367
САНДЫҚ ДЕРЕКТІ ТАЛДАУ
y
Minitab –
кіріспе бағдарламасы, үйренушілерге ыңғайлы, шағын деректер жиын-
тығы бар (www.minitab.com);
y
Excel – статистикаға арналып жасалмаған
бағдарлама бола тұра, негізгі тапсыр-
маларды орындай алады және ДК-нің (дербес
компьютер; Microsoft Offics өнімі)
түгелге жуығында бар;
y
R – Статистикалық есептер мен сызбаларға арналған тегін бағдарлама (www.r-
project.org).
2. Деректі жазып отырыңыз
Зерттеу процесінің әртүрлі сатыларында әртүрлі дереккөзден келуі мүмкін.
Сондықтан жиналған деректі жазып отырған дұрыс. Түпнұсқадағы дерек ұзақ
уақыт бои�ы сақталуы керек екенін назарда ұстаңыз; зерттеушілер нәтижелер-
ді түпнұсқамен
салыстырып, қаи�та қараи� алуы керек.
3. Дерегіңізде олқылық жоқ па, соны тексеріп отырыңыз
Деректің анық және толық екенін анықтау үшін оны тексеру маңызды.
Неғұрлым ертерек тексерсеңіз, бастапқы кезеңде баи�қалмаған мәселені аңға-
расыз да, дерек жинау хаттамаңызды жақсарта аласыз. Жүи�елі мәселені тым
кеш түсіну өте қауіпті.
4. Деректі енгізіп отырыңыз
Деректерді енгізу негізгі екі қадамнан тұрады. Біріншісі – аи�нымалыларды
анықтау. 14.2-сызбада SPSS бағдарламасындағы аи�нымалыларды көрсететін
терезе бар. Оған атау, өлшем түрі, белгілер, мәні т.с.с. аи�нымалылар ақпаратын
енгізу қажет.
Екінші қадам – деректеріңізді дерекқорға жүи�елі түрде енгізіп отыру.
Деректеріңіз қолға түсе салысымен немесе толығымен
жинақталған соң да
енгізілуі мүмкін, алаи�да сынақ үшін ғана орнатылған бағдарламада болма-
са, басқа жағдаи�ларда ақпарат толық енгізілмеи�, дерек толық талданбаи�ды.
14.3-сызба SPSS бағдарламасындағы деректерді енгізу терезесін көрсетеді.
5. Деректі тазартып отырыңыз
Қандаи� да бір қателіктерді тауып алу үшін деректі тазарту маңызды. Дерек
жиынын реттеу үшін оны жинақтаңыз. Сандық деректі енгізгенде, әсіресе асы-
ғыс енгізсеңіз, қателесу оңаи�. Деректің қатесіз екеніне көз жеткізу үшін қаи�та-
қаи�та қарап отыру аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: