441
Жазуды аяқтаудың қиындығы
Әлде олардың таңданып, ынталанғанын қалайсыз ба? Меніңше, презентация
жасағанда, ең маңыздысы – осылар. Біз әдетте оларды ұмытып кетеміз. Бірақ
мақсатыңызды аудиториямен байланыстырсаңыз, презентацияңыздың құрылы-
мы мен көрсету жолы өзгеріп қалар. Құрғақ баяндама емес, адамдарды ынта-
ландыру керегін түсінерсіз.
y
Әңгімелеу.
Жақсы презентация жасайтындар оны қалай әңгімелеу керек екенін
біледі. Олар хикаясын әңгімелеп, тыңдарманға алдын ала үміт береді, «иә, иә»
деп басын изеп отыратын сәттерін дәлдеп айтады, қалжыңдарды қолданып, се-
зімдерін қосып отырудан қорықпайды.
y
Өз қабілетін көрсету.
Бұл маңызды.
Адам адамнан шабыт алады.
Университеттегі
ең сүйікті дәрісті ең ұнамсыз дәріспен салыстырыңыз.
Бұл екеуінің арасын-
дағы айырмашылықта дәріс мазмұнының маңызды рөл атқармайтынына се-
німдімін. Сізге күш беріп, шабыттандыратын – мұғалім. Сіз үшін осы маңызды.
Презентацияңызда өз қабілетіңізді көрсете алуыңыз керек. Алайда бұл қалжың-
дай алмасаңыз да, елді күлдіруге (ешкім күлмей қоюы мүмкін!) немесе тым ұяң
болсаңыз, қатал көрінуге (тіпті қиналып кетерсіз!) тырысу керек деген сөз емес.
Керісінше, өзіңізге тән ерекше қабілетіңізді көрсетіңіз. Студенттерімнен ең жа-
қын досыңыз, жолдасыңыз немесе ата-анаңыз сіздің қай мәнезіңізді (қатал, шы-
найы, қалжыңбас,
бауырмал, дана) жоғары бағалайды деп сұраймын. Содан соң
олардан осы мінезін презентация жасауда пайдалануды сұраймын.
y
Аудио-визуалды көмектер. Олар көмекші құрал болумен ғана шектелуі керек
.
PowerPoint бағдарламасын шектен тыс қолданбауға тырысыңыз. Презентация
жасау кезінде әр 2 минутта бір слайдтан артық
қолданбауға кеңес беремін, мүм-
кіндігінше азырақ болсын. Сонымен қатар мәтіннен тұратын слайд орнына әл-
деқайда әсерлі визуал қолдануға тырысыңыз. Аудио, видео туралы да ойланып
көріңіз. Интернетті пайдалану бұрынғыдай қиын емес. Сондай-ақ презентация
жасау кезінде қозғалыста болыңыз. Өзім үнемі
қозғалмалы микрофон мен сым-
сыз тінтуірді қолданамын, осылайша презентация кезінде еркін қозғалып, тақы-
рыпты назарда ұстаймын. Бір орында тұрып қозғалмай сөйлеу қызық емес.
Өзіңізді жақсы спикерлермен салыстырып көргеніңіз жөн. «TED talks» бағ-
дарламасы сізге шабыт беруі мүмкін. 16.3-қосымшада ең жақсы спикерлердің
тізімі келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: