Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша


Эстетика. Сұлулықты қабылдау және жасау



бет20/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

Эстетика. Сұлулықты қабылдау және жасау
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының сұлулық философиясы.
Қоғам және мәдениет
Әлеуметтік философияның пәні. Қоғамды философиялық ұғым ретінде талдау. Қоғам – жеке индивидтен тыс және одан жоғары формалардың, байланыстар мен қатынастардың жүйесі. Қоғамдық дамудың объективтік және субъективтік факторлары.
«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.
Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. Жаңару. Қала. Урбандану.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. Коммуникация – адам болмысы мен танымының әмбебап шарты. Мәдени-антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.
Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы – Қазақстанның қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің факторы.

Тарих философиясы
Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері.
Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.
Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы прогресс және регресс .
Мемлекет ұғымы және теориясы. Мемлекет пен ұлтты тірі организм ретінде талдау. Қазақстан және қазақ ұлтының жаңа келешегін ішкі жаңару мен жаңғыру идеялары арқылы жасау.
Формациялар және өркениеттер. Өркениет типтері. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері. Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. «100 жаңа есім» жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет