1 сурет. Қазақстанның мұнай және газ кен орындары (nomad.su)
2.ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
2.1 Экономикалық
Мұнай ашылған уақыттан бері аймақтың экономикасында маңызды рөл атқарып келеді, бірақ та кеңес заманында мұнайдан түскен табыс Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынан тыс, жалпы алғанда бүкіл Кеңес Одағына таратылды. Өзбекстанда ЖІӨ жан басына шаққанда USD 1,716 және Тәжікстанда USD 871 болса, Қазақстандағы ЖІӨ жан басына шаққандағы үлесі USD 12,006 болуы мұнайдың қазақстандық экономикадағы басымдылығын көрсетеді. Басқа да көрсеткіштер, мәселен тікелей инвестициялар мен экономикалық өсу айтарлықтай жоғары, сондай-ақ Қазақстанда аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда жұмыссыздық пен құнсыздану көрсеткіші төмен. Қазақстанның әлемдік экономикада ықпалдасуына мұнай маңызды рөл ойнайды. 1990-шы және 2000-шы жылдары Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне шетелдік инвесторлардың көптеп келуі байқалған болатын. Қазақстан өзінің бұрынғы кеңестік мемлекеттік бақылауда болған көптеген энергетикалық қорларын сатып айналымға түсірді. Әйтсе де, Қазақстанның айтарлықтай дамуында дұрыс жұмыс жүргізетін үкімет пен білім саласына инвестициялардың салынуы сынды өзге де факторлар бар. Мұнай қорының айтарлықтай көп болуының арқасында еліміз ХХІ ғасырдағы салмақты экономикалық орында тұрақтады. Қазақстанда, Ресей мен Түркіменстан сияқты "көмірсутектер экономиканың құтқарушысы болып табылады" (Калюжнова, 2008). Жақында мұнай және газ министрі Қарабалинның Петролеум Journal-на берген сұхбатында инвестициялар мен күш әлі де барлау жұмыстарына кетіп жатыр, осы уақытта мұнай мен газдың жаңа кен орындары анықталуы мүмкін деген болатын.
2.2 Саяси
Қазақстанның мұнай саласындағы саясатының арқасында әлемдік энергетикалық нарықта мемлекеттің орны бекітілсе, демек аймақтық және жаһандық ойыншы ретіндегі мемлекеттің саяси ықпалы да нығайтылды деген сөз. Көршілес Түркіменстанға қарағанда Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін мұнай нарығының біршама ашықтығы мен бәсекелестігі жалпы мемлекеттік маңызға ие аймақтық экономикалық және басқа да салаға қатысты келіссөздерде мемлекеттің өз ұстанымында болуына айтарлықтай мүмкіндік береді. Мұнай, немесе мұнай саласын дамытудың өзі Қазақстанға халықаралық алаңында бейімделуіне мүмкіндік береді. Лыонга, Вейнтхал (Weinthal, 2010) және басқалары "меншік құрылымы сол бір институтционалдық мұраларды бөліп отырған түрлі мемлекеттерде өзгеруі мүмкін" және "бұл өзгерістер салық тәртібіндегі айырмашылықты, демек даму жолын түсінуге көмектеседі" деп атап өткен. Қазақстан өзінің көптеген ұлттық қорларына бақылауды сақтай алған мемлекет ретінде Қазақстан экономикасына салық пен шығындар арқылы әсер етуі туралы шетелдік мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізуде басымдылығы зор. Н.Ә. Назарбаев Reuters-ке берген сұхбатында Венесуэла сияқты мұнай қорларын шетелдік мұнай компаниялары үшін қолайлы нивестициялық жағдай туғызу үшін мемлекеттендірілмейтіндігі туралы Қазақстанның ұстанымын бекітті. Мұнай кен орындарынан басқа, мұнай құбырына деген меншік саяси мәселе болып табылады. Қазақстан шенеуніктерінің мұнайға қатысты дипломатиясы әсіресе Каспий өңірінде мұнайдың кен орнынан нарыққа жылжитынына кепілдік береді. Экспорттың басты екі бағыты Каспий құбыр жүргізу консорциумы, Ресейге кететін Атырау-Самара мұнай құбыры және Қазақстанның Қытайға кететін мұнай құбыры болып табылады.
2.3 Әлеуметтік
Мұнай саласынан түскен ұлттық табыстың көбеюі халыққа беріледі де, ұлттық шығындардың көбеюіне әкеледі. Ал, ол шығындар білім, қауіпсіздік, ұлттық экономиканы және инфрақұрылымға инвистициялауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалады. Айтылған салалардың бәрі де Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін көтереді. Мемлекет "шетелдік инвестицияларды мұнайға бай өңірден [мысалы, Атырау] мұнайы жоқ өңірлерге [мысалы, елдің оңтүстігі] бөліп бере алды".Республикада шығындарды шектеуге институтшылдандыру енгізілді, бұл үкіметке шығындар бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік бере алады (Лыонг, Вейнтхал/Weinthal (2010г.: 261). Жекеменшік компаниялар халыққа бағытталмаған. Үкіметтің мұндай қайта бөлуді ұйымдастыруы мемлекет бойынша 2000 жыл мен 2005 жыл аралығында екі есеге азайған кедейлік деңгейін төмендетуге көмектесті (USAID, 2006). Үкіметтің ең үлкен жетістігінің бірі 2008 жылы мұнайдан түскен табысты халық игілігіне жарататын Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорын құруы болатын. Самұрық-Қазына ұлттық қоры Қазақстан Темір Жолы, Қазақтелеком және ҚазМұнайГаз сияқты маңызды ұлттық компаниялардың басты акционері болып табылады. Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің дамуы келетін инвестицияларды мұнайшы-мамандарды даярлауға және жас қазақстандықтарға көмек көрсетуге байланысты үкімет көтерген мәселені шешуге бағыттауға мүмкіндік берді. Сайып келгенде, мұнай Қазақстанның ұлттық рухын көтеруге әсер етеді. Бұған қарамастан, қазақстандықтар көшпелілердің бай мұрасымен берілген тағылымды терең тарихымыз арқылы өздерін бақытты санаса, мұнай және басқа да пайдалы қазбаларымыздан түсетін табыс пен пайда арқылы мақтана алады.
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ
3.1 Экономикалық
Бастапқы қорлардың ашылуына орай инвистициялар тек бір салаға ғана жинақталуы, мысалы мұнай саласына, басқа өнеркәсіп салаларына деген, мысалы жеңіл өнрекәсіп және ауыл шаруашылығы сынды салаларға инвистициялар салудың азаюына қауіп бар. Мұндай салдар алғаш рет 1970- ші жылдары Нидерландыда пайда болғандықтан "голландтық ауру" деген атаумен белгілі. Яғни, басылымдылықтардың барлығы басқа өнеркәсіптерге нұқсан келтіру арқылы газ саласына берілген. Шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқып отыруына шамадан тыс тәуелді болуы (мұнайға деген бағаның өзгергіштігі) өнеркәсіптің басқа салаларына қауіп тудырады. Сонымен қоса, мұнайға деген шамадан тыс тәуелділік әлеуеттік теңсіздікке, жемқорлықтың өсуіне және билікті асыра пайдалануға алып келеді. Біздің жоғары қызметтегі шенеуніктер Қазақстанды тек мұнайлы мемлекет ретінде ғана емес басқа салаларда да танытуды ойластыруда. КНБК.ком берген сұхбатында вице-премьер: " Біз жаңа экономика жасағымыз келеді. Біздің экономикалық стратегиямыз экономиканы әртараптандыруға және шикізат емес секторларын жасауға негізделген" деп айтты. Өкінішке орай, енді жай айтып қана қоймай осы бағытта нақты іс-шаралар жасалуы қажет.
3.2 Саяси
Шетелдік инвесторлардың жобаларымен байланысты бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдар уақытында шетелдік мұнай компанияларының жеке меншік құқығы туралы жымысқы мәселелерін оңтайлы басқарумен Қазақстан әлдеқашан таныс болатын. Бұл тек қатысушы компаниялардың абыройына ғана қаяу түсірмейді, сондай-ақ инвестицияға қолайлы экономикалық жағдай туғызып отырған жаһандық ойыншы мемлекет ретінде Қазақстанға да кірбің түсіреді. Ең соңғы жанжал 2012 жылы Қашаған мұнай кен орны үшін келісім-шарт жасауға сан миллиондаған пара берген итальяндық ENI компаниясына қатысты айыптар пайда болғанда кезде туындаған (Tengrinews). Сонымен қатар, мұнай инвистициялары, әсіресе "құбыр жүргізу дипломатиясының" жоғары деңгейде саяси сипат алуы мұнай құбырларын жобалау мен құрылыс жүргізу мәселесіне келгенде Қазақстан секілді жас мемлекетке тиімді келіссөздерден айырылуы мүмкін. Соның ішінде, даулы мәселе мұнай құбырының бағдарына байланысты. Ресей, Қазақстан, Беларусь арасында Кеден Одағының құрылуы Қазақстан мен Белоруссияға ресейлік арзан мұнайдың сатылуына байланысты шиеленіскен саяси мәселелерді көтерді. "Ресейге қарсы Еуропа" сынды мәселелер қазақстандық мұнай саясаты саласына қатысты жанжалдарда көп айтылады.
3.3 Әлеуметтік
Мұнай шын мәнісінде өзі шығатын өңірмен тығыз байланысты, алайда біздің еліміздің барлық облыстарында мұнай кен орындары жоқ. Батыс Қазақстанда әлеуметтік сипат мұнай мен тау-кен өнеркәсібінен түсетін экономикалық түсіммен тығыз байланысты. Дегенмен, мұнай өнеркәсібінен түсетін пайда қалың бұқара топтарының барлық өкіліне жетпейді. Бұл шындық түрлі аудандарға, тіпті мұнай өндіретін аудандарға қатысты. Алайда, Джинидің (теңсіздік өлшемі) ресми коэффициенті қазіргі таңда тіпті қолайлы және 28-ге тең, бұл статистика Қазақстанның ішкі теңсіздіктің анықталған деңгейінің шынайы ауқымы емес. 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылардың тәртіпсіздігі мен Қазақстандағы еңбекке қатысты туындап отырған даулар - мұнай саласының дамуынан түсетін пайданы қоғамның барлық салалары көрмейтіндігінің көрінісі.
Бірақ та, жағымды белгісі Қазақстанның 2013 жылы Өндіруші салалар жұмысының айқындығы бастамасына мүше болуы. Бұл бастама - табиғат қорларынан түсетін табыстың жариялылығын күшейтуге және есепті басқаруды бірлесіп жүргізетін үкіметтердің, компаниялардың және азаматтық қоғамдардың дүниежүзілік қауымдастығы болып табылады. ӨСЖА-ға мүше болу қоршаған орта жағдайының нашарлауына қатысты мәселелерді шешуге алып келеді. Қазақстанда мұнайдың тез қарқынмен дамуы қоршаған ортаға зиян келтірді, атап айтар болсақ, ауаның ластануы, геология мен жер астындағы сулардың өзгеруі, ең алдымен шикізатты пайдаланудың тұрақсыздығы сынды залалдар орын алды. Табиғат қорлары шынайы байлықтың көзі болып табылады, алайда бүгінгі күнде қуаттың (энергияның) мұнай секілді қайта орны толтырылмайтын көздері қалпына келіп үлгермейтін үлкен қарқынмен пайдаланылады.
4. БОЛАШАҚТЫҢ ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯСЫ
Қазақстан дамуының басты белгісі елімізге айтарлықтай табыс түсіретін мұнай болып табылады. Алдымен, Қазақстан жас мемлекет ретінде басқа мемлекеттердің қателерінен сабақ алуы қажет. Бірақ қазіргі ахуал, яғни еліміздің белгілі аудандары мұнай өнеркәсібіне тәуелді болса, басқа облыстардың табыстары мұнай инвестициялардың экологиялық және әлеуметтік салдарынан жапа шегіп, тұрақсыз деп сипатталады. Бүкіл елді-мекен тәуелді болып отырған мұнай ұңғымасы бір ғана сала бойынша "моно-қалада" тұрып қалған (жұмыс жасай алмай) жағдай болады. Ал, бұған жауап - жасыл энергия деп есептеймін.
Жасыл энергия тұрақты дамуға алып келеді. Адамзат қоғамындағы өмір жағдайы мен қорларды қолдану табиғат жүйелері мен қоршаған ортаның беріктігін бұзбай отырып, бүгінгі күннің және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Тұжырымдаманың Қазақстан үшін зор маңызы бар. Мұнай үлкен экономикалық және техникалық дамуды алып келді. Дегенмен, Қазақстан қазір Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін "өз орнын тапты", сондықтан жасыл энергияның көмегімен тура сондай экономикалық және әлеуметтік дамудың және соған сай инвистициялық энергетикалық саясатты жасаудың кезі туды. Ағымдағы энергетикалық саясат атом энергетикасы, газ және көмір өнеркәсібі үшін уран өндіруді де қосатынын ұмытпағанымыз жөн. Жасыл энергияны қосатын аралас саясаттың амалы негізгі болып табылады, себебі:
Жасыл энергия тек қана Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем үшін дамудың ұзақ мерзімді нұсқасы болып табылады. Мұнай қайта қалпына келетін қуат көзі емес, болашақта олардың кен орындары қайта толтырылмайды. Осы аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған алғашқы инвистициялардың бөлінуінен-ақ жасыл энергияны барлық ұрпақ қолдана алады. Тұрғындар есебінен қуат көзін пайдаланудың қажеттілігі өсіп келе жатқан жас мемлекет ретінде Қазақстан үшін бұның маңызы зор.
Мұнайдың тасуынан туындаған экологиялық салдардың көптілігі соншалық олардың теріске шығару мүмкін емес. Табиғат-ана өте сезімтал екенін білсек, Қазақстандағы табиғи ортаны (далалық биомдар, Арал теңізі, топыраққа шамадан тыс суару мен ауыл шаруашылығының әсері) қатаң бақылауда ұстауымыз қажет және де біздің бұл қайтымсыз салдарларды алдын-алу үшін күшіміз жеткілікті. Қуаттың жасыл көздері қоршаған ортаны қолдай отырып пайдаланады.
Экологиялық таза энергияға назарды аудара отырып, Қазақстан өзін технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында болатыны сөзсіз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Жолдауы, Қазақстан-2050 стратегиясы да Қазақстанның 2050 жылғы қарай әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне бағытталған. Бұл мақсатқа Қазақстан өзінің жасыл технологияларын (су энергиясы, жел, күн энергиясы) дамытуда алдыңғы қатарда болуына байланысты, ал оған Қазақстанды дала мен күннің есебінен жел және күн энергиясын алатын идеалды жер ретінде танытып отырған географиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Бұл экономикалық инвистицияларды қамтамасыз етуге, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге және дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасыл технологиялардың қатарында өздері тудыратын энергияны жасауға жұмсаған энергияның шығынын азайтатын энергия үнемдейтін технологиялары да бар.
Жасыл энергияның бастамасы кіші ауқымда да көрінетіндіктен, жасыл энергиямен Қазақстанның әрбір азаматына назар аударуға болады, соған орай ол азаматтардың ел дамуында нақты бір орны болады.Елімізде мұнай өнеркәсібінің ауыр экологиялық салдарын көргіміз келмейтіні анық, ал жасыл энергия болса энергияның тұрақты түрін жасауға қатысуыма мүмкіндік береді, мысалы, өз үйімнің шатырында күннен қуат алатын батарея орната аламын. Әрине, жасыл энергияны жасауда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алуға болады, бірақ түсетін барлық пайда шетел асып кетеді. Сондай-ақ жасыл энергия Қазақстанның әлемдік экономикалық үдерістерге ықпалдасуына мүмкіндік тудырады. Қазақстан электр желілерінен шалғай жатқан аудандары көп үлкен мемлекет болып табылады. Сондықтан осы аймақтарда күн батареясы мен қайта қалпына келетін басқа да энергия көздерін пайдалануды қолға алу оң шешім болар еді.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбев тұрақты дамудың қолдаушысы болып табылады. Оның "Жасыл көпір" атты серіктестік бағдарламасы Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылып, Қазақстанды "жасыл энергияны" жақтаушы ретінде әлемдік майданға шығарды. "Жасыл көпір" бағдарламасының тапсырмасы: "Конференция барысында Орталық Азия елдерінде экономикалық дамудың "жасыл" саясаты ұсынылды. Конференцияда "Жасыл көпір" бағдарламасының жүзеге асыруға көмектесу және халықаралық ынтымақтастық жөнінде құжаттарға қол қойылды. Бағдарлама Орталық Азия мемлекеттерінің және оған шектес жатқан елдердің ынтымақтастық, қаржылай көмек, технологияларды тапсыру, халықаралық ұйымдар мен жеке меншік секторларының көмегімен білімді пайдалана алу арқылы аумақта "жасыл" экономиканың өсуін басқару бойынша одақтасуын бағамдайды". "Жасыл көпір - 2013" конференциясы 2013 жылы 30-шы қыркүйек пен 1-ші қазақ аралығында Астанада өткен болатын. Бағдарламаны тақылауда көптеген халықаралық деңгейдегі қайраткерлер қатысты. Келесі бір жағымды белгі ол "Энергия үнемдеу -2020" мемлекеттік бағдарламасының жасалуы болып табылады. Бағдарлама 2015 жылға дейін жылдық қалдықтарды 10% - ға дейін қысқарту мақсатымен 2013 жылы қабылданды. Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы - "Болашақ энергиясы", осы арқылы Астана өзіне болашақта дамуы үшін "жасыл" энергияға сүйенетін "болашақтың" қаласы ретінде назар аудартады. Бағдарламаның жүзеге асуы, бұл арманның шындыққа айналуы үшін саясаткерлердің де, жас ұрпақтың да күш салуы қажет. Өкінішке орай, бұл тенденцияны өзгерту үшін қазіргі бастамалар жеткіліксіз. Қазақстан әлі де болса "жасыл" болып ойлана алмай жатыр. Мұнай және газ министрінің сөзіне қарасақ, 2022 жылы мұнай және газды өндіру 1,6 есеге өседі.
Су эенргетикасы ұлттық энергетикалық саясаттың басты элементі болып табылады. Қазақстанда еліміздегі электрэнергияның 12% өндіретін 5 су электр станциясы жұмыс жасайды. Энергияның қайта қалпына келетін саласындағы маңызды орын негізінен су энергетикасына беріледі. Қазақстан су энергетикасына қатысты көршілес Орталық Азия елдерімен трансшекаралық су нысандарына, өзен тораптарына және тоғандарды салуға байланысты біршама мәселелерге тап болды. Су қорына бай Тәжікстан сынды елдермен және де су қоры тапшы Өзбекстан мен Қазақстан сынды елдердің өзара әрекеттесуі қазіргі таңдағы шетін мәселе болып отыр. Әртүрлілік үшін, "су энергетикасынан тыс жасыл энергия" түсінігін қарастырып көрейік. Әлемде үйреншікті энергия көздерімен қатар энергия үнемдеу құрылымын әртараптандыру тәсілімен "жасыл энергияға" көшірген мемлекеттер бар. Бұны бүкіл әлемге үлгі болу үшін Қазақстанға тәжірибе алуға және жаңа тәсілдерді жасау тұрғысында жақсы мүмкіндіктер береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, біз, тәуелсіздігімізді алғаннан бастап мұнай Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуында маңызды орынға ие. Осы уақыт аралығында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, игілік тұрғындарға теңдей тимеді. Қазақстан үшін көп салымдар салған және қайта жаңғырмайтын энергия көздерііне аса тәуелді бұл мемлекеттердің өткен қателіктерін назарға алудың үлгісі.
Мен жасыл энергия болашақ қазақстандық энергетикалық саясатты қамтуы тиіс тетік екендігіне сенімдімін. Қазақстанның мүмкіндігі бар және «жасыл өңдеулердің» бастамасын қолдауы қажет, көбінде президенттің басшылығының арқасында, сонымен қатар халықтың қолдауы мен оның идеяларының арқасында және өзге мемлекеттердің тәжірибесіне арқа арта отырып бұл бастаманы қолға алуымыз қажет. Бұған қоса, біз еліміздің қоршаған ортасы, экономикамыз, саясат пен әлеуметіміздің ауқаттылығы жолында өтелетін бастапқы кезеңдегі үлкен талпыныстарға қарамастан, энергия көздерін әртараптандыруға тырысуымыз, экологиялық таза энергияға баса күш салуымыз қажет.
Дереккөздер
Әдебиеттер
Калюжнова, У. Экономика Каспийского нефтегазового богатства: компании, правительства, политика, (2008)
Луионг, П и Уинтхал, Е. Нефть – не проклятие, (2010)
USAID региональные различия Казахстана: Экономическая Производительность по областям http://pdf.usaid.gov/pdf_docs/PNADG258.pdf (2006)
Онлайн материалдар
http://www.cnbc.com/id/49474343 - CNBC вице-министр Қайрат Келімбетовтің түсініктемелерімен қоса берілген сұхбаты.
www.expo2017astana.com – Вебсайт EXPO2017 Астана
http://gbpp.org/ru/ - Green Bridge ресми вебсайты
www.kazenergy.com – вебсайт KazEnergy
www.kmgep.kz – Каз Мунай Газ уикипедия
www.mgm.gov.kz - Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрлігінің вебсайты
www.nomad.su - Қазақстандағы мұнайға қатысты әртүрлі жаңалықтар, мақалалар.
http://www.petroleumjournal.kz//index.php?p=article&aid1=41&aid2=199&id=457&outlang=3 – мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің Petroleum журналына сұхбаты
http://uk.reuters.com/article/2008/03/28/kazakhstan-nazarbayev-kashagan-idUKL2886149020080328 - Reuters президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаты.
http://www.rfcaratings.kz/reports/oilandgas_report.pdf - Қазақстандағы мұнай мен газ жөнінде есеп.
http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministerstvo-nefti-gaza-kazahstana-svedeniya-korruptsii-otrazyatsya-proekte-213849/ - Қашағандағы ENI сыбайлас жемқорлығы туралы жаңалықтар
http://ru.wikipedia.org/wiki/Нефтяная_отрасль_Казахстана
http://www.renewableenergyworld.com/rea/news/article/2013/08/kazakhstan-uses-renewable-energy-to-expand-regional-leadership - бүкіл әлем бойынша қайта қалпына келетін энергия туралы мақала
Достарыңызбен бөлісу: |