Құрметті білім алушы!
Сіздің назарыңызға лекция тезисі, үй тапсырмалар тізімі мен негізгі және қосымша білім беру ресурстарының қорлары ұсынылады.
Назарға алыңыз.
Тақырыбы: Н.А.Зайцев әдістемесі
Жоспары:
1. Н.А.Зайцев әдістемесі туралы.
2. Технологияның классификациясы.
3. Технологияның негізгі мақсаттары
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлері қолданылады. Зайцевтың технологиясы балабақшада қолдануға тиімді технологиялардың бірі. Негізін қалаған: Николай Александрович Зайцев. Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.
«Білім беру жүйесіндегі стандарттан тыс технология» деген орталықтың негізін салушысы және басқарушысы. Ол ұлы педагог-новатор, «Зайцев кубиктері» атты еңбектің авторы.
Оның барлық еңбектері, әсіресе ең әйгілісі «Зайцев кубиктері» еңбегінде мектеп жасына дейінгі баланың дамуына, яғни денсаулығына, жақсы көңілде болуына бағытталған. Барлық материалдары ойын түрінде ұсынылғаны соншалықты, балалар үлкен қызығушылықпен бұл кубиктермен топ болып та және жеке болып та ойнайды. "ЗайцевКубиктері " - балалардың кіші жасынан бастап оқып үйренуге мүмкіндік береді. Комплект құрамына кубиктердің картон бөліктері, оны толыктырып отыратын басқада бөліктері, сабаққа арналған әдістемелік құралдары, буындарды әндете айтылатын аудио жазбалар. "Зайцев кубиктерінің" тиімділігін әрбір елдің педагогтарымен бірлесе отырып тексерілген.
Зайцев бойынша оқыту- ойын арқылы оқыту деген. Еркіндік - сабақтың негізгі ережесі. Зайцев орталығындағы сабақта балалар секіріп, шулап, көп қозғалыс жасап жүре беруіне болады. Балалар көп қозғалады: таблицадан кубикке көшеді, кубиктен тақтаға қарай, шапалақтайды, аяқтарын топылдатады. Мұның барлығын жан дүниесімен жасайды. Бірақ жәй демалу үшін жасалатын сергіту сәті емес. Н.Зайцевтің айтуы бойынша, кез-келген ойынның негізі ізденіс пен өзіндік қалауды құрайды.
Таблицаны бүктеу мен Зайцев кубиктерімен жұмыс жасау барысында, балалар үнемі ізденісте болады. "Ойнау арқылы", балалар оқуды, сөзді буынға бөлуді, екпін қоюды, сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөйлем құрауды, санауды, жазуды үйренеді.
Зайцев әдістемесі сезім мүшелері оның ішінде сезінуді, тыңдай білу, ести білуді, көруді дамытады.
Николай Александрович Зайцев - педагог-новатор, шығармашыл-педагог, академик. Ерте жастағы балаларды сауат ашуға үйретудегі жоғары нәтиже көрсететін технологияның авторы. Оның 30 жылғы еңбегінің жүйелі методикалық әдістері «адам» туралы ғылымдардың И.М. Сеченова, И.П. Павлова, А.А. Ухтомского, В.М. Бехтереваның зерттеу орталықтарында кеңінен қолданылған.
Н.Зайцев технологиясының ерекшелігі, оның оқыту үрдісін балалардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты, белсенді баланың миының танымдық белсенділігін арттыру болып табылады. Автордың ойы бойынша баланың абстракциялық, логикалық миының дамымауы, оның тактильді көру, есту, сезіну және интуициясымен реттеледі.
Технологияның классификациясы: Қолдану саласы: жекелік, заттық; негізгі даму факторы бойынша: социогендік; игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциялық-рефлекторлы; мазмұны бойынша: оқыту, жалпы білім беру, монотехнология; басқару типі бойынша: кіші топтар, дифференциация, репетитор; ұйымдастыру: сабақ, топ, жекелік; балаға деген қатынасы: сабақтастық педагогикасы; негізгі әдістері: ойын, түсіндіру, көрсету
Технологияның негізгі мақсаттары: мектепке дейінгі 5 жастағы баланы санауға, оқуға үйрету; балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; фонемалық принципты қолданбау,бүктеу арқылы оқыту; балаларды олең айту арқылы оқыту; балаларды оқу арқылы жазуға үйрету; балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану - дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік; көрнекіліктерді кеңінен пайдалану, баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Мазмұнының ерекшеліктері: «Зайцев кубиктер» ойын- құралы 54 картоннан тұрады; картондар буктемелер арқылы кубикке жиналады, оған қосымша 3 қағаз таблицасымен (2 оқуға,1 математикадан), әдістемелік нұскаулықпен қамтылған.
Кубиктердің ерекшеліктері: 12 түстер бойынша; көлемі бойынша; дыбыстық орындалуы; салмақ бойынша; вибрациялық толқу; аудио жазбалар; дидактикалық безендіруі үнемі ауыстырылып отыруы.
Әдістеменің тақырыптардың жүйесі.
1. Сенің есімің
2. Сенің жақындарың
3. Таңдау бойынша сөздер
4. Қалай тамақтануды ұнатасың?
5. Түскі ас (түстену)
6. Дүкен
7. Зоопарк
8. Поезд
9. Сөздердің мазмұнын кеңейту, күрделендіру
10. Сөйлеммен таныстыру
Орындаудың үздіксіздігі
1. Мұғалімнің көрсетуі
2. Мұғалімнің қолының іс-әрекеті арқылы орындауы
3. Бала өз бетінше орындайды
4. Суреттер бойынша сөз-жұмбақ, ойындарды қолдану
5. Командалық, топтық ойын
Ұсыныстар:
Әдістеменің қағидасы: балаға «Мен сендерді оқуға үйретемін» -деп жарияламауы. Олар өздері оқиды. Балаларға көмек көрсетуде аса белсенділік танытпауы.
Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие» журналы № 1,2014 жыл
3. Андабекова С. «Мектепке дейінгі педагогика»
4. А.Усова“Обучение в детском саду” М.Просвщение. 1981.
5. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана 2008 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |