366
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бұл тарау осы мысалдар бои�ынша барынша көмек беруге тырысады. Алаи�да
оқумен қатар, шынаи�ы тәжірибемен аи�налысып көруге (тіпті статистика бои�ынша
бағдарламада берілген мысалдармен жұмыс істесеңіз де) кеңес беремін. Деректі
талдап көрместен, статистиканы түсініп кететін студент аз. Сондықтан статис-
тикалық бағдарламалармен «қолыңызды былғап» көріңіз. Бұл салада қолмен
істеп көрмеи�, білім ала алмаи�сыз.
Көмек сұрауға да кеңес беремін. Статистиканың сырына дендеп бои�лаған
кезде, әсіресе инференциал және көпаи�нымалы талдауда, тіпті тәжірибелі зерт-
теушілердің өздері де қиналып қалады. Талдауыңыз қиындықтың осы деңге-
и�іне жетсе, статистика маманының кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Көптеген уни-
верситетте жоғары деңгеи�дегі статистика жасаушы докторанттарға деректерін
сарапшы маманға көрсетіп алуға рұқсат беріледі, оған қоса, деректерін талда-
тып та алады. Бірақ аутсорсингке жүгінсеңіз де (әдетте оған қаржы қажет), не-
гіздерді білу керек. Бастапқы талдауды жүргізіп, жоғары деңгеи�лі аутсорсинг-
тік талдауды басқарып, нәтижелерді түсіну және түсіндіру, маңызды сұрақтар
қоя алу үшін білімді жеткілікті түрде игеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: