156
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Негізгі сұрақтар
Тақырыпта аи�тылғандаи�, детальдар маңызды. Төменде келтірілген негізгі
сұрақтар бои�ынша жұмыс істеген кезде әдіснамалық жоспардың қаншалықты
дұрыс анықталғанын білесіз.
Кім?
y
Зерттеуде кім туралы сөз қозғағыңыз келеді
? Нақтырақ айтқанда, зерттеу жүргі-
зілетін негізгі жиынтық кім және зерттеу нәтижелерінің қолдану аймағы қандай?
Нәтижелеріңіз сіз сөйлескен аудиториямен ғана шектеле ме, әлде ауқымдырақ
топты қамтығыңыз келе ме? Мысалы, зерттеу нәтижелері
сұхбат алған балалар-
ға, болмаса Филадельфиядағы, АҚШ-тағы немесе Батыс әлеміндегі балаларға
қатысты болуы мүмкін. Әлде нәтижелеріңіз Кент қаласындағы белгілі бір топты,
Англияның ауылдық жерлерін немесе Ұлыбританиядағы бүкіл ауыл адамдарын
көрсете ме?
y
Кіммен сөйлесуді/кімді бақылауды жоспарладыңыз
?
Пікірін білгіңіз келе-
тін аудиторияның әрбірімен жеке сұхбаттасып шығу мүмкін бола бермейді.
«Негізгі жиынтық» туралы айтқыңыз келсе, сіз сөйлесетін топ «іріктеме» бол-
мақ. Іріктемедегі басты нәрсе – оның қызықты болуы немесе ауқымды негізгі
жиынтықты сипаттауы. 10-тарауда іріктеме мен негізгі жиынтық туралы кеңінен
әңгімелейміз.
Қайда?
y
Іріктемеңіздің физикалық аймағы қайда
? Әдістерді орындау үшін қаншалық шал-
ғайға бару керектігін анықтап алыңыз. Әртүрлі географиялық
аймақтарға сапар
шегуіңіз керек пе? Бәлкім, әртүрлі орындарға бару керек шығар?
y
Баратын орындарыңыз әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме
? Зерттеу ай-
мағыңыз әдісіңізге қалай әсер ететінін қарастырған жөн. Мысалы, құрылысшы-
лардың жұмысына көңілі толатын-толмайтынын білу үшін сұхбат жүргізгіңіз кел-
се, онда жұма күні, кешкі сауық орнындағы бейресми сұхбаттан алған мәліметтің
және жұмыс орнындағы бейресми сұхбаттан алған мәліметтерден айырмашылы-
ғы бар екенін ұмытпаңыз.
Қашан?
y
Әдістеріңіз мерзімге лайық па
? Студенттер деректерді жинау үшін қанша уақыт
кететінін жете бағаламайды, оларды талдауға, қорытынды жасауға, ақырында
есеп дайындауға өте көп уақыт жұмсайды. «Қашан» деген сауал мерзімді ұдайы
еске салып тұруы керек.
y
Берілген мерзім әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме
? «Қашан»
деген
сауалды ұмыт қалдырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сауалнама немесе сұхбат
жүргізсеңіз, онда зерттеуіңіз сенім тудыра қоймайды. Мысалы, бетпе-бет сауал-
наманы 9:00 – 17:00 аралығында жүргізсеңіз, зерттеуіңізде жұмысшыларды аз
қамтисыз. Қорытынды шыққан күні университеттегі пәндерді бағалау бойынша
зерттеу жүргізсеңіз, деректеріңіз өзгеретіні анық.
157
Зерттеу жоспарын дизайндау
Қалай?
y
Деректі қалай жинаймын
? Дерек жинау, жасақтау және/немесе қалыптасты-
ру үшін қолданылатын әдістер мен құралдар туралы шешім қабылдау керек. 12
және 13-тарауларда бақылау, сұхбат, сауалнама және құжат талдауы сияқты бір-
қатар негізгі әдістер туралы айтып өтеміз.
y
Әдістерді қалай қолданамын
? Қандай әдіс қолданатыныңызды шешкен соң, оны
пайдаланудың жолын үтір-нүктесіне дейін анықтап алыңыз. Мысалы,
сұхбатта-
рыңызды таспаға түсесіз бе, әлде қағазға жазып аласыз ба; бақылау жасау үшін
қауымдастықта бір жыл өмір сүресіз бе, әлде бірнеше рет барып-келіп тұрасыз
ба?
Не?
y
Нені іздейсіз/не жөнінде сұрайсыз
? Таңдаған әдістеріңізге байланысты анкета құ-
растыру, бақылау тізімдерін жасау және құжат талдау құрылымын әзірлеуді қамти-
ды. Мұны жалғыз жасамаңыз;
кеңес алып, көмек сұраңыз. Бұл құралдарды дұрыс
қолдану өте қиын және олармен оңтайлы жұмыс істеп, жақсы мәлімет алу үшін сы-
нақтан немесе сынамадан өту керек (12 және 13-тарауларды қараңыз).
7.1-кестеде әдіснамалық дизаи�ныңызды дамытудың өте маңызды аспектілері
«Кім, қаи�да, қашан, қалаи�, қандаи�?» деген сұрақтарды қалаи� паи�далану керегін
жан-жақты түсіндіреді. Бұл аталған элементтердің орынды екенін бағалау үшін
тараудың басында талқыланған алғышарттарды (негізгі сұраққа сәи�кес болу,
дұрыс жол табу және орындалатын зерттеуге кірісу) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: