104
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Ұсыныстың рөлі
Әуелі, әдістің жолына түсейік, зерттеуіміз қайда жетелерін сонда байқармыз.
Эдуард Гиббон
Зерттеуге қатысты аи�тсақ, алдын ала мақұлданбаған жобаның сәтті болуы
екіталаи�. Зерттеуді мақұлдауға кеи�де дәріскердің ауызша сөзі жеткілікті, ал
кеи�де зерттеу жұмысы қабылдау комиссиясынан өткен, этика жөніндегі комитет
пен қаржыландырушы мекеменің рұқсатын алған ресми процесті қажет етеді.
Тіпті кеи�де жоғарыда аталған мекемелердің біреуінің ғана емес, міндетті түрде
бірнешеуінің рұқсатын алу керек болады.
Демек, сізге зерттеу ұсынысын әзірлеу керек. Зерттеушілердің көбі ол ұсы-
нысты ои�ды нақтылау, идеяларды жүи�елеу, зерттеу құрылымын әзірлеу жолы
деп біледі. Сондықтан болашақ іс-әрекетті жоспарлауға тырысады. Иә, зерттеу
ұсынысы осының бәрін қамтиды.
Бірақ
(бұл өте маңызды!) ұсыныс өзіңізге
арнап жазатын дүние емес. Оның коммерциялық жоба екеніне еш күмән кел-
тірмеңіз. Ұсынысыңыз – сіздің мүмкіндігіңіз, ол кеи�де тіпті жобаны сатудың,
зерттеуге кірісудің бірден-бір жолы болуы да мүмкін.
Университеттің зерттеу бағдарламасынан өтсеңіз де, этикалық рұқсат ал-
ғыңыз келсе де, грант алуға ұмтылсаңыз да, қолдау көрсететін тұлғаларды/
Оқыту мақсаты
y
Ұсыныстың рөлі
○
Ұсыныс
зерттеу сұрағының артықшылығын, ұсынылған әдістерді және зерт-
теушіні айрықша етіп көрсете алатынын түсіну
y
Ұсыныстың
элементтері
○
Зерттеу ұсынысында қамтылған негізгі элементтермен танысу
y
Ұтымды
ұсыныс жазу
○
Ұсыныстың негізгі принциптерін берік ұстану керегін түсіну
○
Мақсатты жазу дағдыларын дамыту
○
Бірнеше драфт жазу керегін түсіну
y
Кедергілер
мен қиындықтар
○
Ұсынылған зерттеу әдістері: ұсыныс талаптарына сай болмағанда;
әлі де ке-
ңінен қолданылмағанда; бағытты өзгерту керек болғанда туындайтын қиын-
дықтарды
білу және оларды еңсеру
105
Зерттеу ұсынысын әзірлеу
мекемені сендіру үшін олардың талаптарына саи� ұсыныс жазуыңыз керек.
Зерттеу мәселесінің, ұсынылған әдістердің, зерттеушінің өз артықшылығы бар.
Дәлірек аи�тқанда, комитет жобаның паи�далы екенін әрі практикалық тұрғыда
қолданысқа енгізуге болатынын бағалап қана қои�маи�, өтініш беруші ретінде
сіздің жобаны жүзеге асыру қабілетіңізді де сын тезінен өткізеді.
Ұсыныстың түрлі аспектісіне қараи�, оның салмағы да әртүрлі, ол сіз өтініш
аи�тқан комитетке, сіз сұраған рұқсат алу түріне баи�ланысты. Мысалы, докторан-
тураға түсу үшін жазған ұсыныста зерттеуші ретіндегі әлеуетіңіз аи�қын көрінуі
керек. Этика жөніндегі комитетке жазған ұсыныста әдістер мен қатысушылар
арасындағы қарым-қатынасқа баса мән бергеніңіз жөн. Ал қаржыландырушы
мекемеге тапсыратын ұсыныс хатта әдістің тәжірибелік жағына ерекше екпін
қои�ып, ықтимал нәтиженің артықшылығын баса көрсеткен абзал.
Достарыңызбен бөлісу: