Жаратылыстану-география факультетінің деканы



бет1/3
Дата27.11.2016
өлшемі455,39 Kb.
#2632
  1   2   3
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін

Жаратылыстану-география факультетінің деканы

__________Г.Н. Сулейменова

«___»__________ 2016 ж.

Жарытылыстану-география факультеті

Биология және экология кафедрасы



6м011300-«БИология» мамандығы бойынша «биология» пәнінен магистратураға қабылдау емтиханЫНЫҢ бағдарламасы

Орал, 2016 ж.

Бағдарламаны құрастырғандар: б.ғ.д., профессор Дарбаева Т.Е., б.ғ.к., доцент Ергалиев А.С., б.ғ.к., доцент Бимагамбетова Г.А., б.ғ.к., доцент Байдулова Л.А.,., аға оқытушы, магистр Бисенгазиева А.С.

6М011300–«Биология» мамандығы бойынша «Биология» пәнінен магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы биология және экология кафедрасының отырысында қарастырылып талқыланды.


«_____»_________________20___ ж., хаттама №_________

Кафедра меңгерушісі Бимагамбетова Г.А


Жаратылыстану-географиялық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі отырысында қарастырылды.


«_____»_________________20___ ж., хаттама №_________

ОӘК төрағасы Айманова Е.Е.



Түсіндірме жазба
6М011300 - Биология мамандығы бойынша магистранттар даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік даярлау;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

6М011300 - Биология мамандығы бойынша білім берудің жалпыұлттық мақсаты: биологиялық және экологиялық технологиядағы жаңа салада жоғары білімді маман даярлау, технократизация және жаһандану дәуірінде білім алушылардың әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

«Биология» пәнінен 0абылдау емтихан бағдарламасы білім беру бағдарламаларының мазмұнына және магистранттарды дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

«Биология» пәнінен аралас емтихан келесідей пәндерден: эволюциялық ілім, генетика, адам және жануарлар физиологиясы, өсімдіктер физиологиясы, ағзалар алуатүрлілігі биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша ауызша тапсыруды көздейді.

6М011300-Биология мамандығы бойынша оқыту нәтижелеріне және білім деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқыту нәтижелері құзыреттер арқылы көрсетіледі және оқытудың 1деңгейі Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.

Бірінші деңгей дескрипторлары мынадай қабілеттіліктерді:

-осы саладағы неғұрлым алдыңғы қатарлы элементтерді қоса алғандағы оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсетуді;

-Аталмыш білімдері мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдануды;

-дәйекті тұжырымдау және оқыған саласындағы мәселелерді шешуді;

-әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және баға беруді;

-мамандарға, сондай-ақ маман еместерге мәселелер мен шешімдерді, идеялар мен ақпараттарды жеткізуді қарастырады.



Жалпы білімділікке қойылатын талаптар.

Бітіруші:

-ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

-Биологиялық білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алуы;

-мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттерді меңгеруі, коммуниканттардың әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орната білуі;

-күнделікті кәсіби қызметке және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдыларын меңгеруі тиіс.



Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар.

Бітірушінің:

- этикалық және рухани құндылықтар туралы, әлеуметтік тәртіпті реттеудің негізгі заңдылықтары және түрлері туралы, биліктің және саяси өмірдің мәні, саяси қатынастар мен процесьтер туралы, қоғам өміріндегі саяси жүйелердің және әр түрлі әлеуметтік топтардың рөлі туралы; адамдардың тәртібіндегі, қарым-қатынасындағы және қызметіндегі сана-сезімнің рөлі, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы түсінігі болуы;

- өркениеттің дамуындағы ғылымның рөлін, ғылым мен техниканың ара қатынасын, психиканың негізгі механизмдерін, жеке тұлғаның қалыптьасуындағы табиғи және жасанды факторлардың ара қатынасын, адамзаттың тіршілік әрекетіндегі мәдениеттің рөлін түсінуі;

-қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі және оларды өзінің кәсіптік қызметінде бағдар ретінде алуы, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін, адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйесінің негіздерін, қоғамның әлеуметтік даму бағыттарын, адамның салауатты өмір салтының принциптерін білуі;

- түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағыт ұстана білу, тарихи құндылықтарға қатысты мәселелер бойынша өз позициясын білдіру және негіздеу, келісімге келу, өз пікірін ұжымның пікіпрімен байланыстыра білу біліктерінің болуы;

- этикалық және құқықтық тәртіп нормаларын, психофизикалық қабілеттері мен қасиеттерді иеленуді, дамытуды, жетілдіруді және белсенділендіруді, денсаулықты сақтауды және нығайтуды, командада жұмыс істеу қабілетін, өз көзқарасын дұрыс білдіруін, жаңа шешімдер ұсынуды қамтамасыз ететін практикалық білімдер мен дағдыларды меңгеруі;

- әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениетіне толерантты болуы;

- кәсіби және тұлғалық тұрғыданөсуге ұмтылуы тиіс.

Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар.

Бітірушінің:

-экономикалық білім негіздерін меңгеруі және менеджмент, маркетинг, қаржы т.б. жөнінде ғылыми түсініктері болуы;

-Қойылған міндеттерді шешудің әдістерін таңдауда өз көзқарастарын дәлелдеу және жеткізе білуі;

-ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;

-экономиканы мемлекеттік жүйелеудің мақсаты мен әдістерін түсінуі және оны талдай білуі тиіс.



Кәсіби құзыреттеріне қойылатын талаптар.

Бітіруші кәсіби құзыреттер шеңберінде:



Білімдік қызмет саласында:

-биологияның қазіргі жағдайы, басқа білім салаларымен байланысты, биологияны оқытудың әдістемелік негізі мен оның болашақтағы дамуы туралы түсінігінің болуы; болашақ кәсібінің мәні мен әлеуметтік маңызын түсінуі;

-педагогика, психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін білуі;

-педагогикалық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануы;



Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

-оқу-тәрбие процесін бақылау, бақлап отырған фактілер мен құбылыстарды талдау және олардың себеп-салдар байланыстарын анықтау, олардың дамуын болжауы;

-сынып ұжымының ерекшеліктерін, оқушылардың мүдделерін, олардың оқып отырған пәнге қатынасын талдауы?

-оқу материалын, оқыту құралдарын талдау, күтілетін нәтижелерді болжауы;

-өзінің кәсіби әрекетін, оқушылардың оқу әрекетін талдауы;

-барлық бақыланып және талданып отырған құбылыстарды белгілі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан түсіндіруі;

-процесс нәтижелерін анықтайтын негізгі факторларды бөліп көрсетуі;

-қол жеткен жіне тиісті нәтижелерді салыстыру, оның белгілі тұжырымдамалық негізде даму перспективасын болжауы;

-ғылыми ақпаратты іріктеу және сын елегінен өткізе отырып пайдалануы;

-жалпығылыми таным әдістерін меңгеруі (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, аналогия, ғылыми болжам, модельдеу және т.б.);

-күрделі емес әдістемелік экспериментті жоспарлау және өткізуі;

-зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін өзінің кәсіби-педагогикалық әрекетіне енгізуі;

-эксперименттік-зерттеу жұмысының позитивті нәтижелерін баяндама, хабарлама, ғылыми мақала, әдістемелік құрал түрінде әдеби рәсімдеу және насихаттауы.

Ұйымдастырушылық-басқару қызметі саласында:

-оқыту әрекетін жоспарлаубарысында биологияны меңгерудің объективтік заңдылықтарын ескеруі;

-сабақтың нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау, оқушылардың ортақ әрекетінің бағдарламасын белгілеуі;

-нақты сабақтың мақсаты мен түріне сәйкес оқу материалын жоспарлауы;

-өзінің кәсіби әрекетін биология пәнінің мазмұны мен оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлауы;

-өз әрекетін және оқушылар әрекетін сабақтың (сабақтар топтамасының) белгіленген жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуы;

-өткізілген және қатысқан сабақ нәтижелерін талдауы;

-бақылаудың әдістемелік (диагностикалық, түзетушілік, оқытушылық, бақылаушылық) мақсатын анықтауы;

-бақылау нысанын бөліп көрсету, олардың сол сыныпқа арналған бағдарлама деңгейіне сәйкестігін орнатуы;

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

-әлеуметтік өзара қарым-қатынаста қалыптасып өмір сүру қабілеттілігі: өзгерту және бейімделу, тиімді және жауапты пікірталаста басқалармен бітімгершілікке келу, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілігінің болуы;



Оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

-сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүйелік, кешендік және сабақтастық принципін ескере отырып жоспарлануы;

-нақты тәрбиелік міндеттерді конструктивті шешудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруі;

-өз пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың оңтайлы формалары мен әдістерін талдау және қолдануы;

-оқушылар ұжымымен, сол сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен педагогикалық өзара байланыс орната білуі;

Оқу-технологиялық қызмет саласында:

-ақпараттық көздерді (мультимедиялық оқыту бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды, ТВ-технологияларды, интернеттік жүйелер) пайдалануы;

-жұмыста кезедесетін келеңсіз жағдайларды талдауы (келеңсіз жағдайларды шешу әдісін меңгеру);

-кәсіби қызметке қатысты тапсырмаларды әзірлеу әдісін меңгеру: (кейс технологияларын пайдалану немесе кәсіби мәнді кейс-жағдаяттарды талдау);

-топтық пікірталас негізінде топтық шешім қабылдау, шығармашылық (проблемалық) міндеттерді шешу, жобалауы (ізденіс жобасы, талдамалы, шығармашылық жобалар) тиіс.

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ
Кіріспе. Эволюциялық идеялардың даму тарихы.

Эволюциялық ілім саласының биологиялық ғылымдары жүйесінде ілімінің алатын орны және оның философиясымен байланыстылығы. Эволюцияның негізгі проблемалары.

Антик дәуірінің философтарының /Гераклит, Эмпедокл, Аристотель, Лукреций, Демокрит, т.б./ еңбектеріндегі эволюциялық идеялар. Орта ғасырлар дәуірінде Европада ғылымның тоқырауы. Орта ғасырларда түркістанда мәдениет пен ғылымның дамуы. Қайта өрлеу дәуірінде Түркістанда, еуропада ғылымның даму дәрежесі эволюциялық идеялардың қалыптасып даму үшін қажетті материалдардың жинақталуы. Тірі табиғаттың тұтастығы мен дамуы жайлы көзқарастарды қалыптастыруда Д. Рей, К. Линней, Ж.Л. Бюффон,, К. Вольф, М.В. Ломоносов т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы.

Ж.Б. Ламарктың эволюциялық концепциясы.

Ж.Б. Ламарктың дүниеге көзқарастарының философиялық негізі. Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы. Эволюция себептерін баяндау. Градация принципі, сыртқы орта факторларының әсері, тікелей, бірден бейімделу заңдары, мүшелердің жаттығуы, жаттықпауы, жүре пайда болған белгіердің пайда болуы.



Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар.

а/ ХІХ ғасырдың І-ші жартысында Англияда жүзеге асқан қоғамдық экономикалық өзгерістер.

ә/ ХІХ ғасырдың І жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дәрежесі /систематика, салыстырмалы анатомия, эмбриология/.

б/ ХІХ ғасырдың І жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі.



Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.

Ч.дарвиннің өмірбаяны және еңбектері. «Түрлердің тегі» еңбегіндегі негізгі қағидалар. Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары. Айқын және айқын емес, ара қатынастық және компенсациялық өзгергіштіктер. Үй жануарлары тұқымдары мен мәдени өсімдіктер сорттарының шығу тегін талдау. Доместикация ілімі.Монофилия және полифилия приницптері. Қолдан сұрыптау ілімі. «Санасыз» және методикалық сұрыптау.

Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелде. Табиғи түрлер эволюциясына әсер ететін негізгі факторлар. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу ілімдеері. Тіршілік үшін күрестің алғы шарттары және формалары.

Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы.

Эволюцялық палеонтологияның дамуы және морфологияның қалыптасуы. Биогенетикалық заң. Үштік параллельдік принципі. Филогенетикалық шежірені құру.

Экологиялық зерттеулер. Пассивті қорғану бейімділіктерін эволюциялық көзқарас тұрғысынан зерттеу, морфологиялық адаптацияларды тәжірибе арқылы зерттеу, экологиялық-физиологиялық бағыт. Эксперименттік физиологияның қалыптасуы. Эволюциялық биологиядағы үш ағым (классикалық-дарвинизм, ламарктік-дарвиндік, неодарвиндік).

Дарвин теориясын мойындамау немесе эволюция ілімінің тоқырауы. Тоқырау себептері. Д.Д.Мейварт, Ф.Дженкинс, С.И.Корженский, Г.Дефрис, У.Бетсон, В.Иогансен т.б. зерттеу жұмыстары. Генетикалық антидарвинизмнің негізгі бағыттары (мутациялық, будандық, предадаптациялық) және оларды талдау. Антидарвиндік бағыт – Неоламаркизмнің қалыптасуы.

Синтезделу дәуірі. Эволюция ілімінің генетикамен, экологиямен синтезделуінің алғашқы қадамдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы. Эволюция процесінің генетикалық негіздерін зерттеу. С.С.Четвериковтің зерттеу жұмыстары. Популяциялық генетиканың қалыптауы. Популяциядағы өзгергіштіктің қорын анықтау. Табиғи сұрыпталудың генетикалық теориясын құруда Р.Фишердің, С.Райттың, Д.В.Холдейннің зерттеу жұмыстары. Жаңа систематиканың және политипті түр концепциясының қалыптасуы (Н.И.Вавилов, Дж.Хаксли).

Эволюцияның синтетикалық теориясы даму барысындағы жетістіктер. Популяцияның генетикалық-эволюциялық сипаттамасы. Популяцияның экологиялық сипаттамасы.



Органикалық эволюция объективті процесс. Эволюцияны зерттеу әдістері.

Тіршілік – материя қозғалысының ерекше формасы. Тіршіліктің мәні туралы жалпы ұғымның дамуы. Тіршіліктің негізгі қасиеттері. Жер бетіндегі тіршіліктің геохимиялық ролі. Тіршілік жағдайларының өзгеруіне әсер ететін геологиялық, космостық және биотикалық факторлар. Эволюциялық өзгеріс – жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты.

Тіршіліктің құрылым деңгейлері арасындағы байланыстылық және арақатынастылық. Жер бетіндегі заттар мен энергия алмасуы – тіршілік біртұтастығының негізі. Химиялық және биологиялық эволюцияның негізгі дәуірлері. Геохронология жайлы қысқаша мағлұмат. Тіршіліктің пайда болуы.

Микроэволюция ілімі.

Микроэволюция ұғымы. Микроэволюция ілімінің қалыптасуы, оның зерттейтін мәселелері және әдістері эволюция ілімінің дамытудағы маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік – эволюцияның элементарлы материалы. Өзгергіштік тірі организмдерге тән жалпы ерекшелік. Мутация – эволюция процесінің негізгі материалы. Мутацияның әртүрлі формаларының эволюциядағы маңызы. Мутацияның көрініс беруі генотипті фонға байланысты. Комбинативті өзгергіштік және оның эволюциядағы ролі. Мейоздың эволюциядағы маңызы. Кроссинговер және оныі рекомбинация құбылысындағы ролі. Реакция нормасы және адаптивті норма ұғымдары. Адаптивті модификаяның эволюциядағы маңызы.



Популяция – эволюцияның элементарлы құрылымы.

Популяция ұғымы. Популяция критерийлері. Популяцияның түрлері (клональды және панмиксиялық). Популяцияның генетикалық құрылымының әртүрлілігі – эволюциялық өзгерістердің алғы шарты. Популяцияның генофонды жайлы ұғым. Популяцияның экологиялық және генетикалық бңртұтастық және морфофизиологиялық ерекшеліктері.



Эволюцияның элементарлы факторлары.

Элементарлы факторлар жайлы түсінік. Мутация прцесін эволюцияның элементарлы факторлары ретінде талдау. Генетикалық камбинаторика және оның эволюциядағы ролі. Популяция толқынының типтері және олардың эволюциядағы ролі. Оқшаулану - популяциялардың арасындағы генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор. Оқшаулану типтері.



Табиғи сұрыптау – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы факторлары.

Табиғи сұрыпталу ұғымы. Табиғи сұрыпталудың алғы шарттары. Тіршілік үшін күрес ұғымы. Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы. Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалары. Тіршілік үшін күрес – табиғи сұрыптау негізі. Табиғи сұрыптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффициенті, тиімділігі, жылдамдылығы. Сұрыптау әсерінің мысалдары. Сұрыптау қысымы және векторы жайлы ұғым. Сұрыптаудың зерттеу әдістері. Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы, дизпрутивті, жыныстық сұрыптау. Жеке және топтық сұрыптау. Табиғи сұрыптау мен «санасыз» сұрыптау арасындағы байланыстылық.



Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау нәтижесі.

Адаптация ұғымы. Адаптациялардың классификациясы. Қарапайым қорғану құрылымдары (тас қабық немесе сауыт, қорғаныш рең, тікенек, шанышқы, мимикрия және т.б.) және олардың эволюция барысында пайда болу, жақсару жолдары. Күрделі адаптациялар. Күрделі мүшелердің құрылысы. Адаптациялардың салыстырмалы сипаты. Адаптациялардың классификациясы.



Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі.

Түр концепциясының даму тарихы. Типологиялық түр концепциясы. Номиналистік концепция. Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі. Элементарлы түрлер жайлы ілімі. Түрдің экологиялық және генетикалық құрылымы жайлы материалдардың жинақталуы. Қазіргі заман политипті түр концепциясы. Түр біртұтас генетикалық жүйе. Түр критерийлері. Түрдің жалпы белгілері. Түр құрылысы. Экологиялық әртектілік.



Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі.

Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары. Аллопатрикалық және симпатрикалық жолмен түрдің пайда болуы. Негіздеуші принциптері. Түрдің пайда болуына буданасу мен полиплоидияның ролі.



Макроэволюция проблемалары.

Макроэволюция ұғымы. Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Макроэволюция және микроэволюция.



Филогенетикалық топтардың эволюциясы.

Филогенездің негізгі формалары: филогенетикалық эволюция, дивергенция, конвергенция және параллельдік. Бұл процестердің биологиялық маңызы.



Мүшелердің және функциялардың эволюциясы.

Организмнің біртұтастылығы және оның мүшелерінің салыстырмалы автономдылығы. Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары: мүшелердің мультифункциональдығы және функцмһиялардың сан жағынан өзгеруі. Мүшелер мен функциялаардың өзгеру принциптері. Мүшелердің рудиментену және редукциялану себептері мен механизмдері. Атавизмдер.



Онтогенез эволюциясы.

Онтогенез эволюциясы жайлы жалпы түсінік. Онтогенездегі организмнің біртұтастығы. Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы. Онтогенездің эмбриондануы. Автономдану – онтогенез эволюциясының негізгі бағыты. Неотения және фитализация. Метаморфозданып және түрленіп даму. Эволюциялық прогресс.

Антропогенез. Адамның пайда болуы шексіз прогрестің нәтижесі. Адамның жануралар дүнисенідегі орны. Антропогенездің негізгі дәуірлері.

Саналы адам эволюциясының негізгі дәуірлері. Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері. Адамның пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары. Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік. Адамның пайда болуы туралы жорамалдар.



Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары.

Эволюция іліміндегі қазіргі уақыттағы дискуссиялар. Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегенділігі, макроэволюциядағы моно және полифилияның арақатынасы, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктің ролі. Эволюцияны моделдеу проблемасы, макроэволюция проблемалары, биогеоценоздар эволюциясы, эволюция факторларының арақатынасы және т.б.



ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Өсімдіктер физиологиясының ғылымдар жүйесіндегі орны. Өсімдіктер организмі – ұзақ тарихи даму өнімі. Тарихи әдістің өсімдіктер физиологиясы үшін маңызы.

Онтогенез процесінде өсімдік организмінің физиологиялық қасиеттерінің өзгеруі. Өсімдіктер онтогенезі – айқын генетикалық бағдарламаны дамыту.

Өсімдіктер организмін зерттеу физикалық және химиялық тұрғыда қарау мен әдістердің маңызы.

Өсімдіктер клеткасының физиологиясы

Клетка өсімдіктер организмінің негізгі құрылымы мен физиологиялық бірлігі екендігі.

Өсімдіктер құрылымы мен физиологиялық ролінің арасындағы тәуелділік. Көмірсулар, олардың физиологиялық ролі. Пектин заттарының құрылымы мен қызметтері. Липидтер клетка мембранасының құрамдлы бөлігі екендігі. Белоктар мен нуклеин қышқылдары клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі заттар екендігі, олардың физиологиялық ролі.

Зат алмасу. Өсімдік клеткасындағы зат алмасудың ерекшеліктері. Энергияның АТФ түрінде қорлануы. Макроэргиялық байланыс туралы түсінік. Ферменттер, олардың негізгі қасиеттері және физиологиялық маңызы.

Өсімдік клеткаларының негізгі құрылым бөліктері. Клетка қабықшасы, оның құрылымы мен қызметтері.

Цитоплазманың негізгі қасиеттері: тұтқырлығы, серпімділігі, қозғалғыштығы, тітіркендіргіштігі. Клеткадағы судың түрлері.

Клетка органеллалары мен цитоплазманың беттік құрылысындағы мембрандық принцип. Плазмолемма, тонопласт, органелла мембраналары.

Талоплазма, оның құрылымының өзгергіштігі. Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, рибосомалар, пероксисомалар, лизосомалар. Митохондриялар. Пластидтер, олардың құрылымы мен қызметі. Ядро. Ядроның интерфаза кезеңіндегі физиологиялық ерекшеліктері.

Өсімдік клеткасына судың келуі. Өсімдік клеткасына тұздардың келуі.

Өсімдіктердің су режимі

Судың құрылымы мен қасиеті. Организм мен клетка тіршілігіндегі судың маңызы. Организм мен клеткадағы судың түрлері мен таралуы. Өсімдіктердің су балансы.

Өсімдікке су өтуінің негізгі заңдылықтарыы. Өсімдіктердің жет бетіндегі органдарының суды сіңіру қабілеті. Тамыр жүйесі арқылы судың келуі. Өсімдіктердің «жылауы» мен гуттациясы.

Өсімдіктердің суды буландыруы – транспирация. Транспирацияның маңызы. Транспирациялайтын орган ретінде жапырақтың құрылысы. Устьица. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің устьицаларының құрылысы.

Өсімдік бойымен судың жылжуы. Өсімдік организміндегі су жолы.

Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігінің физиологиялық негіздері. Су жетіспеуінің өсімдікке әсері. Су стресі.

Ыдырау процесінің күшеюі. Төменгі молекулалық қосылыстардың жинақталуы. Су жетіспеуінің фотосинтез бен тыныс алу процестеріне әсері.

Өсімдіктердің көміртегімен қоректенуі. Фотосинтез.

Өсімдіктердің көміртегімен қоректену типтері. Фотосинтез, фотосинтездің жалпы теңдеуі. Фотосинтез процесінің масштабтары, оның маңызы. Фотосинтездің ашылу және зерттелу тарихы. Фотосинтез органы ретінде жаппырақтың құрылысы. Хлоропласттар. Хлоропласттардың химиялық құрамы, олардың құрылымы мен ультра құрылымы.

Жыпарық пигменттері. Пигменттерді бөлу әдістері, М.С.Цветтің еңбектері. Хлорофилдер. Хлорофилл типтері, олардың химиялық құрылымы, өсімдіктер дүниесінде таралуы. Хлорофилдердің химиялық қасиеттері.

Фотосинтез энергетикасы. Күн спектірінң әртүрлі сипаттамасы.

Фотосинтез процесінің химизмі. Фотосинтез жарықтық және қараңғылық реакциялардың ұласуы екендігі. Фотосинтез кезінде бөлінетін оттегінің пайда болуы. А.П.Виноградовтың еңбектері. Фотосинтездің фотохимиялық кезеңі.

Фотосинтез қараңғы кезеңі. Кальвиннің зерттеулері. Кальвин циклінің жеке фазалары: карбоксилдену, тотықсыздану, регенерациялану. Хемосинтез.

Фотосинтез өнімдері. Фотосинтез процесіне жағдайлардың әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет