Жаратылыстану-география факультетінің деканы


Селекцияның генетикалық негіздері



бет3/3
Дата27.11.2016
өлшемі455,39 Kb.
#2632
1   2   3

Селекцияның генетикалық негіздері

Генетика – селекцияның теориялық негізі. Салыстырмалы және жеке генетика салаларының өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер селекциясындағы маңызы.

Селекцияның өз алдына жеке ғылым және технология екендігі.

Пәні және зерттеу әдістері. Селекциядағы бастапқы материал туралы ілім. Н.И.Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Тұқым, сорт, штамм жайлы түсінік. Сұрыптауға қажетті өзгергіштіктердің қайнар көздері. Комбинативтік өзгергіштік. Будандастыру үшін жұп таңдаудың принциптері. Мутациялық өзгергіштік. Өсімдіктер мен жануарлар селекциясындағы будандастыру жүйелері. Инбридинг. Линиялы селекция. Аутбридинг. Алыс гибридизация. Гетерозис құбылысы.

Тұқым қуалау коэффициенті және оны селекция әдістерін таңдау үшін қолдану.

Сұрыптауәдістері. Жеке және жаппай сұрыптау, олардың маңызы. Жеке сұрыптау селекциясының негізі екендігі.

Сыртқы орта жағдайларының сұрыптаудың тиімділігі үшін маңызы.

Жануарлардың тұқымдарын және өсімдіктердің сорттарын шығарудағы тұқымқуалаушылықтың, өзгергіштіктің және сұрыптаудың рөлі.

Агротехникалық және зоотехникалық шаралардың өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарының потенциалды өнімділігін жүзеге асырудағы рөлі.

Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының негізгі жетістіктері.

Молекулалық генетика мен цитогенетиканың табыстарына байланысты селекцияны дамытудың болашағы.

АҒЗАЛАР АЛУАНТҮРЛІЛІГІ
Биология ғылымының классификациясы. Қазіргі заманғы биологияның негізгі даму бағыттары. Тірі организмдер классификациясына қазіргі замандағы көзқарастар.

Прокариоттар. Бактериялардың құрылысы мен функциясы, көбеюі. Бактериялардың табиғатта таралуы және алуан түрлілігі.

Вирустардың структуралық құрылымы, химиялық құрамы және көбеюі.Эукариотты балдырлардың морфологиясы және цитологиясы.Балдырлардың өмірлік циклындағы ядро фазалары мен ұрпақ алмасуы.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, олардың құрылысының ерекшеліктері мен көбеюі.

Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, құрылысы, көбеюі, олардың практикалық маңызы. Саңырауқұлақтардың шығу тегі, әртүрлі класстарының арасындағы байланыстар. Қыналар, анатомиялық ерекшеліктері мен көбею жолдары.Тіршілік циклінде гаметофиті басым өсімдіктер. Папоротниктәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаты, олардың пайда болуы, көбеюі, табиғат пен адам шаруашылық әрекетіндегі маңызы.

Ашықтұқымдылардың шығу тегі, классификациясы, филогениясы.

Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Жабықтұқымдылардың жалпы морфо-анатомиялық сипаты. Пайда болуы. Олардың морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Кластарға бөлінуі. Қосжарнақты өсімдіктердің филогенетикалық байланыстары. Даражарнақты өсімдіктер, шығу тегі, негізгі қатарлары. Паразит тіршілік ететін қарапайымдардың типтері.

Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі жөніндегі гипотезалар. Көп клеткалылардың эмбриональды даму этаптары. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы, олардың құрылыс ерекшеліктері, пайда болуы мен систематикасы.

Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы және олардың жануарлар әлемінің системасындағы орны. Хордалылардың шығуы мен систематикасы.

Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы. Омыртқалылардың негізгі таксономиялық бөлімдері және олардың генеологиялық байланыстары.

Балықтардың экологиясы және биологиялық топтары.

Бауырымен жорғалаушылардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы мен көбею ерекшеліктері.

Құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы және көбеюі мен ұрығының дамуындағы ерекшеліктер.

Қазіргі сүтқоректілердің географиялық таралуы және системасы.

Өсімдік, жануар және микроағзалардың өмірлік цикліндегі гапло және диплофазалардың кезектесуі.



БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіріспе.

Биологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Орта мектептегі биологияны оқыту мақсаттары мен міндеттерді және мектеп биология курсының мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формаларын анықтау, әдістерін жетілдіру, оқыту кезінде білімді меңгеру заңдылықтарын, оқушыларды тәрбиелеуу мен даму ерекшеліктерін зерттеу.



Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және дамуының тарихы.

І. Революцияға дейінгі кезең.

Жаратылыстануды оқу пәні ретінде мектепке енгізу себептері. В.Ф.Зуев І-ші жаратылыстану оқулығының авторы. Академик В.Ф.Зуевтің әдістемелік ұсыныстары.

1804 жылғы мектеп реформасы. Мектеп жаратылыстануындағы суретеу-жүйелелік бағыты, оынң мазмұнында К.Линней системасының көрініс табуы.

1864 жылғы мектеп реформасы.

ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануы.

ІІ. Кеңестік кезең.

Кеңестік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар.

Оқушыларды коммуннистік тәрбие мен материалистік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі биология курсының негізі.

Биологиядан кластан тыс жұыстардың дамуы. Юнаттар қозғалысының пайда болуы. 1920 жылдардағы жаратылыстануды оқытудағы кемшіліктер.

Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктерді пайдалана отырып. Биологияны оқыту мазмұныны жетілдіру.

Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттері.

Оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздері мен ауылшаруашылық өндірісі және басқа да ғылымдармен байланысты халық шаруашылығы салалары туралы біліммен қаруаландыру.

Адамгершілік, патриоттық, интернационалистік, гумандық және абиғатқа деген саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру.

Қазіргі биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны және жүйесі.

«Оқу пәні» ұғымы. Биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі. Орта мектеп оқулықтары мен бағдарламаларын талдау. Биологиялық цикл пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы.

Мектеп биология курсының пәнаралық және пәнішілік байланыстары.

Қазақстандық төл оқулықтар мен бағдарламаларға талдау.



Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері.

«Оқыту тәсілі» ұғымы. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөздік, көрнекі, практикалық.

Сөздік тәсілдердің түрлері, оларды биология сабақтаныда түсіндіруді және суреттеуді қолданудың ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Әңгімелесу, оны ұйымдастырудың талаптары. Дәріс - баяндаудың аса күрделі тәсілі, оны құру.

Көрнекі әдістердің түрлері. Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көресту ерекшеліктері. Оқытудың көрнекі құралдарын көрсетудің жалпы талаптары және оларды пайдалану тәсілдері.

Практикалық тәсілдердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент және т.б.

Өздік жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру тәсілдері.

Әдістер мен әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдерді дамыту, олардың нәтижелелігін көтеру жолдары.

Проблемалық оқыту элементтері. Әдістер мен мазмұнының тығыз байланысы, әдістердің оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі ролі.



Биологияның оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

Сабақ – биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының түрлері, олардың құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар.

Сабаққа дайындалу. Сабақтың білімділік, тәрбиелік дәне дамытушылық міндеттері, мазмұны және оны өткізу әдістері.

Сабақтарға дайындалу кезінде мұғалімнің еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру: әдістемелік әдебиеттерді талдау; сабақ міндеттерін анықтау; оқу еңбегінің білім мен біліктілік жүйесін анықтау, оларды қалыптастыру мен дамыту әдістемесін жасау.

Оқушылардың танымдық қызметін белсенді ету. Проблемалық оқыту. Оқушылар білімін тексеру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді тексеру. Тест алу оқушылар білімі мен біліктілігін бақылаудың тиімді бір тәсілі, оның артықшылықтары мен мен кемшіліктері, тесттік тапсырмалардың негізгі формалары.

Лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері.

Экскурсиялар, олардың биологияны оқыту жүйесіндегі және жекелеген пән сабақтары жүйесіндегі орны. Экскурсия нәтижелерін өңдеу және оларды сабақта пайдалану.

Биология пәні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыс.

Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері: топтық, көпшілік, жеке. Жас табиғат зерттеушілер үйірмелері, олардың мазмұндары.

Тақырыптық биологиялық кештерді, олимпиадаларды, көпшілік қоғамдық шараларды, КВН-ді ұйымдастыру, апталықтар, диспуттар, өткізу.

Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру.



Биологияны оқытудың материалдық базасы.

Биология кабинеті, оны ұйымдастыру мен жабдықтау. Биология кабинетіне қойылатын талаптар. Сынып, лаборанттық бөлме.

Көрнекі құралдарды таңдау мен сақтау принциптері. Биология кабинетінің лабораториялық және экскурсиялық жабдықтары.

Тірі табиғат бұрышы. Өсімдіктер мен жануарларды таңдау және оларды тірі табиғат бұрышында орналастыру. Өсімдіктер мен жануарларды күтуді ұйымдастыру.

Мектеп оқу-тәрбиелік учаскесі. Учаске территориясын ұйымдастыру. Учаске бөлімдері және оларды пайдалану мақсаты. Негізгі дақылдар мен сорттарды бөлімдер бойынша орналастыру.

Жануарларды учаскенің зоологиялық бөлімінде орналастыру және ұстау.



Кешкі, сырттан оқитын мектептер, кәсіптік лицейлерде биологияны оқытудың ерекшеліктері.

Мұндай типтегі мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оларды оқытуға бөлінген уақытқа байланысты оқыту әдістері мен мазмұндағы ерекшеліктер.



Факультативтік курстарды өткізу әдістемесі.

Факультатив курстардың жалпы білім беретін орта мектептердегі міндеттері. Факультативті курстар мазмұнындағы ерекшеліктер, оларды мектепте өткізу әдістемесі.



«Биология», «Жалпы биология» курстарын оқыту әдістемесі.

Биология оқулығы мен бағдарламасына талдау. Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау. Өсімдіктану, жануартану, тәнтану, жалпы биология курстарын оқытудағы пәндік ерекшеліктер. Сабақтарда пайдаланылатын көрнекіліктер, олардың ерекшеліктері.

Қорытынды сабақтарды өткізу әдістемесі. Сарамандық сабақтар өткізу әдістемесі. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әдістемесі.

Болкталған сабақтарды өткізудің тиімділігі, әдістемесі. Инновациялық әдістемелерді пайдалану арқылы сабақ өткізудіңәдістемесі және тиімділігі.



Жалпы биологияны оқытуда өткізілетін лабортаориялық, практикалық, топсеруен, конференция, дипут, дәріс сабақтарының әдістемелері.
ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Ч.Дарвин. Происхождение видов. Сбор. Соч. М-Л, Издательство АН СССР, 1939.

  2. Ч.Дарвин. Изменения домашних животных и культурных растений. Сбор. Соч. М-Л. Издательство АН СССР, 1961.

  3. Парамонов А.А. Дарвинизм. М., Просвещение, 1978.

  4. Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. 2-е издание. М.: Высшая школа, 1981.

  5. Северцов А.С. Введение в теорию эволюции. М.: Изд-во МГУ, 1981.

  6. Северцов А.С. Главное направление эволюционного процесса. М.: Изд-во Мос. унив-та, 1967.

  7. Сатпаева Х.К., Шілдебаева Ж.Б., Өтепбергенов О.А. Адам физиологиясы. Алматы: Білім, 1995.

  8. Основы физиологии человека. В 2-х томах. / Под ред. Б.И.Ткаченко. С-Петербург, 1994.

  9. Физиология человека. В 2-х томах. / Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. М.: Медицина, 2001.

  10. Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. М.: Высшая школа, 1989.

  11. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомирова М.М. Генетика с основами селекци. М.: Просвещение, 1979.

  12. Лобашев М.Е. Генетика. Изд-во ЛГУ, 1969.

  13. Мұхамбетжанов К.К. Генетика және селекция негіздері. Алматы, Санат, 1996.

  14. Берсімбаев Р.І., Мұхамбетжанов К.К. Генетика. Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  15. Мұхамбетжанов К.К. Генетика. Алматы, Санат, 1994.

  16. Генкель П. Физиология растений. М.: Просвещение, 1975.

  17. Максимов Н.А. Краткий курс физиологии растений. М.: Сельхозгиз, 1958.

  18. Якушкина Н.И. Физиология растений. М.: Просвещение, 1988.

  19. Полевой В.В. Физиология растений. М.: Просвещение, 1991.

  20. Кенесарина Н.Ә. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы: Санат, 1982.

  21. Жатқанбаев Ж. Өсімдік физиологиясы. Алматы: Санат, 1988.

  22. Кенжеев Қ. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы, 1989.

  23. Сағатов К.С. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996.

  24. Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 1996.

  25. Сағатов К.С. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.

  26. Жатқанбаев Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы, 2004.

  27. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общщая биология преподавания биологии: Учебник для студентов биологических специальностей. М.: Просвещение, 1983 г.

  28. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии. М.: Просвещение, 1985 г.

  29. Бинас А.В., Маш Р.Д., Никишов А.И. Биологические эксперименты в школе. М.: Просвещение, 1990.

  30. Журналы «Биология в школе».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет