155
Зерттеу жоспарын дизайндау
қарым-қатынасты талап етсе, көбінесе ресми жұмыс орны және/немесе уни-
верситеттің рұқсаты қажет. 3-тарауда этика туралы егжей-тегжейлі әңгімеледік.
Сол айтқанымызға қосарымыз, этикаға сай зерттеу білім өндірудегі адалдыққа
жауапты және респонденттердің менталды, эмоциялық және физикалық денсау-
лығының қорғалуын қамтамасыз етеді.
y
Дерек ала аласыз ба
? Зерттеушілер кезігетін үлкен қиындық – дерекке қол жет-
кізу. Құжаттарды зерттеу, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу немесе бақылау жасау-
ды жоспарласаңыз да, адамдарға, орындарға/мекемелерге кіріп, жазбаларға
қол жеткізудің жолын таба алмасаңыз, ең мінсіз жоспардың өзі пайдасыз болып
қалады. Бұл зерттеушінің реалист болу керектігін көрсетеді. Дереккөздерге қа-
лай қол жеткізетініңізді және әдістеріңіздің шынымен де жүзеге асатын-аспай-
тыны туралы ойланып алыңыз.
y
Уақыт жете ме
? Иә, жобаңыздың асқақ мақсаттарға қол созғаны жақсы, бірақ
уақытылы орындалатындай болса әлдеқайда жақсырақ. Әдіснамадағы талаптар-
дың орындалуына жеткілікті уақыт бөлмесеңіз, қатты қиналып, күйгелектеніп,
тапсырмаңызды бекітілген мерзімде орындай алмайсыз; зерттеудің орта жо-
лында әдіснамаңызды өзгертіп, жобаңызға кедергі келтіруіңіз мүмкін; бастапқы
әдіснамаңызбен немқұрайды жұмыс істеуіңіз мүмкін; жұмысыңыздың/өміріңіз-
дің басқа аспектілеріне тиесілі уақытты жұмсап, жобаны мүлде іске асыра алмай
қалуыңыз ықтимал.
y
Қаражат жеткілікті ме
? Зерттеу жүргізу арзан емес, ал студенттік ғылыми жо-
баларды университет қаржыландыра қоймайды, берсе де аз қаражат бөле-
ді. Сондықтан зерттеуіңіз үшін шынайы бюджетті қарастыру өте маңызды.
Жобаңыздың қаншалықты қымбат екенін біліп таңғалуыңыз мүмкін. Мәселен,
сауалнаманы алыңыз. 300 респонденттің дерегін жинағыңыз келді делік. Ол үшін
2 000 сауалнаманы таратуыңыз керек. Ол сауалнамаларды басып шығару, сон-
дай-ақ конверттермен жеткізу (жіберу және қайтару) құнын қосса, шығын көбе-
йеді. Екінші жағынан, шағын, бірақ тереңдетілген сұхбаттар да қымбатқа түсуі
мүмкін. Бір сағат сұхбат стенограммасы 50 беттен асады. Бір адамды жалдап,
сұхбаттың бірнешеуін қағазға түсірсеңіз, шығын шынымен көбейе түседі. Кітап,
компьютер, компьютерлік бағдарлама, жабдық, түсіндіруші, аудармашы, тренинг
және т.б. нақты қарастырылуы керек. Кез келген жоба қаншалықты лайық болса
да, шығынның орнын толтыра алмасаңыз, оны жүзеге асыру мүмкін болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: