Бағдарламасы «Қазақстанның физикалық географиясы»



Дата08.09.2017
өлшемі206,67 Kb.
#31008
түріБағдарламасы

ПОӘК 042-16-13.1.04

/02-2013


№ 2 басылым

10.01.2013




бет беттен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелкеттік университеті



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы

«Қазақстанның физикалық географиясы»

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазақстанның физикалық географиясы»


011600 – «География»мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013


Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушы:_____ « »________2013ж Рахимова Г.К., аға оқытушы, химия және география кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және география» кафедрасы отырысында


« » 2013ж., хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« » 2013ж., хаттама
Төрайымы Л.С. Ибраева
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2013ж., хаттама
ОӘК төрағасы
4 «18» 09 2008ж. № 1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Рахимова Г.К., аға оқытушы

Химия және география кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел: , оқу ғимараты № , кабинет №

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «География» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.


1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: жекелеген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену, табиғат кешендерінің бір бірімен қарым қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді, сонымен қатар Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеу.
1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- Негізгі тектоникалық құрылым, геологиялық құрылысы мен жер бедерімен байланыс, климат, топырақ өсімдік жамылғысының даму тарихы


1.5 Оқып-білудің нәтижелелері:

- Қазақстанның географиялық орнының климатқа, рельефке, ішкі суларының таралуына, топырақ-өсімдік жамылғысының таралуына әсерін анықтау. Басқа мемлекеттермен географиялық орнын салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтау;

- Қазақстанның табиғаты жағдайын оқып-үйренудегі зерттеушілердің рөлі;

- Қазақстан рельефінің қалыптасуына геологиялық және тектоникалық құрылымдардың әсерін анықтау;

- Климат құрушы факторлардың әсер етуіне сипаттама бере отырып, температураның, желдің, қысымның, жауын-шашынның таралу заңдылығын анықтау;

- Карта бойынша ішкі сулардың таралуын, бассейндерге бөлінуін, қоректену режимін және т.б. анықтау;

- Картада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуын анықтай отырып олардың арасын байланыстыратын негізгі факторларды анықтау;

- Табиғат зоналарын және биіктік белдеулерді қалыптастырушы негізгі факторларды анықтау;

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:

- География ғылымындағы Қазақстанның физикалық-географиясының алатын орны;

- Қазақстанның географиялық орнының ерекшелігі және оның дүниежүзілік картадағы алатын орны, жер көлемі және шекарасы;

- Табиғаттың зерттелу тарихы;

- Тектоникалық-геологиялық құрылымы;

- Климаты, климат құрушы факторлары;

- Ішкі сулары,олардың таралу ерекшелігі;

- Топырақ-өсімдік жамылғысы, олардың таралу заңдылығы;

- Жануарлар дүниесі, зоогеографиялық аудандастырылуы;

- Табиғат зоналары, олардың қалыптасу және таралу заңдылығы;

- Физикалық-географиялық аудандастырылуы мен аудандастырылу принципі;

- Экологиялық жағдайы, себеп салдары және оны шешу жолдары;

1.6 Курстың пререквизиттері:


  • геология

  • метеорология климатология негіздерімен

  • жалпы жертану

  • топырақ географиясы

  • геоморфология

  • биогеография

1.7 Курстың постреквизиттері:

  • Қазақстанның физикалық географиясы;

  • Шығыс Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы.



2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Қазақстан территориясының физикалық географиялық жағдайы мен орны

2

1

2

6

8.1.1-8.1.4


2.

Табиғатының зерттелу тарихы

2

1

2

6

8.1.1-8.1.4


3.

Тектоникалық геологиялық құрылымы

3

1

2

6

8.1.1-8.1.4

4.

Рельефі

2

1

2

6

8.1.1-8.1.4

5.

Климаты

3

2

2

6

8.1.1-8.1.4

6.

Ішкі сулары

2

2

2

6

8.1.1-8.1.4

7.

Топырақ жамылғысы

2

1

2

6,5

8.1.1-8.1.4

8.

Өсімдік жамылғысы, өсімдіктердің зерттелу тарихы

2

1

2

5

8.1.1-8.1.4

9.

Жануарлар дүниесі

2

1

2

5

8.1.1-8.1.4

10

Табиғат зоналары

3

2

2

5

8.1.1-8.1.4

11

Физикалық географиялық аудандастырылуы

3

1

1,5

5

8.1.1-8.1.4

12

Экологиялық жағдайы

2

1

1

5

8.1.1-8.1.4




БАРЛЫҒЫ:

30

15

22,5

67,5





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Қазақстанның физикалық географиясы» курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, зертханалық жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алынған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Қазақстанның физикалық географиясы» – 3 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 100 минуттық 1 зертханалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ 2 аптада 3 рет болады. Дәрістерге, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беру керек. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.
5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда балдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан

нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың таратылуы кестеде келтірілген



«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-7

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Зертханалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

1

Контур картаға шекарасын, шеткі нүктелерін, шекарасының ұзындығын түсіріп, осы ендіктегі кез-келген бір елмен географиялық орнына салыстырмалы сипаттама

21

Зертханалық сабақта

2-3

Зерттелу тарихының кезеңдеріне байланысты өткізіліп, тапсырма реферат ретінде орындалады.

21

Зертханалық сабақта

4

Контур картаға тектоникалық аудандастырылуы түсіріліп оның рельефпен арасындағы байланысы анықталынады.

21

Зертханалық сабақта

5-6

Контур картаға геоморфологиялық аудандастырылуы түсіріліп негізгі морфомүсіндеріне сипаттама

21

Зертханалық сабақта

7

Контур картаға климаттың аудандастырылу картасы және климаттың элементтері түсіріліп әсер ету себептері

21

Зертханалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

1

Алтай тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

2-3

Тянь-шань тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

4

Жоңғар Алатау тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

5

Саур, Тарбағатай тауларының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

6

Қазақтың ұсақ шоқысының физгеографияляқ сипаттамасы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Мойынқұмға физгеографиялық сипаттама

15

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

1

Алтай тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

2

Тянь-шань тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

3

Жоңғар Алатау тауының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

4

Саур, Тарбағатай тауларының биіктік белдеулерінің табиғат жағдайы

5




5

Қазақтың ұсақ шоқысының физгеографияляқ сипаттамасы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

6

Мойынқұмға физгеографиялық сипаттама

5

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Межелік бақылау 1- 1-7 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу

60

Сабақ кестесіне сәйкес

1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270

Сабақ кестесіне сәйкес

8-15

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Зертханалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

8-9

Контур картаға өзендердің бассейнденр бойынша таралуын түсіріп, өзендерге, көлдерге, жер асты суларына, мұздықтарына сипаттама

15

Зертханалық сабақта

10

Контур картаға негізгі топырақ зоналарын, өсімдіктерін түсіреді. Топырақ-өсімдік жамылғысының таралу заңдылығына анықтама

15

Зертханалық сабақта

11

Қызыл кітапқа енген жануарларға қысқаша тоқталып, тапсырма реферат ретінде орындалады.

15

Зертханалық сабақта

12-13

Контур картаға табиғат зоналары түсіріліп, зоналардың қалыптасу заңдылығына анықтама

20

Зертханалық сабақта

14

Кешенді аудандастырылуы контур картаға түсіріліп, аудандастырылу принциптеріне анықтама

20

Зертханалық сабақта

15

Негізгі экологиялық апатты аудандарға сипаттама

20

Зертханалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

8-9

Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы

12,5

Сабақ кестесіне сәйкес

10

Сырдария, Жайық, Нұра өзендерінің экологиялық жағдайы

12,5

Сабақ кестесіне сәйкес

11-12

Қазақстан таулары мұздықтарының шаруашылықтағы маңызы

12,5




13

Қазақстандағы жарамсыз жерлердің пайда болуы

12,5

Сабақ кестесіне сәйкес

14

Арал теңізі проблемасы;


12,5

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Каспий теңізі проблемасы

12,5

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

8

Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

9

Сырдария, Жайық, Нұра өзендерінің экологиялық жағдайы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

10

Қазақстан таулары мұздықтарының шаруашылықтағы маңызы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

11

Қазақстандағы жарамсыз жерлердің пайда болуы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

12-13

Арал теңізі проблемасы;


5

Сабақ кестесіне сәйкес

14

Каспий теңізі проблемасы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Межелік бақылау2- 8-15 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу

60 б.

Сабақ кестесіне сәйкес

8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270

Сабақ кестесіне сәйкес

Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000




Студенттердің білім бағалау шкаласы:



Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз



  1. ӘДЕБИЕТ

  1. Афанасьев А.Б. Зоогеография Казахстана. А-А. АН КазССР, 1960.

  2. Бейсенова А.С. Исследования природы Казахстана. Изд-во “Казахстан”. Алма-Ата., 1979.

  3. Бейсенова А.С. Физико-географическое иследование Казахстана. Алма-Ата; Казахстан, 1982.

  4. Беспалов Б.Ф. Геологическое строение Казахской ССР. Алма-Ата., Наука, 1971.

  5. Гвоздецкий А.Н., Николаев В.А. Казахстан (очерки природы). М., Мысль,1971.

  6. Герасимов И.П. Современные проблемы геоморфологии Казахстана. А-А. 1943.

  7. Григорьев А.А. Природные условия Казахстана. М., 1944.

  8. Климат Казахстана. Под. ред. А.С. Утешова Л., Гидрометиздат, 1959.

  9. Очерки по физической географии Казахстана. Под. ред. И.П. Герасимова. Алма-Ата. Наука, 1952.

  10. Пальгов Н.Н. Реки Казахстана, Изд. АН КазССР, Алма-Ата,1959.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет