейім. Әдетте жазуы нашар. 
Көбіне оқиға желісі қызық кітаптарды оқумен шектеледі және экшн-фильм-
дерді ұнатады.


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
171
көңіл бөлгені жөн. Осыған қарамастан, оқытуда оқу стиліне сүйенген 
дұрыс деп санайтындар да жоқ емес. Притчард (2009: 54) мұғалім
-
дерге жеке оқу стильдерінің мүмкіндігін ескеріп, оларды өз жоспа
-
рына енгізуді ұсынады. Ол тіпті осы стильдерді анықтаудың қысқа 
жолын да ұсынды: қарапайым тілмен айтқанда, визуал оқушылар 
жоғарыға қарауға бейім (менталды карта жасау үшін болар), аудиал
-
дар көз алдына қараса, кинестетик оқушылар төмен қарауға бейім 
болып келеді. 
Алайда оқу стилінің модельдерін барынша жан-жақты қарас
-
тыру, оларды оңтайлы қолдануға көмектеседі (Coffield 
et al.
, 2004).
Энтвистлдың (1981) «үстірт» және «терең» білім беруге жүргізген 
зерттеуін ерекше атап өтуге болады (Marton and others (1997). Негі
-
зінде, бұл зерттеушілер оқушылардың оқуға көзқарасын, мәселен, 
кейбірінің мұны ақпарат алу және оны қайта шығару процесі ретінде 
көретінін, ал енді бірі бұған біршама салмақты қарап, ұсынылған ма
-
териалды саралай отырып, тақырыпты түсінуге тырысатынын қарас
-
тырды. Басты айырмашылық оқушының 
ниетінен
туындайды. Білім 
алуға атүсті қарайтын студенттер оқу бағдарламасының талаптарын 
немқұрайлы орындап, өтіп кетуге бейім. Алайда терең білім алуды көз
-
деген студент оны әртүрлі жолмен іске асырады. Кейбіреулер көзде
-
ген нәрсесінің бейнесін жасау үшін фактілерді пайдаланса (сериалист
стратегиясы), ал енді біреулер байланыс орнату арқылы тұтас бейнені 
көргісі келеді (тұтас стратегия). Ғалымдардың айтуынша, студенттер 
осы екі түрлі стратегияны қабылдаған кезде олардың оқу стильдері 
бір-біріне қарама-қайшы болады. Сосын тұтас стильді ұстанатындар 
сурет, диаграммалар мен мысалдар толық қамтылған материалдарды
оқитындықтан тиімді білім алатынын, ал сериализм стилін ұстанатын
-
дар материалдың кішкентай бөліктерін, олардың логикалық байланы
-
сын қарастырудан ләззат алатынын көрсететін дәлелдер келтіреді. Со
-
нымен қатар стратегиялық тәсілді қолданатын студенттер бар, мыса
-
лы, олар жақсы баға алу ниетімен уақытын тиімді пайдаланып, жұмыс 
күнін дұрыс ұйымдастырады. Энтвистл мен Уолкер (2000) оқушылар
-
дың қай-қайсысын болмасын бір категорияға таңып қоюға болмайты
-
нын ескертеді, зерттеу әр тәсілдің салыстырмалы түрде өз маңызы бар 
екенін көрсетеді.
Мұғалімдер арасында кең тарап кеткеніне қарамастан, мұнда 
жақсы мұғалімдер үшін таңсық ештеңе жоқ: балалар өз сана-сезіміне 
қарай білім алады, қоршаған орта мен ынталандырудың да маңызы 
зор, бала миы көрген, естіген және істеген нәрсесінің бәрінен жина
-
ған ақпаратты бейімдеп өңдейді. Демек, баланы «аудиал» деп немесе 
басқа бір типке жатқызып қойғаннан аулақ болу керек, себебі стиль 
сабаққа, тақырыпқа байланысты өзгеріп отырады (Kyriacou, 2007; 


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
172
Hewitt, 2008). Жұмысты белгілі бір оқу стиліне сәйкестендіру идеясы 
отыз не одан да көп бала оқитын құрама сыныпта логистикалық тұр
-
ғыдан өте қажет. Сондай-ақ бала өзі үйренбеген стильде де жұмыс іс
-
тей алуы үшін білім алу дағдыларын дамытуға ынталандыру керек де
-
ген пікір бар. Оқу – күрделі процесс, сондықтан тек сезімге сүйенуі өте 
сирек кездеседі, аса тиімді оқыту берілген тапсырмаға сәйкес келетін 
сезім мен тәсілге жүгінеді. Егер мұғалім оқуда таңдау жасауға жауап 
беруге тым көп көңіл бөлсе, олар оқушыларды керек кезінде ноу-хау
-
ға жүгіне алатын аса икемді болуға ынталандырудың жалпы көрінісін 
назардан тыс қалдырып алуы мүмкін. Оқушылардың оқуға деген сү
-
йіспеншілігін ояту – мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан оқушылар 
ынталы, белсенді әрі ізденімпаз болуы керек дегенмен келісетіндер 
аз. Сондай-ақ олар оқу мен оқытудың түрлі тәсілдерін білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет