Бағдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014



бет22/40
Дата05.02.2022
өлшемі421,42 Kb.
#7487
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби даму. Әдеби сындағы қайшылықтар. Тартыс. Тұрпайы социологизм сыны. Абай мұрасына және халықтық мұраға көзқарас. Әдеби жанрлардың дамуы. Б.Майлин шығармашылығы. Алғашқы өлеңдерінен көрінетін әлеуметтік өмір шындығы. Әңгімелері. Хикаяттары. Пьесалары. Б.Майлин – шағын әңгіме шебері. С.Сейфуллин шығармашылығы. Азаттық жолындағы күресті арқау еткен өлеңдері. Поэмалары. «Аққудың айрылысуы» поэмасындағы романтикалық сарын. «Көкшетау» поэмасы. Көркемдігі мен тілі. Прозасы. Пьесалары. І.Жансүгіров шығармашылығы. Ілияс – эпик ақын. «Құлагер», «Күй», «Күйші» поэмаларындағы өнер және өнер адамының тағдыры. «Гималай», т.б. өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат лирикасы. Азаматтық лирикасы. М.Әуезов, С.Мұқановтың алғашқы шығармалары. Драматургияның дамуы.


ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет. Соғыс шындығының әдебиетте бейнеленуі. Прозадағы, поэзиядағы соғыс тақырыбы. Ерлік, Отан қорғау идеясы. Соғыс жылдары жазылған шығармалар. Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин, т.б. майдангер ақын-жазушылар шығармашылығы.
М.Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы. Абай тұлғасы. Тарихи және замана шындығын бейнелеудегі суреткерлік шеберлік. Әуезов прозасындағы көркемдік жетістіктер. Пьесалары. «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», т.б. Әдебиеттану саласындағы еңбектері. С.Мұқанов шығармашылығы. Романдары. «Адасқандар» романының тақырыбы мен идеясы. Әңгіме-повестері. Поэмалары. Әдебиет туралы еңбектері. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы. Көркемдік ізденістер. Алғашқы әңгімелері. Кейінгі прозасы. «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі. «Жапон балладалары» циклі. Ана тақырыбындағы туындылары. Пьесалары. Ғ.Мұстафин шығармашылығы. «Қарағанды» романының тақырыбы, кейіпкерлер жүйесі. «Миллионер». «Көз көрген».
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі жаңа леп. Жанрлық даму. Прозаның дамуы. Поэзияның дамуы. Драматургияның дамуы. Прозадағы бағыттар. Тарихи романдардың жазылуы. Көп кітапты романдар. І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдік, т.б. шығармашылық өкілдерінің еңбектері. Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері. Әдебиеттану ғылымының дамуы. Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері. Поэзиядағы жаңалықтар. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.
Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму. Әдебиеттегі тың ізденістер мен жаңа көзқарастар. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерін зерттеу. Әдеби жанрлардың дамуы. Мемуарлық романдар. Поэмалар. Әңгіме-повестер. Лирика. Тақырыптық, көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен жетістіктер.

Каталог: images -> wksu -> novaya
novaya -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
wksu -> «Бухгалтерлік есеп»
wksu -> «Есеп және қаржы» кафедрасы 3 кредит Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
wksu -> Лектор: аға оқытушы Алтыбаева Шынар Мендигалиевна «Қаржы» мамандығының студенттері үшін
wksu -> «Қаржылық есеп 2»
wksu -> «Қаржылық есеп 1»
wksu -> Қехс бойынша бухгалтерлік есеп
novaya -> Бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми-педагогикалық және бейіндік)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет