Кіріспе
Нұсқаулықтың негізгі мақсаты - мұғалімдер мен 12 сынып оқушыларына "Қазіргі әлемдегі Қазақстан" пәні бойынша 2- ші емтихан жұмысын бағалау туралы нұсқау беру.
2-ші емтихан жұмысына 12-ші сынып оқушыларынан емтихан кезеңіне дейін қабылданып болатын курстық жұмыс жатады. Нұсқаулықта 2-ші емтихан жұмысына қойылатын талаптар, оны бағалау жолдары және үміткерлерден күтілетін жауап мысалдары келтірілген.
2-ші емтихан жұмысы: Курстық жұмыс
Курстық жұмыстың көлемі
Оқушылар көлемі 2500-3000 сөзден тұратын курстық жұмысты тапсырулары керек.
Тақырыпты таңдау және алынған тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу
Оқушылар 11-ші немесе 12-ші сыныптағы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің оқу бағдарламасы аясында тақырып таңдап, оқылып жатқан пәннің кең көлеміне қатысты өзекті және заманауи мәселелер бойынша курстық жұмысты жүргізеді. Оқушының міндеті – өзін қызықтыратын тақырып таңдау, толығынан өз бетімен зерттеу жүргізу және ол жұмыстың бағалау мақсаттарына сәйкес келетіндігін көрсету.
Тақырыпты таңдау түпкілікті маңызды. Біраз бастапқы зерттеу жұмыстарын бастаған соң, нақты тақырып пайда болады немесе оны одан әрі өрбіту жолдары байқала бастайды. Курстық жұмыс тақырыбын ойластырғанда, мұғалім мен оқушы оның жұмысты бағалау мақсаттарына сай жауап бере алатындығын ескеру керек. Мәселен: «Қазақстанның мұнай өндірісі» тақырыбы тым сипаттамалы болғандықтан, БМ2 (Дағды: талдау, бағалау және мәселені шешу) талаптары бойынша жоғары бағалануы екіталай, алайда, «Қазақстан мұнайға тым тәуелді жағдайға ұшырамас па екен?» деген тақырып бір нақты жұмысқа көзделгендіктен, нәтижесінде БМ2 талаптары бойынша жоғары бағалануы ықтимал. «Қазақстанның әлеуметтік саясаты» деген тақырып сәтсіз таңдау, бірақ ол «Қазақстанның әлеуметтік саясаты қаншалықты тиімді» деп өзгертілсе, әлдеқайда дұрыс болады.
Жұмыстың тақырыбы түбегейлі талдауды, талқыға салуды және ой пікірді талап ететіндей таңдалуы тиіс. Балдың жартысы (жалпы 40-тың 20-сы) осы бағалау мақсатына берілетінін атап өту қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбына қойылатын талаптар:
Тақырыптың пәнге сәйкестігі;
Тақырыптың оқушының жастық деңгейіне сәйкестігі;
Тақырыптың қауіпсіздік және этикалық талаптарға сай болуы (суицид, Ислам мемлекеті сияқты тақырыптарды таңдап алынбауын қадағалау);
Тақырыптың өзектілігі;
Дереккөздер мен ақпараттың қолжетімділігі;
Тиімді әдістердің болуы;
Тақырыпқа қатысты тың идеялардың болуы.
Курстық жұмыстың такырыбын таңдағаннан кейін оқушы курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек (негізгі және қосымша). Мұны өз бетімен жасау керек. Оқушы кітапхана каталогтарымен, библиографиялық анықтамалармен, интернет ресурстарын пайдалана білуі керек.
Пәндік тақырыптың каталогымен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен қатар таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде мәселенің теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген тақырыпты көрсететін әдебиеттерді де іріктейді.
Оқушы барлық ресурстарды пайдалана отырып курстық жұмыстың әдебиеттер тізімін құру керек. Курстық жұмыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде шыққан жаңа әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны да пайдаланылады.
Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаннан кейін оқушы өз жетекшісіне таңдалған әдебиеттер тізімін көрсетіп, бұл әдебиеттердің тақырыптың мазмұнына сай болғанын, маңыздылығын негіздеп түсіндіріп беруі керек. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі жетекшімен міндетті түрде келісіледі. Жетекшімен келісілген деректер пайдаланылған әдебиеттер тізіміне міндетті түрде тіркеледі.
Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.
Әдебиеттерді пайдалану кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң ғылыми, аналитикалық, публицистикалық мақалаларға, ресми интернет ресурс материалдарымен жұмысқа көшуге болады.
Курстық жұмысты жазудың кезеңдері (үлгі ретінде)
1. Проблеманы өзектендіру (проблеманы табу және болашақ жобаның бағытын белгілеу);
2. Зерттеу тақырыбын таңдау және саласын белгілеу (зерттеу шекараларын белгілеу);
3. Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар болуы мүмкін емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін);
4. Зерттеу әдістемесін таңдау;
5. Ақпаратты жинау және өңдеу;
6. Зерттеуді жүргізу;
7. Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер мен тәсілдерді пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау);
8. Шешімдер. Есеп дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама дайындау және т.б.);
9. Көптің алдында таныстыру (құрбыларыңның, ересектердің алдында қорғау, сұрақтарға жауап беру);
10. Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия.
Құрылымы
Жұмысты орындаудың нақты белгіленген құрылымы жоқ, себебі кейбір оқушылар зерттеудің негізгі тәсілдерін, атап айтсақ, сауалнама, пікір жинақтау және т.б қолдану арқылы зерттеуді және баяндауды қалауы мүмкін. Ал, басқа біреулері маңызды мәселелерді дәстүрлі академиялық стильде талқылауды қалауы мүмкін.
Алайда, жұмыстың нақты тақырыбы, қысқаша кіріспесі және қорытындысы болуы қажет. Сондай-ақ әдебиеттер тізімі берілуі керек (ол жұмыстың жалпы сөз санына кірмейді). Сонымен қатар, жұмыста карта / диаграмма / сурет қолдануға болады, бірақ олар да жұмыстың жалпы сөз санына кірмейді.
Курстық жұмысты жазудағы бөлімдер бойынша талаптардың бір үлгісі
№
|
Курстық жұмыстың бөлімдері
|
Мазмұны
|
Нұсқаулық
|
1
|
Кіріспе
|
Бұл бөлімде осы тақырыптағы негізгі зерттеу сұрақтары, өзектілігі, проблеманы өзектендіру, жоспар, зерттеу сұрақтары, зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны туралы айтылады.
|
250-300 сөз
-Зерттеу жұмысының бағытына жалпы көрініс берілу керек.
Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
Сенімді ақпарат құралдарын пайдалану.
|
2
|
Негізгі бөлім
А) Зерттеу сұрақтары
|
Зерттелетін проблеманы сипаттайды, талдайды. Бұрынғы зерттеулер мен өзінің зеттеулерін байланыстыра отырып талдайды, салыстырады. Мәселелерді жан-жақты қарастыра келіп, өзі таңдаған аспектісіне бағытталады және қолдағы бар фактілерді ұсынады.
|
400 сөз
-Кілт сөздер, цитаталар, сілтемелер беріледі.
Пәнге қатысты терминдерде дұрыс қолдану.
Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
Сенімді ақпарат құралдарын пайдалану.
|
3
|
Негізгі бөлім
В) зерттеу әдісі
|
Курстық жұмыс барысында қолданған әдістерін ұсынады, барысына тоқталады, талдайды.
|
500-600 сөз
-Курстық жұмысты жазу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.
Әлеуметтік зерттеулер әдісі:
1) Деректерді жинау әдістері;
- Сандық әдістер: әлеуметтік сауалнама, құжаттардың контент-талдауы, сұхбат, бақылау және эксперимент;
- Сапалық әдістер: фокус-группа, жекелеген жағдайды зерттеу («кейс-стади»), этнографиялық зерттеулер, құрылымданбаған сұхбат.
2) Деректерді өңдеу әдістері:
- Статистикалық өңдеу;
- Моделдеу;
- Жіктеу.
Курстық жұмысты жазу барысында Әлеуметтік зерттеулердің төмендегідей кезеңдерін бөлуге болады: проблеманы анықтау, әдебиетке шолу жасау, болжамды түйіндеу, зерттеуді жобалау, зерттеуді жүргізу, дерек берушілермен коммуникация орнату, деректерді өңдеу, зерттеу бойынша есеп дайындау
Басқа зерттеу тәсілдері:
Сауалнамаға талдау,
Сұхбат (опрос) нәтижесі,
Интервью нәтижесінде алған ақпарат,
Диаграмма;
Мониторинг;
Фото, видео
Ақпарат көздерінің салыстырмасы
Кестелер
Пәнге қатысты терминдерді дұрыс қолдану.
Мәселеге екі жақты көзқараспен қарайды, талдайды.
Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
Сенімді ақпарат құралдарын пайдалану.
|
4
|
Негізгі бөлім
С) зерттеу қортындысы
|
Практика нәтижесінде алынған зерттеуін қортындылайды. Дәл, нақты талдауын береді. Зерттеуі мен зерттеу қорытындысының шынайылығы, дәлдігіне тоқталады.
|
500-600 сөз
-Пәнге қатысты терминдерді дұрыс қолдану.
Мәселеге екі жақты көзқараспен қарайды, талдайды
Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
|
5
|
Негізгі бөлім
С) бағалау
|
PEST, SWOT, GAP,Контент талдау және тағы да басқа әдістерді қолданып басым бағыттарына ұсыныс жасайды. Шешімдерін көрсетеді.
|
600-700 сөз
-Өзі жасап отырған мәселенің өзектілігіне назар аудару керек. Пәнге қатысты терминдерде дұрыс қолдану.
Мәселеге екі жақты көзқараспен қарайды, талдайды.
Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
Сенімді ақпарат құралдарын пайдалану.
|
6
|
Қортынды бөлім
|
Ұсыныстары, өз бағасы, рефлексия, неге қол жеткізе алды, жаңалығы
|
400 сөз
-Фактілер, аргументтердің шынайылығы.
|
Курстық жұмысқа жетекшілік
Тақырыпты оқушы өзі таңдайды, ал мұғалім оқушы таңдаған тақырыпты бекітеді. Мұғалім тек курстық жұмыстың аясын нақтылауға және оған сәйкес келетін тақырып таңдауға көмек көрсете алады. Мұғалім оқушылармен курстық жұмыстың құрылымы, зерттеу тәсілдері, бағалаудың үш мақсаты бойынша жоғары бағаға қол жеткізу үшін қойылатын талаптар жайында дайындық өткізуі тиіс.
Оқушылар курстық жұмыстың басым бөлігін сыныптан тыс орындауы қажет, сыныпта мұғалімге оқушының жұмысты өз бетімен жасап жатқанын растау үшін жеткілікті жетекшілік пен бақылау жасауға уақыт беріледі. Оқушының жасаған жұмыстарын (драфт/шимай нұсқасын) бағалауға және қандай да бір комментарий жасауға болмайды.
Жоспарлау
Мұғалім оқушылардың курстық жұмыс бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге, оны жазып бітіруге қанша уақыт жұмсалатынын түсінетіндіктеріне жауап береді. Мұғалімнің беретін кеңесі зерттеу тәсілі және таңдалған тақырыпқа байланысты болады. Мысалы, сауалнама сияқты зерттеу тәсілін қолдану көп уақытты талап етеді, себебі оқушылар курстық жұмысты жазуға кіріспес бұрын, олар сұрақты құрастыруы қажет, кейін мәліметтерді жинап, оларды талдауы керек.
Плагиат
Плагиат (мысалы, біреудің жұмысын көшіру) жұмыстың жоққа шығарылуына және басқа жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта арнайы бағдарлама көмегімен плагиатты тез анықтауға болады. Мұғалімдер оқушыларға берілген зерттеу тапсырмаларының үлгілерін пайдалы көмек ретінде қолдану үшін, жұмысты орындау туралы жалпы түсінік болу үшін маңыздылығын түсіндіруі қажет. Басқа мәлімет көздері секілді бұл үлгілерді көшіруге және заңсыз иеленуге болмайды.
Начало формы
Курстық жұмыстың жазылу тәртібі мен безендірілуі
Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:
а) сыртқы бет
ә) мазмұны;
б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);
в) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
г) жұмыста пайдаланылған нақты тәжірбиелік материал (егер ол баяндау барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).
Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады.
Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Курстық жұмыс компьютерде теріледі. Текст арасындағы қашықтық - 1,0 интервал, шрифт Times New Roman 12-ге тең болуы керек.
Кестелер оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.
Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.
Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.
Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты белгілерді ғана қолдану керек.
Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемемен көрсетілуі қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі.
Басқа автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы үшін оқушы жауап береді.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы [3, 91б].
Бағалау мақсаттары
40 балл төмендегідей бөлінеді:
БМ1 - 10 балл
БМ2 - 20 балл
БМ3 - 10 балл
БМ1
|
Білу және түсіну
Оқушылар:
Қазіргі әлемдегі Қазақстанның алатын орны
Қазақстанның саяси және конституциялық дамуы
Қазақстанның мәдени және ұлттық құндылықтары
Қазақстанның қазіргі тарихы мен экономикасын
Халықаралық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасында және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалардың маңыздылығы жайлы өз түсініктерін көрсетуі қажет.
|
БМ2
|
Дағды : талдау, бағалау және мәселелі тапсырмаларды орындау
Оқушылар білуі қажет:
қажетті ақпаратты түсіндіру және талдау
кең спектрлі мәліметтерге негізделген түрлі көзқарастарды бағалау және жүйелеу
ойланып айтылған дәлелдерді құрастыра білу
негізделген жұмысты қамту, бағалау, жетілдіру
өздігінен зерттеуді жоспарлау және жүргізу, зерттеу жұмысына қатысты мәліметтерді таңдау және қолдану.
|
БМ3
|
Дағды: коммуникация және презентация
Оқушылар:
тиісті сөздік қорын пайдалана отырып, зерттеу жұмысын ұсынудың кез келген үлгісінде, мәселен эссе, баяндама және зерттеу сияқты, мағыналы және түсінікті түрде ұсына алады
|
Достарыңызбен бөлісу: |