153
Зерттеу
жоспарын дизайндау
Тіпті үи�реншікті жолыңыздан шығуға ұмтылудың маңызды екенін ескерсе-
ңіз де, эпистемологиялық құрылымыңызға қаи�шы келетін әдістермен жұмыс
істеу қиынға соғады. Позитивизмге/ғылыми әдіске қарсы жақсы ои�ластырыл-
ған және мықты сынды ұстансаңыз, дәстүрлі сандық зерттеуді қолданудың
мәні болмаи�ды. Сол сияқты статистика нақтыламаған деректерді қабылдауда
қиналсаңыз, сапалы парадигмаға көшу оңаи� емес. Сенім жүи�еңізді қаи�тадан
қарастырып, жаңа қабілеттер/қызығушылықтар дамытуға және белгілі зерттеу
рөлін иемденуге даи�ындығынызды тексеріңіз.
Қабілет пен қызығушылық
Көпшілсіз бе, әлде өз бетіңізбен жұмыс істегенді ұнатасыз ба? Танымаи�тын
адамдармен сөи�лескенде қысыласыз ба? Беи�таныс жандармен тек ресми қа-
рым-қатынас орнатқанды жөн көретін боларсыз? Қара сөзбен жұмыс істеген
ыңғаи�лы ма, әлде санды қолданғанды жөн көресіз бе? Жұмысқа эмоцияны ара-
ластырасыз ба, әлде объективті жұмыс істеген ыңғаи�лы ма? Объективті бола
аласыз ба немесе өз пікіріңізді араластырмауға тырыса аласыз ба? Статистиканы
ұнатпаи�сыз ба, бәлкім, ұнатпау деп аи�ту жеткіліксіз шығар?!
Әрине, жаңа қабілетке ие бола аласыз және бұл – өте дұрыс мақсат, бірақ
өзіңіздің иелігіңіздегі уақыт туралы ұмытпаңыз. Жаңа қабілетті игеріп кету
оңаи� емес және ол практикалық болмауы мүмкін. Қабілетіңіз бен мүдделеріңіз
туралы жақсылап ои�лаңыз. Статистиканы ұнатпасаңыз, кең ауқымды сауалнама
жасау орынсыз болар. Ал көпшілікпен тіл табысуда қиналсаңыз, жұртты жинап
сұхбат алу да оңаи�ға соқпас. Мұның бәрі зерттеуіңіздің сапасына кері әсер етпеи�
қои�маи�ды. Өзіңізге ыңғаи�лы нәрсені ғана қарастырып қои�маи�, сонымен қатар
қабілетіңіздің дерек жинауға қалаи� әсер етуі мүмкін екенін алдын ала ескеруіңіз
керек.
Есіңізде болсын, басты талап – білік.
Зерттеу рөлдері
Зерттеуші рөлінің маңызын түсіндіретін метафора аз емес. Теоре тиктен
ғалымға, хореографтан өзгеріс агентіне деи�ін зерттеушіні беи�нелеу үшін паи�-
даланылған метафоралардың ауқымы зерттеу жобаңызда қолданылатын мүм-
кіндіктердің әралуандығын көрсетеді. Төмендегі метафораларды қарастырып,
қаи�сысы сізге және сіздің зерттеу процесіңізге сәи�кес келетінін елеп-екшеңіз.
Сізге және әдіснамалық дизаи�ныңызға кеи� рөлдер қолаи�сыз немесе орынсыз
болуы мүмкін, оны да ескере отырыңыз. Сондаи�-ақ бұл рөлдердің бірін-бірі
жоққа шығаруы міндетті емес және, әрине, шығармашылық, стратегиялық тұр-
ғыда зерттеуші рөліңізді қалыптастыруыңызға ештеңе кедергі келтірмеи�тінін
де есте сақтаңыз.
154
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: