Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


инклюзияның концепциясын жасады.  10.1-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ



Pdf көрінісі
бет343/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

инклюзияның
концепциясын жасады. 
10.1-ҚОСЫМША. НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМ: 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИЯ 
Англияда қатардағы жалпы орта білім беретін мектептерде немесе пост-
16 оқу орындарында ортақ игіліктегі оқу құралдарын пайдалануда бірдей 
жастағы басқа оқушылардан қалып қойған немесе бірдей жастағы бас-
қа қатарластарына қарағанда, көбірек қиналатын балалар мен жасөспі-
рімдер Білім беруде ерекше қажеттілігі бар (SEN) балалар деп анықта-
лады (DfE, 2013). Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландиядағы Қосымша 
оқыту қажеттілігі (
Learning Needs – ALN)
, Қосымша қолдау қажеттілігі
(
Additional Support Needs – ASN
) және Қосымша білім беру қажеттігі 
(Additional Educational Needs
– AEN
) ұғымдары Ерекше білім берудің (Special 
Educational Needs – SEN) бұрынғы және шектеулі терминологиясы болып 
саналады. Инклюзия термині түрлі жолдармен түсіндіріледі (Daniels, 2000).
Бұған дейін инклюзияны ерекше білім беру қажеттілігімен синоним деп және 
Білім беруде ерекше қажеттілігі бар (SEN) оқушылардың қатардағы жалпы 
орта мектептерге «ауысуы» ерекше жетістік деп саналып келген болатын. 
Қазір бұл шеткері, дамымай қалу қаупі бар түрлі топтарға жетті.
1990 жылдары инклюзия мәселесі мектептерді оқу қиындықтарын 
жеңе отырып, интеграциядан арылуға шақырды. Қысқасы, инклюзивті 
білім беру оқушылардың мектепке «сай» келуінен гөрі, мұғалімдердің 


Инклюзив практиканы дамыту 
408
барлық оқушылардың қажеттіліктерін орындауға бейімделуін талап 
етеді. 1994 жылы үкімет Англия мен Уэльстегі мектептерге оқуда проб
-
лемасы бар балаларға қолдау көрсету туралы құқықтық-нормативтік 
нұсқаулық беретін Практика кодексін жариялады (DfE, 1994, кейіннен 
2001 жылы Білім министрлігінде және 2004 жылы Уэльстің ұлттық ас
-
самблеясында қайта қаралды). Бұл балаларға жеке оқу жоспарының 
болу керектігін және ең маңызды қажеттілігі сырттай қолдау табуын 
қарастырды. Англия мен Уэльстің Мемлекеттік оқу бағдарламасына 
сәйкес инклюзияның құқықтық-нормативтік мәлімдемесі мектептер
-
ден оқушылардың түрлі қажеттілігін орындауды, орынды тапсырма
-
лар беруді және оқу мен бағалауда туындайтын кедергілерді еңсеруді 
талап етеді (DfEE, 1999). 2004 жылы Шотландия заңнамасы «оқуға қо
-
сымша қолдау» тұжырымдамасы арқылы инклюзияға жалпылама көз
-
қарас қалыптастырды. Бұл барлық оқушылар мектеп өмірінің белгілі 
бір кезеңдерінде түрлі себептермен қосымша қолдау түрлерін талап 
етеді дегенді көрсетеді. Ал бұл жалпылама көзқарас арнайы топтардың 
қажеттіліктерін ескерусіз қалдыруға себеп болады деген сынға алынды 
(Farrell, 2004). Вестминстер үкіметінің 
Жетістікке жету стратегия
-
сындағы
кедергілерді жою құжаты барлық мұғалім Білім беруде ерекше 
қажеттілігі бар оқушылардың мұғалімі болып саналады деп нақтылай 
түсті. 2010 жылғы Теңдік заңы бұрынғы теңдік туралы барлық заңна
-
маларды алмастырды. Мұнда мектептердің оқушыларды жынысы, нә
-
сілі, мүгедектігі, діні мен сенімі және сексуалды ориентациясы бойын
-
ша, дискриминация жасауына жол берілмейді. Соңғы 30 жылда көпте
-
ген елдерде Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды жалпы 
орта білім беретін мектептерге ауыстыру жұмыстары дұрыс қадам деп 
саналып келеді (10.2-қосымша). 
Инклюзивті білім беру туралы зерттеу орталығы барлық балалар
-
дың бірге оқу тәжірибесінің әлеуметтік маңыздылығын қарастырады. 
Бұл инклюзияның қорқыныш пен қате түсініктің алдын алуға және бір-
біріне деген құрмет, өзара түсіністік және достық орнатуға әлеуеті ба
-
рын білдіреді. Еуропадағы зерттеулер Білім беруде ерекше қажеттілігі 
бар оқушыларға жасалған жақсы жағдай, сапалы білім, сол мектептегі 
барлық
оқушыларға да пайда әкелетінін айтады (European Agency for 
Development in Special Needs Educationі, 2003). 
Дегенмен білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушылардың мек
-
тепке келуі автоматты түрде сабаққа қатысып, араласып кетеді дегенді 
білдірмейді және оны инклюзивті деп айта алмаймыз. 2005 жылы Ба
-
ронес Уарнок ерекше қажеттілігі бар оқушылар мәселесін қайта қарас
-
тыруды ұсынды. Оның ойынша, инклюзияның «тым тереңдеп кетуі» 
арнайы мектептердің жабылуына әкеліп, ерекше білім беру қажеттілі
-
гі бар балаларға зиянын тигізуі мүмкін. Ол инклюзия дегенді «барлық


Инклюзив практиканы дамыту 
409
баланың ортақ бір шатырдың астына емес, ортақ білім жобасының ая
-
сына ұйысуы тиіс» деп мәлімдейді (Warnock, 2005: 37). Балалардың ша
-
мамен 1 пайызы арнайы мектепте оқиды, ал көп бөлігі (97%) қатардағы 
жалпы орта мектептерде оқиды (DfE, 2010). Уарнок проблемалы бірне
-
ше мәлімдемелер жасады: 
„
қатардағы жалпы орта мектептердің өзінде ерекше қажеттілігі бар 
балаларға қатысты буллинг сөзсіз орын алады
„
ерекше қажеттілігі бар балалар бөлектеніп жүруге беи�ім келеді; 
„
бір мекемедегі бала санының екіншісінен аи�тарлықтаи� аи�ырмашы
-
лығы болатыны секілді қажеттіліктері ұқсас балалардың арасында 
мүлде басқа қамтамасыз етуді талап ететін балалар болуы мүмкін; 
„
қатардағы жалпы орта білім беретін мектептерде білім беруде ерек
-
ше қажеттілігі бар балаларды мұғалім көмекшісі оқытатын жағдаи� 
өте жиі кездеседі, соның салдарынан ол балалар сапалы оқытудан 
қағылады. 
Уарноктың мәлімдемелері үлкен пікірталас тудырды. Арнайы мек
-
тептерді жаппау, ата-аналардың балаларының қатардағы жалпы орта 
білім беретін мектепке баруына (немесе қайта оралуына) мүдделі бо
-
луы және оларды арнайы мектептерге ауыстыру үшін күресі туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет