370
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Дескриптив статистика
Аты аи�тып тұрғандаи�, дескриптив статистика жиынтық деректі сипаттауға
қолданылады және аи�нымалыларды қорытындылауға негіз болады. Сандық
сипаттамаларды анықтауды және ақылға қонымды екенін көрсетуді мақсат
етеді. Нақтырақ аи�тқанда, дескриптив статистика ортақ тенденцияларды, дис-
персия мен дистрибуцияны қамтамасыз етеді. Ондаи� өлшемдер деректің түрі-
не (номинал, реттік, интервал, қатынас сандар) қараи� әртүрлі, статистикалық
бағдарламалардағы стандартты есеп.
Номинал сандар
– сандар санаттарды білдіре алатындай, кез келген жолмен белгіленетін өлшем
шкаласы. Олар кездейсоқ әрі сандық мәні жоқ болғандықтан, математикалық амалдарды орындау
мақсатында қолданылмайды. Гендер мысалында әйел адам үшін әйтеуір бір санды, айталық, 1 са
-
нын және басқа ер адам үшін 2 санын қолданар едіңіз. Осы тарауда кейінірек келтірілетін мысалда
«университет бітіргеннен кейінгі жоспар» айнымалы шамасы – номинал сан, онда 1 = қысқамерзімді
курстар/техникалық білім, 2 = университет, 3 = жұмыс, 4 = шетелге шығу, 5 = әлі шешілмеген және басқа
деп кездейсоқ сандық айнымалы мәндер ретінде белгіленген. Номинал өлшемде кодтар бір-бірінің
үстіне «мінгесіп» қалмауы керек (олар өзара бірін-бірі қайталамасын) және барлық мүмкіндіктерді
қамтығаны жөн (бәрін бірлесе ескеруі қажет). Номинал деректердің басты қызметі – зерттеушілерге
жиынтық дистрибуциясын түсіну үшін жауаптарды қиюластыруға мүмкіндік беру.
Реттік сандар
– санаттарды мағынасына орай ретке келтіретін өлшем шкаласы. Алайда айыр
-
машылық магнитудасы көрсетілмейді. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық статус төменгі, орта және
жоғарғы тап ретінде топтастырылуы мүмкін. Төменгі тап өзге екі таптан төменірек статусты білдіруі
мүмкін, бірақ айырмашылықтың көрсеткіші анықталмаған. Мысалы, ұшақпен сапар шегу (эконом класс,
бизнес класс, бірінші класс), респонденттерден өз таңдауын деңгейіне қарай реттеуін сұрау (дамыған
елдердің алдында тұрған, қоршаған ортаға байланысты басты мәселе). Респонденттер өз жауабын
(мысалы, «мен жұмысқа барғанды жақсы көремін: 1 = мүлде келіспеймін, 2 = келіспеймін, 3 = бейта
-
рап, 4 = келісемін, 5 = толы келісемін) лайкерт шкаласы сынды реттік сандармен белгілейді. Өйткені
магнитуда арасындағы нақты айырмашылық анықталмайды. Көптеген зерттеушілер, лайкерт шкаласын
интервалды шкала ретінде қолданады, себебі олар нақты статистикалық тест жүргізе алады. Бұл шағын
шкалалы зерттеуде аса қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: