Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы « »
№ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 95-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық- коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
2-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
тыңдалым және айтылым;
оқылым;
жазылым;
әдеби тіл нормасы.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
болжау;
әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
негізгі ойды анықтау;
тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
сөйлеу мәдениетін дамыту;
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
ақпаратты түсіну;
мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
мәліметтерді өңдей білу;
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;
жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
эссе жазу;
оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
шығармашылық жұмыс;
мәтіндерді түзету және редакциялау.
Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
орфография;
орфоэпия;
лексика;
грамматика;
пунктуация.
Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны:
тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми- көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
жазылым: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым- қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
әдеби тіл нормалары: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді
фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны:
тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау, таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми іс-қағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми- көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;
жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі, мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия, мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат,
ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау, көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану, мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып), мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» сынып,
«2.1» екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» оқыту мақсатының реттік саны.
Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
тыңдалым және айтылым:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Болжау
|
10.1.1.1 мәтін үзінділері
бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу
|
2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты
аудиторияға арналған
|
11.1.2.1 мамандандырылған тар
аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала,
бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен
ұғымдарды, тілдік оралымдарды,
|
|
терминдер мен ұғымдарды,
тілдік оралымдарды талдау
|
мәтін үзінділерін талдау
|
3. Негізгі ойды анықтау
|
10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру
|
11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен салыстыру
|
4. Тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау
|
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен
оқырманның қарым-
қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және
бағалау
|
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
|
5. Сөйлеу мәдениетін дамыту
|
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік
алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
|
11.1.5.1 коммуникативтік
жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
|
оқылым:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Ақпаратты түсіну
|
10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау
|
11.2.1.1 әртүрлі графиктік
мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау
|
2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану
|
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер,
тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)
|
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты
белгілер, синтаксистік құрылымы)
|
3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
|
10.2.3.1
көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі
дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
|
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің
тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра
|
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар,
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
|
|
талдау
|
|
5. Мәліметтерді өңдей білу
|
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді
өңдей білу
|
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру
|
6. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу
|
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми- көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау
жолдарын білу
|
11.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу,
дәйексөз келтіру
|
3) жазылым:
|
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
|
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью,
нұсқаулық жазу
|
11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис,
аннотация, рецензия жазу
|
2. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада
ұсыну
|
10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі
деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
|
11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік
мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым
жасау
|
3. Эссе жазу
|
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі,
дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
4. Оқылым және тыңдалым материалдары
негізінде жинақы мәтін жазу
|
10.3.4.1 оқылым және
тыңдалым материалдары
бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)
|
11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
|
5. Шығармашылық жұмыс
|
10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды
қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
|
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық
жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
|
6. Мәтіндерді түзету
және редакциялау
|
10.3.6.1 жазба жұмысын
абзац пен бөліктерге бөлу,
|
11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен
бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат,
|
|
ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және
стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
|
идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)
|
әдеби тіл нормасы:
Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Орфографиялық норма
|
10. 4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
2. Орфоэпиялық норма
|
10. 4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
3. Лексикалық норма
|
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
|
11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік
құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды- эстетикалық)
|
4. Грамматикалық норма
|
10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды
сақтай білу
|
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац,
мәтін бөліктері, тақырып)
|
5. Пунктуациялық норма
|
10. 4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
|
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
|
Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына
арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып:
Лексика- грамматикалық
бөлім
|
Граммати
-калық материал
|
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.
Сөз мәдениеті
|
Кітаби тіл.
Сөйлеу тілі
|
Тыңдалым және
айтылым
|
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру
|
Оқылым
|
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу
|
Жазылым
|
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(«келісу, келіспеу» эссесі)
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
2-тоқсан
|
2. Индустрия ландыру: ұлттық өндіріс.
Сөз мәдениеті
|
Сөз
дәлдігі
|
Тыңдалым
және айтылым
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере
|
|
|
|
отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
|
Оқылым
|
10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
Жазылым
|
10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
|
Әдеби тіл
нормалары
|
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді
іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
|
3-тоқсан
|
3. Адамзат дамуының
жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма
|
Сөз қолданы сындағы ерекшелік тер және стиль.
Ғылыми әдебиет тілінің
ерекшелік тері
|
Тыңдалым және
айтылым
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай
көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
|
Оқылым
|
10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс- қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
салыстыра талдау
|
Жазылым
|
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
|
Әдеби тіл
нормалары
|
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік
нормаларды сақтай білу
|
4. Адам өмірін
сақтау.
|
Сөз
тазалы
|
Тыңдалым
және
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты
|
Тілдік
|
жүйе
|
ғы.
|
айтылым
|
аудиторияға арналған терминдер мен
|
және норма
|
|
Көркем
|
|
ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
|
|
|
әдебиет
|
|
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор
|
|
|
стилінің
|
|
мен оқырманның қарым-қатынасын ескере
|
|
|
ерекше
|
|
отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
|
|
|
ліктері
|
Оқылым
|
10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің
|
|
|
|
|
құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық
|
|
|
|
|
ерекшеліктерін талдау;
|
|
|
|
|
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми
|
|
|
|
|
ісқағаздар, публицистикалық, көркем
|
|
|
|
|
әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің
|
|
|
|
|
тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес
|
|
|
|
|
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін
|
|
|
|
|
салыстыра талдау
|
|
|
|
Жазылым
|
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық
|
|
|
|
|
құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе
|
|
|
|
|
бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
|
|
|
|
|
(дискуссивті эссе);
|
|
|
|
|
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық
|
|
|
|
|
және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік
|
|
|
|
|
құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық
|
|
|
|
|
жазу;
|
|
|
|
|
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым
|
|
|
|
|
материалдары бойынша түртіп жазудың
|
|
|
|
|
(конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру
|
|
|
|
|
арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
|
|
|
|
Әдеби тіл
|
10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік
|
|
|
|
нормалары
|
нормаларды сақтай білу
|
4-тоқсан
|
5. Сәулет өнері.
|
Жаңа
|
Тыңдалым
|
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы
|
Тілдік жүйе
|
қолданыс
|
және
|
арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты
|
және норма
|
тағы
|
айтылым
|
аудиторияға арналған терминдер мен
|
|
сөздер.
|
|
ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
|
|
Ғылыми
|
|
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай
|
|
әдебиет
|
|
көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай
|
|
атаулары
|
|
отырып, дұрыс сөйлеу
|
|
ның
ерекшелігі
|
Оқылым
|
10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың
құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық
|
|
|
|
ерекшеліктерін талдау;
|
|
|
|
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-
|
|
|
|
көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала
|
|
|
|
білу, сілтеме жасау жолдарын білу
|
|
|
Жазылым
|
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық
|
|
|
|
құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе
|
|
|
|
бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
|
|
|
|
(аргументативті эссе);
|
|
|
|
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық
|
|
|
|
және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік
|
|
|
|
құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;
|
|
|
|
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым
|
|
|
|
материалдары бойынша түртіп жазудың
(конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
|
Әдеби тіл
нормалары
|
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу
|
11-сынып
Лексика-
грамматикалық бөлім
|
Грамматик
алық материал
|
Сөйлеу
әрекетінің түрлері
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1. Қазақстан
бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі.
Шешендік сөздер
|
Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшелік тері
|
Тыңдалым және
айтылым
|
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру
|
Оқылым
|
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
Жазылым
|
11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
|
2-тоқсан
|
2. Экология: ядролық және мұнай
өндірістері. Шешендік сөздер
|
Айтыс. Сыни пікірдің өзіндік
ерекшелігі
|
Тыңдалым және
айтылым
|
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни
тұрғыда бағалау
|
|
|
Оқылым
|
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс- қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми- көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру
|
Жазылым
|
11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сөздерді
сұрыптай білу (образды-эстетикалық)
|
3-тоқсан
|
3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.
Шешендік сөздер
|
Сөзталас.
Ресми
ісқағаздар стилінің тілдік ерекшелік тері
|
Тыңдалым және
айтылым
|
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай
көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
|
Оқылым
|
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру
|
Жазылым
|
11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және
стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала,
|
|
|
|
интервью жазу;
11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның
құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
|
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары Шешендік сөздер
|
Пікір алмасу. Публицис тикалық стильдің тілдік ерекшелік тері
|
Тыңдалым және
айтылым
|
11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
|
Оқылым
|
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру
|
Жазылым
|
11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
|
Әдеби тіл
нормалары
|
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін
құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)
|
4-тоқсан
|
5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер
|
Әңгіме және
дөңгелек үстел.
Ой
айқынды лығы. Сөз дәлдігі.
Пікірталас мәдениетін дегі сөз қолданыс тар
|
Тыңдалым және
айтылым
|
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
|
Оқылым
|
11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
|
Жазылым
|
11.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып,
|
|
|
|
әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді
|
салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді
|
талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
|
11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды
|
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын
|
дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
|
Әдеби тіл
|
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде
|
нормалары
|
тыныс белгілерін қолдана білу
|
Достарыңызбен бөлісу: |