Бағдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2016



бет5/27
Дата05.02.2022
өлшемі294,25 Kb.
#2118
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Өмірбаяны. Махамбет мұрасының жиналуы, зерттелуі. Махамбет өлеңдеріндегі күрескерлік сарын, ерлік рух. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) шығармашылығы. Алмажан Азаматқызы (ХІХғ) шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.


Бұл дәуірдегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар, патшалық отарлау саясаты, хандық биліктің жойылуы, әкімшілік жүйедегі өзгерістер, ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер әдебиеттің идеялық та, эстетикалық та мазмұнына үлкен ықпалын тигізуі. Соның нәтижесінде бірқатар ағымдар мен бағыттардың қалыптасуы. Зар заман әдебиеті, ақындар айтысы, сал-серілер поэзиясы, реалистік жазба әдебиет, романтикалық сарындағы әдебиет, шығыстық үлгідегі шығармалар – қарастырылып отырған кезеңге тән құбылыстар. Идеялық-көркемдік жаңалықтармен қатар, тың жанрлардың қалыптасып дамуы. Сонымен қатар осы ғасыр шегінде қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланыстарының өрісті бола бастауы.
ХХ ғасырдың басындағы әдебиет. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі алашшыл идея. Ағымдар мен бағыттар. Алғашқы көркем проза үлгілері. Әдеби жанрлардың дамуы.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Қоғамдық-әлеуметтік жағдай. Өндіріс орындарының ашылуы. 1904 жылғы орыс-жапон соғысы, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс. 1914-1918 ж. бірінші империалистік соғыс. 1916 ж. патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 ж. ақпан және қазан төңкерісі. Аталмыш оқиғалардың әдебиетке тигізген ықпалы. 1900-1917 жылдар аралығындағы әдеби көркем шығармалар мен ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыру, олардың әлеуметтік, көркемдік, жаңашылдық негізін таныту.
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының басты көзқарасына айналуы. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы.
ХХ ғ. басындағы қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы.

Каталог: images -> M images -> 2016 -> raspisaniya2016 -> 2016
2016 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2016
2016 -> Жаратылыстану-география факультетінің деканы
2016 -> Жаратылыстану-география факультетінің деканы
2016 -> 1. Классикалық механикадағы кеңістік, уақыт және қозғалыс
M images -> 6М050600 экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан
2016 -> 1. Тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы
2016 -> Жаратылыстану-география факультетінің деканы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет