Қаржы-экономикалық есептер әдіснамасы мен тәжірибесіне, жобалық талдау құралдарын зерттеуге, тиімді инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне, салыстыру әдіснамасына және шығындардың тиімділігін талдауға нарықтық экономика жағдайында баса назар аударылады.
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал.
Пән туралы мәлімет
Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты - студенттерді, ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша инвестициялық түсініктер мен талдау әдіснамасын қолдану арқылы, жобалық талдау құралдарын зерттеуге, тиімді инвестициялық шешімдер қабылдау процесін, салыстыру әдіснамасын және шығындардың тиімділігін талдауды зерттеуге үйрету.
1) Инвестициялық жобаларды талдаудың жалпы негіздерін, категориялары мен түсініктерін меңгеру.
2) Студентерде ұзақ мерзімді қаржылық және инвестициялық шешімдер негізінде жатқан есептеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру.
3) Студенттерді қаржылық экономикалық есептердің әдіснамасымен және тәжірибесімен таныстыру.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады.
«Жобаны талдау» пәні бойынша семинарлық (практикалық) сабақ кезінде студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді. Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар: таңдалынып алынған тақырып бойынша теориялық мәлііметтерді баяндау, студенттердің ұсыныстары мен нұсқауларын, пікірлері мен көзқарастарын дәйектеу, баяндаудың қысқа және нақты болуы. Өзекті мәселелер бойынша баяндама дамытылып, толықтырылып және ғылыми конференцияға ұсынылады.
Семинарлық сабақтар дискуссиондық сипатта жүргізіледі: қандай да бір мәселелер бойынша түрлі альтернативті көзқарастар қарастырылып, қосымша хабарламалар ұсынылады, кроссвордтар құрастырылып, шешіледі. Студенттердің тобындағы шығармашылық атмосфера оқытушыға әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, электрондық оқулықтарда берілген тесттер, есептер шешу, жеке семестрлік тапсырмаларды және оларды қорғау арқылы үй тапсырмаларын орындауды тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Әдебиеттер тізімі :
Инвестициялық жобалау. Н.Ш. Әлжанова., Алматы, Заң әдебиеті., 2007
Инвестиции. Е.Р: Орлова., М., Омега-Л., 2003
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. К.Ш. Дүйсенбаев., Алматы., Экономика., 2001.