Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Мектептегі мінез-құлық стандарттары



Pdf көрінісі
бет415/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мектептегі мінез-құлық стандарттары 
Мектептегі баланың мінез-құлқы туралы нақты не білеміз? Басқа
-
ру есебі (2009) мектептердегі мінез-құлық стандарттары жақсы болған 
және соңғы жылдары дами түсті деген даулы қорытынды шығарды. 
Алайда мұнда мінез-құлық стандарттары туралы жүйелі пікір қалыптас
-
пай отырғанына көптеген дәлелдер бар. Тексеріс баяндамаларындағы


Мінез-құлықты басқару 
494
мәліметтері бойынша мұғалім және оқушылар анкетасы мен ата-ана
-
лар пікірі үйлеспейді. OFSTED (2013) дерегіне сәйкес, шамамен 700 000 
оқушы барып жүрген мектептерде мінез-құлық стандарты дамытуды 
қажет етеді. Қауымдар палатасының білім комитеті (House of Commons, 
2011) нақты мәліметтердің жетіспеуінен қиналады. Мәселен, мектеп
-
тердегі шынайы инциденттер туралы нақты мәліметтің болмауынан, 
мектептегі мінез-құлық жайы немесе қай тұсын күшейту қажеттігі тө
-
ңірегінде айқын пікір қалыптаспай отыр. Білім комитеті мәліметті инс
-
пекторлар жүргізген нормативтік құжаттардың жарамдылығын тексе
-
ру және Басқару есебі сияқты ресми құжаттар арқылы алып отырған. 
Тексеріс кезінде кейбір мектептердің нашар мінез-құлықты оқушыла
-
рын жасырып қалып отырғаны айтылады, ал кейбір директорлар Бас
-
қару есебіне мәлімет берген кезде тәртіп мәселесіне қатысты ақпарат
-
тарды толыққанды бермейді, берсе «көп нәрсе жоғалтады».
Балалардың мінез-құлқы стандарты туралы берілген келесі маз
-
мұн ғылыми әдебиеттер шолуына сүйенеді (OFSTED, 2001, 2012; Munn 
et al., 
2004; Scottish Executive, 2006; Paton, 2012; NFER, 2012; DfE, 2012; 
Scottish Government Social Research, 2012): 
„
бастауыш мекептегі 10 оқушының тоғызының мінезі жақсы; 
„
жалпы орта мектепке қарағанда, бастауыш мектеп оқушыларының 
мінез-құлқы жақсырақ көрінеді; 
„
«ұсақ» тәртіпсіздіктің жиі болуы, кезексіз сөи�леп, өзгенің сөзін бөлу, 
ысқыру, қылжақтау сияқты әдеттер оқушының теріс мінез-құлқын
-
да жиі кездесетін түрлері;
„
мектепте өрескел тәртіп бұзу өте сирек кездеседі; 
„
оқушылардың 20–25 паи�ызы буллингке ұшыраи�ды; 
„
мұғалімдер ұи�ымы мен білім туралы медиа оқушылардың тәртіпсіз
-
дігі жаи�лы жиі мәселе көтереді; 
„
мектеп ұжымына қарсы өрескел тәртіп бұзу өте сирек болса да ар
-
тып келеді; 
„
мұғалімді стреске түсіретін басты себеп – оқушының тәртіпсіздігі;
„
аз ғана оқушының теріс мінез-құлқы мұғалімнің жақсы көңіл күи�і 
мен басқа балалардың оқуына кері әсерін тигізеді. 
Мектепке дейінгі жастағы балаларға жүргізілген зерттеу көрсет
-
кендей, үлкенірек балалар, қыздар мен үлкен салмақпен туған бүл
-
діршіндер когнитивті тестте жоғары нәтиже көрсеткен және басқа 
балалармен салыстырғанда мінез-құлық проблемасы аз болған (Cullis 
and Hansen, 2007). Бес жасқа дейінгі баланың мінез-құлқының қалып
-


Мінез-құлықты басқару 
495
тасуында анасының білім деңгейі (ұлты емес) басты фактор саналады. 
Отбасының табысы да маңызды рөл ойнайды, когнитивті нәтижеге 
позитив әсер етсе, мінез-құлық проблемасына негатив әсері болады. 
Толық отбасында тәрбиеленген балаға қарағанда, жартылай отбасын
-
да өскен баланың мінез-құлқында проблема көптеу болуы мүмкін. Үкі
-
метке депрессияға ұшыраған, сондай-ақ сауаты төмен аналар, балалар 
және шала туған нәрестелерді (салмағы жетпей) қолдауға бағытталған 
саясат жүргізу ұсынылды (Cullis and Hansen, 2007: 9). 
Мінез-құлыққа қатысты дақпырт әңгімелерді (миф) жауып тастап 
отырған жөн, өйткені ол ұтымды қарым-қатынас орнату үшін аса ма
-
ңызды және жаңадан келген мұғалімнің өзіне сенімділігі мен балалар
-
дың танымына зиянын тигізеді (12.1-кесте ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет