Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет396/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Болады
Болмайды
■ Балалардың танымдық ізденіске 
жетелейтін сұрақтар мен тақырып-
тарды таңдаңыз.
■ Балалардан не туралы ойлағаныңыз-
ды немесе қарапайым, оңай факті-
лерді есіне түсіруді сұраңыз. 
■ Балалар сыныптағы басқаларды 
қызықтыратындай толық әрі ау-
қымды жауап береді деп күтіңіз.
■ Басқа балаларды қызықтырмайтын 
шектеулі, қысқа жауаптарға шы-
дамдылық танытыңыз. 
■ Оқушыларға ойын жинақтап, 
айтатын сөзін дайындауға уақыт 
беріңіз.
■ Дайындалуға немесе ойлануға уақыт 
бермей, жоғары сапалы жауаптар 
күтіңіз. 
■ Қолданылатын тілдік және тақы-
рыптық лексика үлгілерін беріңіз.
■ Балалар тілі жетпесе де жақсы жауап 
береді деп ойлаңыз. 
■ Балалар естігенінің бәріп айтып 
бере алады деп ойлаңыз. 
■ Балалардың айтқанын үнемі қайталап, 
өз сөзіңізбен айтыңыз.
■ Балалардың айтқанына қарап, 
жауаптарыңызды түрлендіріп оты-
рыңыз, балалармен пікір таласты-
рыңыз, диалогты кеңейту үшін не 
қажет екенін айтып, сұраңыз.
■ Тек сұрақ қойыңыз. 
■Балалар жауап бергісі келсе ишара 
жасауы (қол көтеріп), ал тақтаға 
шақырған жағдайда жауабы әзір 
болуы керек екенін түсіндіріңіз.
■ Сұрақ-жауап жұмысының бәсекеге 
қабілетті «қол көтеретін» моделін 
қолданыңыз.
Балалар бұрыс жауап бергенде
олардан өз ойын түсіндіруін ай-
тып, содан кейін түсінбеушілікті 
жоюын сұраңыз. 
■ Жауап дұрыс болсын, бұрыс болсын 
барлығын қолпаштаңыз. 
Дереккөз: 
DfES (2003). © Crown Copyright 2003, Click-Use лицензиясының шарттарына сәйкес қайта 
басылды. 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
473
сияқты түрлі сөйлеу фреймдерін ұсынады. Мысалы, 3-сыныптың жеке 
оқушыларына арналған «көрсет те, айт» (жеке қазына) деген фрейм
-
дер, «Біз... (зат, жануарлар немесе жер) туралы ой толғаймыз» сияқты 
жұптық жұмысқа арналған фреймдер және топтық жұмысқа арналған 
«Қалай... жасауға болады?» (бір нәрсе жасау, ережеге сүйену, қиялын 
пайдалану) деген фреймдер бар. 
Құлықсыз сөйлеушілерді сөзге тарту үшін мұғалімдер бірқатар
стратегияларды қолданады, олар: қуыршақтар, артефактілер, фотосу
-
реттер, ән мәтіндері, әзілдер, моральдық дилеммалар, газет тақырып
-
тары, өлең оқу, хор айту, сапарға шығу, қонақтар шақыру, «сарапшыдан 
сұра», сұрақ-жауап сессиясы, «Бұл сіздің өміріңіз» тақырыбына презен
-
тация жасау, рөлдік ойындар, ойындар, мұражай экспозициялары және 
спорттық репортаждар. Фишер мен Уильямс (2006) сөйлесу және тың
-
дау деңгейін көтеру үшін, сөйлеген сөздерін күнделікке жазып жүруді 
қолдануды ұсынады. Бұл бастама тілдің мектептен тыс әртүрлі жағдай
-
да қызмет ететінін ескере отырып, балалардың қызығушылығын оятса 
тиімді болады. Ерте балалық шақта мұғалімдер балалар қиялын дамы
-
ту үшін тақпақтар мен ертегілерді, сенсорлық ойындарды, қуыршақтар 
мен виртуал құралдарды қолдануы керек. 
Көптеген мектеп үйірме мен жаңалықтар тыңдау уақытын сөйлеуді 
дамытудың белгілі контексі ретінде пайдаланады. Гругеон және басқа
-
лар (1998) бұл жиі қолданылатын стратегиялар кейде тиімді болмауы 
да мүмкін екенін, өйткені мұғалімдер пікірталаста көп жағдайда басым 
болатынын айтады. Кейде балалар өздерін қызықтыратын тақырыпта 
сөйлеу үшін арнайы 5–10 минутқа бөлінетін «Менің сөйлейтін уақы
-
тым» әдісін пайдаланады. Олар өз сөзіне көрнекі құрал ретінде түрлі 
заттар, суреттер, ойыншықтар мен кітаптар алып келеді. Бұл шара мұ
-
ғалімдерге балалар үшін не маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді, 
сондықтан олар бұл шараны өткізуге әрқашан ықылас танытады. Бала
-
лардың ресми презентация жасауын сұрайтын жағдайлар болады, он
-
дайда оларға көмек ретінде ауызекі сөйлеу бойынша ұсыныстар жиын
-
тығы ұсынылып, қысқаша кері байланыс жасалады. 
Драманы білім берудің құнды құралы ретінде қолдану бұрыннан 
белгілі, оған Дороти Хиткоуттың қосқан үлесі зор (Woolland, 1993; 
Wagner, 1999; Fleming, 2001). Драма балалардың мінез-құлқы мен тұл
-
ғааралық қатынастарын жақсартып, моральдық және әлеуметтік да
-
муына оң ықпал етеді (Dickinson and Neelands, 2006). Ерте балалық шақ
-
тағылардың жақсы тәрбиешілері балаларды қарым-қатынас жасауға 
үйретіп, қолдау көрсету үшін әртүрлі реквизиттер, маскалар, қуыршақ
-
тар, костюмдер, ойындар, балаларды дамытатын басқа да іс-әрекет түр
-
лерін қолданады. Драма – бастауыш мектеп өмірінің ажырамас бір бөлі
-
гі және ол әр балаға жетістікке жетуге мүмкіндік береді (Scrivens, 1994). 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
474
Зерттеулерге қарағанда, сыныптағы уақыттың 75–90 пайызында 
мұғалімдер сөйлейді екен, ал бұл балалардың тілдік дағдыларын дамы
-
ту мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендетеді (Arnold, 1999; Hayes, 1998; 
The Communication Trust, 2013). 40 жылдан астам уақыт бұрын Буллок 
өз баяндамасында (DES, 1975) 45 минуттық сабақта әр оқушының ауыз
-
ша сөйлеуіне тиесілі уақыт 20 секунд екенін көрсеткен. Соңғы зерттеу
-
лерге қарағанда, жағдай сәл жақсарған, оқушының сынып талқылауы
-
на қосатын үлесі орта есеппен төрт сөз болған (The Communication Trust, 
2013). Тіпті мұғалім сабақта сөйлемеді дегеннің өзінде, олар пәндік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет