Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


-кесте. Баға беруші әдістер Провайдер



Pdf көрінісі
бет209/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)
Педагогикалық техника мұғалім шеберлігінің элементі ретінде. (1), Краснодарский университет, Metodika-prepodavaniya-istorii, 496800, открытый урок, Презентация4
10.1-кесте.
Баға беруші әдістер
Провайдер 
перспективасы
Қабылдаушы 
преспективасы
Барынша ауқымды
қауымдастықтың 
перспективасы
Нәтижесі
Орындалды 
ма?
Ол провайдер үшін тиімді/
пайда әкеле ме?
Мақсатты топта анық 
өзгерістер байқалды 
ма?
Барынша ауқымды 
қауымдастықтың 
перспективасын 
қанағаттандыра ма?
Ықтимал әдістер
Ықтимал әдістер
Ықтимал әдістер
Құжаттарды қарастыру
Дерекке дейінгі/
деректен кейінгі 
жағдайды қолдана 
отырып,
бақылау топтарына 
эксперимент/квази-
эксперимент жүргізу
Сауалнама
Негізгі ақпарат берушілер
Фокус-топтар
Сұхбаттар
Фокус-топтар
Процесс
Қалай 
жетілдіруге 
болады?
Мықты жағы/әлсіз тұсы 
қандай? Бұл процесс 
ұйымға қандай жолдармен 
әлдеқайда тиімдірек/
өнімдірек болуы мүмкін?
Артықшылығы/кемшілігі 
қандай?
Бұл процесс пайда 
тапқысы келгендер үшін 
қайткенде тиімдірек/
өнімдірек болуы 
мүмкін?
Артықшылығы/кемшілігі 
қандай. Процесті қайткенде 
тиімді/өнімді қыламыз?
Ықтимал әдістер
Ықтимал әдістер
Ықтимал әдістер
Ұйымдағы мүдделі 
топтармен сұхбат
Сауалнамалар
Сауалнамалар
Фокус-топтар
Фокус-топтар
Фокус-топтар
Бақылау
Сұхбаттар (көп жағдайда 
негізгі ақпарат берушілер/
мүдделі топтар)
Құжаттарды шолу
Формативті/процесті бағалау 
Формативті бағалау процесті бағалау деп те аталады, ол белгілі бір өз-
геріс әкелуге тиіс бастаманы әрі қараи� дамыта түсуге көмек болатын дерек 
пен ақпаратты қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Мұндаи� зерттеу бастаманың 
тиісті орынға жеткізілуін және оның қаншалық жақсы енгізілгенін зерттеи�ді.
Бұл зерттеу бастаманың артықшылығы мен кемшілігіне, мүмкіндігі мен 


223
Әдіснамаларды түсіну: баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегиялар
қауіп-қатеріне; сәтті бастамаға көмектесетін және/немесе көмектеспеи�тін 
факторларға баға береді.
Процесті бағалау нәтижелері бағдарламаны жақсартуға, өзгертуге және бас-
қаруға қатысты шешім қабылдауға қажет ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл 
зерттеу әртүрлі жағдаи�ға икемделеді, зерттеу нәтижесін ұқсас бастамаларға 
қолдану үшін мүдделі ұи�ымдарға үлгі болады (4-тарауды қараңыз).
Формативті бағалаудың сәйкес әдістері 
10.1-кестеде формативті немесе процесті бағалаудың басты мақсаты баста-
маның артықшылығы мен кемшілігіне баға беру және процесс қандаи� жағдаи�да 
әлдеқаи�да тиімді және өнімді бола алатынын анықтау екенін көрсеттік. Мүдделі 
топтың көзқарасын ескеріңіз. Өи�ткені проваи�дерлердің, қабылдаушылардың 
және барынша ауқымды қауымдастықтың «Қандаи� бастама орындалды неме-
се орындалмады?» деген сауалға қатысты көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін. 
Әдістер дизаи�ны сіздің не білгіңіз келетініне және кімнің мүддесіне жұмыс іс-
теи�тініңізге тәуелді. 
 
y
Провайдердің перспективасы.
Қолданатын әдісіңіз ақпаратты қамтамасыз ету-
ге жауапты топтардың күрделілігі мен сан алуандығына тәуелді. Мысалы, сізден 
белгілі бір мұғалімнің бастамасымен сыныптағы өзгеріске баға беруді сұрауы 
мүмкін. Бұл жағдайда терең сұхбат алып көріңіз (12-тарауды қараңыз). Тағы бір 
мысал келтірейік. Сізден үкімет пен жекеменшік индустрияның әртүрлі деңгейін-
дегі жұмысшыларға қатысты денсаулықты қорғаудың үкіметтік жаңа заңының құ-
рылымына, дамуына және енгізілуіне баға беруді сұрауы мүмкін. Мұндай кешен-
ді деңгейдегі қажет ақпаратты жинақтау үшін сұхбат, фокус-топ және сауалнама 
сияқты әртүрлі әдіске сүйенуіңіз ықтимал (12-тарауды қараңыз). Сондай-ақ зерт-
теліп отырған процеске қатысты жазбаларға, хаттамаларға көз жүгіртіп, оларды 
талдайтын құжаттарды сараптаудың немесе процесті тікелей бақылаудың да ма-
ңызы зор (13-тарауды қараңыз).
 
y
Қабылдаушының перспективасы.
Басқарушылар бәрі ойдағыдай деп есептегені 
үшін ғана қабылдаушылар бастаманы құптайды дей алмаймыз. Жақсы жүргізіл-
ген процесті бағалау провайдердің ғана перспективасын ескеріп қоймай, өзге-
рістің артықшылығы мен кемшілігі, ықтимал өзгерістері туралы қабылдаушының 
да ойын білгісі келеді. Провайдерлік зерттеу жүргізетін мақсатты топ көлемі мен 
кешенділігіне қарай әртүрлі болады, соған орай өзіңізге керек деректі жинау 
үшін сұхбат, фокус-топ, сауаланама сияқты әдістерге сүйенуіңіз мүмкін (12-та-
рауды қараңыз).
 
y
Барынша ауқымды қауымдастықтың перспективасы.
Өзіңізге қоятын бірін-
ші сұрақ: «Клиент барынша ауқымды қауымдастықтың ойын білгісі келе ме?». 
Барынша ауқымды қауымдастықты маңызды мүдделі тараптар деп есептемеуі-
ңіз, дәлелді пікірді қамтамасыз ететін негізді білімі жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. 
Қарастырылып отырған бастамаңыз қауымдастыққа ықпал ететіндей, кең ау-
қымды болуы ықтимал немесе қауымдастық мүдделі тарап ретінде қандай да бір 


224
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
мәселеге бастама болуы мүмкін. Мысалы, ауладағы граффитимен сурет салуды 
тоқтатуға бағытталған тұрғындардың бастамасы. Осы орайда ол бастаманың ар-
тықшығы мен кемшілігіне қатысты пікір жинау қажет шығар. Ықтимал әдістерге 
сауалнама, фокус-топ және ықтимал негізгі ақпарат берушілерден сұхбат алу жа-
тады (12-тарауды қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет