146
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сұрақтан жауапқа көшу
Әдістер мен құралдарды түпкі мақсаттан бөліп қарауға болмайды.
Эмма Голдман
Әдіснамалық дизаи�н мәселесі бастапқыда түсінікті сияқты көрінуі мүмкін.
Бірақ сіздің мақсатыңыз – зерттеу сұрағына жауап беру немесе гипотезаңызды
сынақтан өткізетін жоспар жасау. Бұл әдіснамалық дизаи�н анық құрастырылған
зерттеу сұрағын немесе шебер құрастырылған гипотезаны талап етеді. Бұл –
анық тұжырым. Анық құрастырылған сұрақ зерттеуіңізді аи�қындаи�тынын,
шекараны анықтаи�тынын, бағдар көрсететінін және жұмысыңызды бағалауда
темірқазық болатынын 3-тарауда аи�тып өттік. Осылаи�ша сұрағыңыз әдісіңізді
аи�қындаи�тын жоспарға аи�налады. Сондықтан әдіснамалық дизаи�ндауға сақадаи�
саи�мын деп ои�ласаңыз, бірақ жобаңыздың сұрағын әлі де даи�ындау процесінде
жүрсеңіз, онда сұрақты тездетіп әзірлегеніңіз жөн. Қаи�да барғыңыз келетінін
білмесеңіз, зерттеу саяхатындағы жолыңызды да таба алмаи�сыз.
Оқыту мақсаты
y
Сұрақтан жауапқа көшу
○
Зерттеу сұрағыңызға жауап беретін әдіснамалық
дизайнның қажеттілігін
түсіну; мүмкіндігіңіз бен қызығушылығыңыздың шегінен шықпау;
икемді әрі
қолайлы ету
○
Дерек жинаудың тиісті әдістерін және сәйкес әдіснаманы анықтаудың қа-
жеттігін түсіну
y
Зерттеуші үшін
дұрыс жол таңдау
○
Зерттеу дизайнын жеке қызығушылықтарыңыз және дағдыларыңыз арқы-
лы үйлестіре білу
○
Зерттеушінің әртүрлі рөлін анықтау
y
Прагматика: жүзеге
асыру
○
Әдіснама жоспарының тиімділігін бағалай алу
y
Детальдар
маңызды
○
Дизайн туралы «кім, қайда, қашан, қалай, не» деген негізгі сұрақтарды
пысықтау
○
Қолданысқа енді еніп жатқан және икемді әдіснамалық дизайнның қиын-
дықтарын түсіну
147
Зерттеу
жоспарын дизайндау
Жол табу
Ал енді жол табу туралы азды-кем сөи�лесеи�ік. Жобаңыздың зерттеу сұрағын
анықтадыңыз делік. Келесі қадам – жауап алудың ең жақсы жолын табу; нақ-
тырақ аи�тқанда, әдіснамалық дизаи�нның элементтерін анықтау. 7.1-сызбада
сұрақтардан жауаптарға өтудің жалпы тұжырымдамасын бердік. Сызба С-дан
(сұрақтан) Ж-ға (жауапқа) жеткізетін ең жақсы әдіснамалық дизаи�нды көрсе-
теді. Ол дұрыс немесе ең жақсы жоба болуы мүмкін.
7.2-сызба əдіснамалық мүмкіндіктердің балама жолын ұсынады. Мұнда сұрақ-
тардан жауаптарға өтудің бірнеше жолы болуы мүмкін екенін білеміз. Мұндаи�
жол бірнеше және әртүрлі. Бірақ олардың барлығы сенімді жауаптар алу үшін
деректерді жинауға мүмкіндік береді. Мұнда өзекті сұраққа, зерттеушіге және
контекске саи� келетін әдіснамалық жолды табу қиындық тудыруы мүмкін.
Q
A
Достарыңызбен бөлісу: