Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет151/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Әдіснамалық дизайн
– жоғарыдағының бә
-
рін қамтитын зерттеу жобасын жүргізу жоспары. 


150
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
табуға бағытталған жұмыс істеу; жетістікті және/немесе сәтсіздікті бағалау. 
Осы ерекше мақсаттардың әрқаи�сысы белгілі бір әдіснамалық тәсілдерге сәи�кес 
келетінін төменде атап өттік.
 
y
Мәселені түсіну
. Проблемалық жағдайды жақсы түсінуге бағытталған талпыныс 
қоғамдық көзқарастарға, пікірлерге және ішкі проблемалық жағдайдың түсі-
ніксіздігі мен күрделілігіне назар аудартуы мүмкін. Мысалы, жұмыс орнындағы 
стресс мәселесін алайық. «Стресс жұмыс орнында қаншалықты кең тарағанын» 
білгіңіз келуі мүмкін. Сіздің сұрағыңыз осы болса, сыртқы зерттеуді, мысалы, 
сауалнама әдісін қолдана отырып, демографиялық зерттеу жасауыңызға бо-
лады. Белгілі бір қызметкерлер тобының стресті қалай қабылдайтынын неме-
се жұмыстағы стресті қалай сезінетінін зерттегіңіз келсе, қиындықтарды тере-
ңірек саралауға мүмкіндік беретін қосымша стратегияларды қарастырарсыз. 
Мысалы, этнография немесе феноменологияны (8 және 9-тарауларды қараңыз) 
қолданасыз.
 
y
Тиісті шешімдер табу
. Қажеттіліктерді бағалау мен болашақты болжау; іс-ша-
раларды, қызметтерді, ықтимал бағдарламаларды анықтау; өзгерту бойынша 
нақты бастамалардың мүмкіндіктерін зерделеу. Мәселен, жұмыстағы стресті 
зерттеуде оны азайту үшін не істеу керегін болжап, білгіңіз келді. Ол үшін қойы-
латын арнайы сұрақтар мынадай болуы мүмкін: «Қызметкерлер үшін жұмыстағы 
стресс басты мәселе ме?», «Басқа жұмыс орнындағы мәдениет туралы қызмет-
керлердің пікірі қандай?», «Басқа жұмыс орындарында стресті жою үшін қандай 
бағдарламалар енгізілді?», «Х бағдарлама жұмыс орны үшін сәйкес келе ме/
экономикалық тұрғыда тиімді ме?». Осындай сұрақтар «алдыңғы жоспар анализі» 
деп аталады және бағалау зерттеуінде бұл тәсіл кең қолданылады. Сондықтан 
мақсат-міндеттеріңіз алдыңғы жоспар анализіне бағытталса, осы саладағы әде-
биеттерге көз салуға тура келеді (10-тарауды қараңыз).
 
y
Шешім табуға ұмтылу
. Бұл жерде зерттеу мақсаты білім өндірумен шектелмей-
ді, өзгеріс жасауды зерттеудің бір бөлігі ретінде қарастыратын жұмыстар туралы 
баяндап отырмын. Әдетте өзгерістер тәжірибені жақсарту, жүйені ауыстыру не-
месе түбегейлі өзгеріске ұмтылу мақсатында жасалады. Стресті азайтатын стра-
тегияны ойлап тауып, жүзеге асыруға және сондағы қызметкермен ортақ оқу жо-
басында әріптес болуға ұмтылдыңыз делік. Қызметкерлердің мінез-құлқындағы 
өзгерістерді, жұмыс орнындағы практиканы немесе ауқымды корпоративті мә-
дениетті зерттегіңіз келсе, осындай іс-әрекетті зерделейтін әдебиеттерді көбірек 
оқыңыз (10-тарауды қараңыз).
 
y
Өзгерісті бағалау. 
Мақсатымыз – өзгеріс бастамасы/бағдарламасы өз жемісін 
берді ме деген сұраққа жауап беру. Бағалаудағы мүддеңіз мысалы, «Х бағдар-
ламасы өз мақсатына жетті ме?» деген нәтижелерге байланысты қалыптасады. 
Бірақ, сонымен қатар «Х бағдарлама қаншалықты жақсы орындалды?» деген 
сауал да маңызды. Стресті азайтудың су жаңа бағдарламасын бағалағыңыз кел-
се, «Бағдарлама стресті азайтты ма?» деп сұрайсыз. Бұл сұрақ сізді «нәтиже» мен 
«қорытындыны» бағалауға қатысты әдебиетке жетелейді. «Бұл бағдарламаны қол-
данудағы артықшылықтар, кемшіліктер, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер қандай?» 
деген сұрақты қойсаңыз, онда бағалау немесе бағалауды қалыптастыру процесі 
бойынша әдебиеттерді барлауға тура келеді (10-тарауды қараңыз).


151
Зерттеу жоспарын дизайндау
7.5-сызба мақсат, сұрақ және әдіснама арасындағы баи�ланыстардың логи-
касын түсіндіруге тырысады. Түпкілікті не толыққанды болмаса да, сізді әрі 
қараи� барлауға қызықтыратын мәселелерге апарады. Бірақ сауалыңызға толық 
жауап беруге көмектесетін аралас тәсілді қолдануда таңдау еркіңіздің бар екенін 
ұмытпаңыз (9-тарауды қараңыз).
Әдіс деңгейінде жұмыс істеу
Әдіснамалық тәсілдеріңіз мақсатыңызға саи� келсе, дерек жинауға және тал-
дауға қатысты ең ұтымды әдіс туралы ои�ланғаныңыз жөн.
Сұраққа баи�ланысты әдістерге қатысты шешім қабылдаи�сыз. Дұрыс құрыл-
ған сұрақ сізді кіммен сөи�лесуге, қандаи� сұрақ қоюға жетелеи�тінін және дерек 
жинаудың қандаи� әдістері мен құралдарын паи�даланатынын көрсетуі керек. 
Мәселен, жасөспірім қыздардың өзін-өзі тануын зерттегіңіз келеді делік. Екі 
жолдың бірін таңдаи� аласыз: зерттеу жобасын бірден құрып, артынша сұхбат 
алуды ои�лауыңыз мүмкін; немесе әуелі не білгіңіз келетінін анықтап, керек 
әдебиеттерді қарап, мәселені барынша нақтылап, әдістерге көшпес бұрын сұ-
рақтар құрастыруыңыз қажет.
Ең алдымен, тәжірибеге сүи�еніп жұмыс істеи�тін, яғни сұрақты емес, тақырыпты 
маңызды санаи�тын студенттер зерттеуде көп қиналады. Көбінесе шатасып кетеді. 
Зерттеу бастан-аяқ жасалса да, көп нәрсенің қиюы келіспеи� қояды. Ақыр аяғында, 
олар қолда бар деректі қалаи� паи�далану керегін де білмеи� дал болады. Қолда бар 
дерекке қарап сұрақ құрастыру оңаи� емес және оның сәтті шығуы екіталаи�.
Екінші жағынан, негізгі сұрағыңызды «Ата-ана қыздарына құндылықтар 
сыртқы сұлулыққа тәуелді деп үи�рете ме?» деген нақты сауалға деи�ін тарылт-
тыңыз делік. Нені анықтағыңыз келетінін білгендіктен, әдістерді таңдау – оңаи� 
логикалық қадам. Мысалы, ата-аналардың, балалардың, кеңесшілердің көзқара-
сын қарастыруды қалаи�тыныңызды не қаламаи�тыныңызды шешіп қои�дыңыз. 
Бұл дерек жинауда негізгі жиынтық пен іріктемеге негіз болады (10-тарауға 
қараңыз).
Содан кеи�ін зерттеуіңіздің ауқымын қарастырыңыз, әрқилы 
әлеуметтік-экономикалық және мәдени топтарды салыстыра отырып, үлкен 
сауалнама жасағыңыз келетін шығар; әлде белгілі бір топпен фокус-топ немесе 
сұхбат жүргізу арқылы сипаттамаларды баи�ыта түсуді ои�лаи�сыз ба (11-тарауды 
қараңыз)? Сонымен қатар ата-ана мен қызының тікелеи� қарым-қатынасына 
куә болатын бақылау сияқты баи�қалмаи�тын өлшемдерді де қарастыра аласыз 
(12-тарауды қараңыз). Жоғарыда аталғандардың бірнешеуін қатар қолданатын 
боларсыз. 
Қандаи� жағдаи�да да әдіснамаңызға баи�ланысты күткен нәтижелермен таныс 
болу, сондаи�-ақ сұрағыңыздың аи�қындығы мен дәлдігі логика мен тәжірибенің 
негізінде бақыланатын және қарастырылатын түрлі әдістерге жетелеи�ді. 


152
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет