2.1 Жұмысты жетілдіруге арналған түсіндірмелер мен нұсқаулар
Төмендегі түсіндірмеде жұмыстың жақсы тұстары қанат белгісімен (), жетілдіруге келетін әлсіз тұстары (x) және жетілдіруге қажетті ұсыныстар ()белгісімен көрсетілген.
Бұл В деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі. Қазіргі әлемдегі Қазақстан тест спецификациясында бағалау сипаттамалары мен бағалау бойынша қосымша ақпарат берілген.
Бағалау мақсаттары
|
Түсіндірмелер
|
БМ1
Түсініп білу
|
Ізденіс сапасы жақсы
Күрделі тақырып тиімді және кемелді түрде қарастырылған
Түсіндірудің ерекше жоғары деңгейі
Нақтылықты сәйкес әрі дәл қолдана білу
Тиісті де ұқыпты мәліметтер қолданылған
Көптеген қолжетімді қор көздеріне тамаша таңдау жасалынып қолданылған
|
БМ2
Дағдылар:
Талдау, бағалау және және мәселелі тапсырмаларды шешуді орындау
|
Тақырып жақсы таңдалған, себебі талдау мен пікірталас туғызады.
Пікірталас екіжақты жақсы сыналған.
Үміткердің қозғап отырған мәселе бойынша тәуелсіз ой-пікірінің деңгейі жақсы
Жұмыста сипаттау көп
Қорытынды қарапайым жазылған
Сөздің санын сипаттамаға негіздегеннен гөрі талдау жасауға негіздегені тиімдірек болатын еді
|
БМ3
Дағдылар: Коммуникация
пен
презентация
|
Жазу сапасы өте жақсы
Күрделі тақырыптар анық түсіндірілген
Мәліметтерді пікірін негіздеу үшін қолдану орнына, пікірін одан әрі сипаттауға қолдану бейім
Сілтемелердің әр дереккөзі тиісті шарттарды қолданып ұқыпты орындалуы қажет
|
3 2-ші тапсырма (С деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)
________ қаласы
___________бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Тақырып: ‘‘ Қазақстан Кедендік Одақта: әрі қарай қайда барамыз?’’
(2436 сөз)
Орындаған: ____________________________
(аты-жөні, қолы)
Жетекші:______________________________
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор_________________________
(аты-жөні, қолы)
Қаланың атауы, 2015
КІРІСПЕ
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан - Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кедендік Одақтың (бұдан әрі-КО) негізін қалаушылардың бірі. Бұл қадам тек Қазақстан мен қатысушы мемлекеттердің экономикалық жағдайы үшін ғана емес, сонымен қатар, Еуразиялық интеграция жобасына қатысу үшін маңызды болып отыр. Өз есебімде, мен Кедендік Одақтың пайда болуының алғышарттары мен КО экономикалық негіздемесін ұсынамын. Мен, КО Қазақстандағы Еуразиялық интеграцияны ілгері бастыратын ықтималды құралы ретінде қарастырамын. Мен жаһанданған әлемде күшті, біртұтас Еуразиядағы КО болашағы мен Қазақстанның рөлі туралы өте сақ оптимизммен аяқтаймын.
1.1 РЕСЕЙ, БЕЛАРУСЬ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ОДАҚ
Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кедендік Одақ (КО) 2010 жылдың 1 қаңтарында құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінде кедендік баж салығы және КО аясындағы экономикалық шектеулер туралы жалпы Кедендік Кодекс енгізілді. Үшінші елдердің тауарлары жалпы кедендік тариф бойынша әкелінеді. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріңғай Экономикалық Кеңістік Кедендік Одаққа мүше елдерде өз күшіне енді. Комиссия Еуразиялық Одақтың жұмысын 2015 жылы енгізуге байланысты 2011 жылдың 19 қарашасында Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған болатын. Ішінара 2000 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа негізделген комиссия құрамына Қырғызстан мен Тәжікстан кіретін Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық пен Кедендік одаққа жауапты. Еуразиялық комиссияны үш елдің Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің премьер-министрлерімен және департаменттерімен басқарылады. Комиссия кеден, бәсекелестік және көші-қон жөніндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комиссия КО пен ЕЭҚ келісім-құқықтық негізін құрайтын халықаралық келісім-шарттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Еуразиялық Одақ идеясы КО-мен байланысты және оны алғаш рет Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.
Ресей, Қазақстан және Беларусь біріккен сауда күші ретінде 17.1 триллион АҚШ долларын құрайтын ЕО ЖІӨ-мен және 14.8 триллион АҚШ долларын құрайтын (2011 ж. мәлімет) АҚШ ЖІӨ-мен бәсекеге түсу үшін 2.1 триллион АҚШ долларын (3% әлемдіктен) құрайтын атаулы ЖІӨ бар. Кедендік Одақ сондай-ақ тауардың техникалық талаптары мен ережелерін де үйлестіреді. Үш мүше елдің азаматтары КО аясында тек ішкі паспортпен ғана жүре алады.
Еуразиялық Одақ Кедендік Одақтың "жалғасы" болып табылады, алайда 2015 жылға дейін КО құрамына Армения, Қырғызстан және Тәжікстанды енгізу жоспарлануда. Бұл екі ұйым бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты, кейде екеуін шатастырып жатады.
1.2 КЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Кедендік Одақ ішкі тарифі және сыртқы сауда саясаты ортақ еркін сауда аймағынан тұратын сауда одағы болып табылады. Бұл дегеніміз мүше емес елдерден импорт үшін барлық мүше елдердің кіру тарифімен бірдей алынады. Кедендік одақтар, ережеге сай, мүше елдердің арасында экономикалық тиімділікті арттыру үшін және тығыз байланыс орнатуға бағытталғын. Кедендік және басқа да одақтар түрлі пішінде болуы мүмкін және онда географиялық жақындық басты рөлді ойнайды (Лестер и Меркурио, 2009).
Кедендік одақтан да еркін болатын еркін сауда туралы келісім мүше емес елдердің тауарлары тарифі төмен мүше ел арқылы кіргізіліп, одан соң одақ ішіндегі мүше мемлекеттер арасында еркін қозғалысты пайдалануы мүмкіндік береді. КО мүшесі ретінде Қазақстан бұл мәселені мүше емес елдердің кедені туралы ортақ ереже арқылы шеше алады. Мысалы, Минскіге бара жатқан қытай электроникасын импорттау үшін Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск арқылы импортталатын тарифпен бірдей Хоргос арқылы Қазақстанғада импорттауға болады.
Кедендік одақтарды жаһанданудың құралы және жаһандану жағдайында экономикасына қолайлы болып табылатын жолдарда мемлекеттер мен аймақтық кластерлердің біріге жұмыс жасауының тәсілі ретінде қарастыруға болады. Жаһандану дегеніміз саудаға, капиталдың қозғалысына және инвестицияға, көші-қонға және адамдардың қозғалысына, білімдердің таралуына әсер ететін халықаралық ықпалдасуының үдерісі болып табылады (МВФ, 2000). Жаһандануды тап мұндай қарастыру бұл эссенің шеңберінен шығып кетсе де, кедендік одақтар мен аймақтық сауда келісімдері жаһандану үдерісінде қолданылатын қарапайым құралдар болып табылатынын айта кету керек.
КО тіпті әлемдегі бірінші аймақтық Кедендік одақ емес. Қазіргі әлемдік мысалдарға Оңтүстік Африканың Кедендік одағы (1910 жылы құрылған) мен Оңтүстік жалпы нарықты (МЕРКОСУР) (1991 жылы құрылған) жатқызуға болады. Еуропалық Одақпен (ЕО) салыстыруға келмейді, себебі ЕО Барнард анықтап кеткендей (2004: тізім 9 беттегі кестеден алынған) интеграция кезеңдерін көрсететін теңдессіз қатаң Одаққа айналған. Дегенмен бұл үдерістің қарапайым нұсқасы ғана, Қазақстанға "алға жылжудың жолдарын" қарастыру тиімдірек:
Еркін сауда аймағы (мүше елдер тауардың өз ішінде еркін қозғалуы үшін барлық кедергілерді жояды, бірақ әрбір ел мүше емес елдермен сауда қатынастарын реттеуде автономдықты сақтайды);
Кедендік одақ (FTA (free-to-air – «тегін хабар тарататын») және одаққа мүше емес елдерге қатысты жалпы сыртқы саясат);
Ортақ нарық (CU + адамдардың, қызметтердің, капиталдың еркін қозғалуы);
Валюталық одақ (СМ + біріңғай валюта);
Экономикалық одақ (MU + орталық ұйыммен басқарылып отыратын біріңғай ақша және қазына саясаты);
Саяси одақ (экономикалық одақ + орталық ұйым теңгешілдік және қазына саясатын орнатады; орталық парламент);
Толық одақ (экономиканың толық бірігуі және әлеуметтік қамысыздандыруға, табыс салығына қатысты ортақ саясат).
ЕО қазіргі кезде ортақ нарыққа қол жеткізген. Сондай-ақ Еуроаймаққа валюталық одақпен кірген кейбір штаттармен де ортақ нарыққа қол жеткізген. Мұндай екі жақтылық өзіндік мәселелер туындатады. Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы КО кейбір мағынасында "мұзтаудың басы" ғана болып табылады, дегенмен бұл сіздің қандай интеграцияның қалайтындығыңызға байланысты. Қалай жасаса дұрыс болатындығын (нені жасаудың керек еместігі) түсіну үшін Қазақстанға әлем тарихынан көптеген мысалдар келтіруге болады.
Халықаралық экономикалық одақтардың негізгі үрдісі Екінші дүние жүзілік соғыстан соң сауда қатынастарында екі жақты басымдыққа жағдай жасаудан көп жақты және аймақтық сауда қатынастарына қозғалыстар басталды, мысалы тариф және сауда бойынша Негізгі келісімнің пайда болуы (ДСҰ негізін қалаған ТСНК) (Лестер и Меркурио, 2009).
1990-1991 ж.ж Қазақстанның және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің тәуелсіздік алуы ортақ үрдістен ауытқуларға бастау болды, өйткені "қайтадан құрылған халықтар. 1990-шы жалдры екі жақты қарым-қатынастың кішкене қайта жандануына алып келді" (Лестер и Меркурио, 2009: 1). Кейбір жағдайда Қазақстан және басқа да бұрыңғы кеңес республикалары КСРО аясындағы алатын экономикалық жағдай мен мәртебеден әлемдік экономикалық жүйедегі экономикалық жағдай мен мәртебесі бар бағдарға ауысты. Мен айтар едім, өзге де бұрыңғы кеңес республикаларымен өзара байланысы кейбір жағдайда жаңа экономикалық тәртіптердің қайталауы секілді.
Бұл жердегі тәуелсіз мемлекеттерде бар көп жақты, аймақтық және екі жақты сауда қатынастарының шырмауындағы "шырмауларды қолдай отырып және де міндеттерге қарсы келуі мүмкін болса да жауып тастау" сынды келіссөздердің мерзімін ұзарту және жүргізу болып табылатын негізгі кезең Кедендік одақтағы Қазақстанның рөлі әлемдік жаһанданудың тарихи үлгілерінде өтілген (Лестер и Mercurio, 2009: 2).
1.3 ҚАЗАҚСТАН КЕДЕНДІК ОДАҚТА
Кедендік Одақ үш қатысушы елдердің халықаралық бәсекелестік жағдайындағы сауда ұстанымдарын нығайтуға бағытталған. Мен КО Қазақстанның ұстанымына және оның КО елдерінің "оң және теріс" жақтарына әсеріне назар аударамын. Әрбір қатысушы мемлекеттің "теңестіру рәсімі" мен артықшылықтары бар. КО Қазақстан қандай өзгерістер әкелгенін түсіну үшін, алдымен тәуелсіздік алғаннан кейінгі бұл елдің экономикалық дамуына қатысты бірнеше тармақтарды қарастырып көрелік. Тәуелсіздікті алғаннан кейін, шетелдік сарапшылар Қазақстанға құнсыздану мен тұрақтылықты бақылауда ұстауға кеңес берді (Блэкмон, 2011:11). Бұл жол Қазақстанға басқа Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда 1990 жылдары ХВҚ мен Дүниежүзілік банктан кредиттер алып, алғашқы қадамдар жасауға қолайлы мүмкіндіктер берді (Хусаинов, 2009). Ары қарайғы тұрақталған жағдай тікелей Қазақстанға, соның ішінде энергетика саласына шетелдік инвестицияларды
(ПИИ) ұлғайтты. Бұл жағдай "ауыр салмақты" Ресеймен және Беларусьпен жасалған келіссөздерде сыртқы экономикалық саясаттағы Қазақстанның берік ұстанымын көрсетті (Блэкмон, 2011) және Кедендік Одаққа мүше болуына ықпал етті.
Әйтсе де, географиялық жақындық, өнеркәсіптік саясат және экономикалық қорлар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде Ресеймен тығыз байланыста болғанын білдіргенімен, екі мемлекетті толығымен бірге дамыды деп айту әділетсіз болар еді. Соның ішінде мұнай саласында Ресейден шамадан тыс тәуелділікті шектеуге байланысты шаралар жасалған болатын.
Қазіргі уақытта Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүше болуы, ал Қазақстан мен Беларусьтың ДСҰ мүше емес, талапкер болуынан КО жұмыс істеуіне байланысты шиеленістер туындай бастады.
2. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ: КЕДЕНДІК ОДАҚ НЕ КҮТЕДІ?
Қалыптасқан күнінен бастап, Кедендік Одаққа қосылуға қызығушылық танытқан бірнеше мемлекеттер болды. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Тәжікстан ресми үміткер мемлекеттер болып табылады. Жақында Армения (Тенгри ньюс, 2013 ж., қыркүйек) мен Өзбекстан (Rosbalt.ru, 2013) КО мүше болатындығы және қосылатындығы туралы қызығушылықтарын білдірді. Украина ЕО және ДСҰ кіруге байланысты өз жоспарларына байланысты қосылуды қаламайды, бірақ бақылаушы деген мәртебесі бар. Мұндай мәлімдемелерге кертартпалық бұл мәселенің өте саясаттандырылған мән-жайына үңілуге мүмкіндік береді. Қазіргі кесте бойынша Еуразиялық Экономикалық Одақтың 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы үшін 2014 жылы мамыр айында Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Шартқа қол қою жоспарлануда. Бұл қадам қатысушы мемлекеттер арасында қалған барлық жеңілдіктер мен шектеулерді, әсіресе мұнай-газ өнімдері мен құбыр жүргізу бойынша, негізінен Ресейдің Қазақстан мен Беларусьқа арзан сауда-саттық болатынына байланысты қайшылықтарды жояды.
Көптеген отандық және халықаралық сыншылар Кедендік Одақты Еуразиялық интеграцияның үдерістерімен, әрине кең спектрде теңестіреді. Бұған дәлелдің бірі "жетекші Ресей" үдерісі болып табылады. Идеологиялық дәлелдер мүшелікте болуға қажетті экономикалық жағдайлары және экономикасы дамымаған елдердің, мысалы Қырғызстан сынды елдің мүше болып отырған басқа елдерге "әсер ету" мүмкіндігі туралы сұрайды. Қырғызстанның кіруі ары қарай Тәжікстанның кіруіне жол ашады.
Кедендік Одақ үшін "Енді қайда?" деген сұрақтар бірінен соң бірі шыға келетін интеграциялардың түр-түріне алып келеді (Барнард, 2004). Бұл дегеніңіз бір секторға бірігу яғни, мысалы техникалық стандарттарға қатысты қайшылықтар азая түсетіндіктен. Мәжбүрлілік қарама-қарсы секторлардың, мәселен ЕО Валюталық Одақ сынды бірігулерге алып келеді.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
Дегенмен, біз Еуразиялық интеграцияның даулы үдерістері күрделі болып табылатынын және де жай қарама-қайшылық еместігін ұмытпауымыз қажет. Біздің аймақта еуропалық та, азиаттық та ұқсастықтар шиеленісетіндіктен, Еуропамен де, Ресеймен де санасу орынсыз, мұндай интеграция ешқандай пайда келтірмейді. Біз қарқындап дамып келе жатқан аймақта өмірс сүреміз және бейбітшілікті жақтаушылар болып табыламыз. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты дипломатиялық бағыт бойынша абайлап және тура дамып келеді. Қазақстан Кедендік Одақ бойынша "Ресеймен", Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) бойынша "Батыспен", ДСҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банк және т.б арқылы "әлеммен" байланыса алады. Мұндай көптеген реалийлердің бір мәмлеге келуі нағыз мәселеге айналып жатыр.
Қазақстан үшін Кедендік Одақ - бұл біздің еліміздің жаңа ұқсастықтарды жасауда әрдайым үдерістің бөлшегі болып табылатын халықаралық майдандағы қызметінің бірнеше тәсілдерінің бірі. Мұнда "Ресей Федерациясымен" және халықаралық қауымдастықтармен қарым-қатынас формуласына қарсылық та кірген (Абазов, 1999). Бір ғана Ресеймен тәуелсіздік алғаннан бері, бұрынғысынша "обьективті факторлар (экономикалық және т.б) және субъективті себептердің (мысалы, Крмельдегі билікке талас)" әсерінен туындаған экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелермен кездесіп отыр (Абазов, 1999: 59).
Еуразиялық интеграция қажет пе, әлде жоқ па деген бұл "Еуразия дегеніміз не?", "Еуразияны қалай біріктіруіміз қажет?" және сондай-ақ "Еуразияны біз біріктіре аламыз ба?" сынды сұрақтарды көтеретін басқа мәселе. Бірігуді тек қорғану ғана емес, жаһанданудың үдерістерін үйлестіруші ретінде қарастыруға болады. Қазақстан жаһанданудың бөлшегі болып табылатындықтан, КО мүше болу, КО қайта құру элементтері сынды сәйкес шараларды қабылдауы қажет. Мысалы, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның департаментінің негізін азаматтар құрайды, сондықтан да ондағы шенеуніктердің 10% ғана қазақстандық азаматтар болып табылады. Тағы бір мысал, ЕО демократиялық құрылымы мен басқару механизмі халқы мен экономикалық қуаттылығы Германия сияқты елдердің толығымен Орталық және Шығыс Еуропадағы шағын мемлекеттердің әсерінде болмайтындығына кепіл береді.
КО оң және теріс жағына қарамастан, Қазақстан таңдауы тиіс оңтайлы бір шешімі бар. Еуразиялық интеграция үлгілеудің көмегімен әртараптандыру уақытысында, әсіресе экономикалық қарсыластармен бәсекелестік, елдің саяси және әлеуметтік ахуалы салдарынан шығатын қаупсіздік жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етуді қолдайды. Аймақтық күш, мәселен ЕО сынды одақтарға ДСҰ-да өте пайдалы, келіссөздер барысында мемлекеттердің тобы айтарлықтай дауысқа ие болады. Кедендік Одақ жеңлдетуге көмектесе алатын Қазақстанның өзіндік мәселелері бар. Үлкен аумақ, тұрғындар санының аздығы және елдің барлық бөліктерімен тасымал жолдарының қиындығы Кедендік Одақтың Қазақстанға мысалы ЕО, АҚШ, Қытай және т.б әлемдегі "ірі ойыншылармен" сыртқы экономикалық байланыстардағы мәселелерде берік ұстаным беретіндігін білдіреді.
Міне, сондықтан да мен "Қазақстан және Кедендік Одақ" деген тақырыпты емес, "Қазақстан Кедендік Одақта" деген тақырыпты таңдадым. Екі тақырыптың айтылуы ұқсайды, ал мағыналарында айырмашылық бар. Қазақстан Кедендік одақтың негізін қалаушылардың бірі, сондықтан Кденедік одақтың бөлшегі болып табылады. Алайда, Қазақстан бұрынғысынша тәуелсіз, егеменді мемлекет екенін ұмытпауымыз қажет. Менің дәлелім, Кедендік одақ Қазақстан үші жаһандану үдерісіне қатысуға ықтималды құралдардың бірі болып табылады.
КО пен Қазақстанның ондағы рөлі Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы басшылығының арқасында Қазақстан жетекші рөлге ие болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ), Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), Азиядағы іс-қимыл және өзара сенім шаралары конференциясы (АІӨСК), Жаңа жібек жолы және басқа да еуразиялық ынтымақтастық келісімдерімен қатар жүзеге асырылуы қажет ( Абазов, 1999). Қазақстан өзін бейтарап, әсіресе дипломатияда және жаһандық бастамаларда көпұлтты мемлекет ретінде танытып отыр. Оларды Шанхай ытымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сынды пан-азиаттық ұйымдар және әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен ДСҰ үшін маңызды жаһандық экономикалық конфигурациялар толықтырады. Қазақстан сондай-ақ НАТО "Бейбітшілік үшін серіктестік" және ЕҚЫҰ сияқты әлемдік майдандағы қауіпсіздіктің "әртістерімен" үйлесімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылуды. Қазақстанның 2010 жылы басшылық етуі тек президентіміз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін шарықтау кезі болды. Энергетикадағы бастамаларға энергетика саласындағы халықаралық ықтымақтастыққа әсер ететін Kaz Energy Еуразиялық энергетикалық форум кіреді. "Қазақстан - 2050" бағдарламасының 6 тарауы ұлттық мүдделерді көтеру мен аумақтық және ұлттық қауіпсіздікті бекітуге бағытталған. Кедендік Одақ және басқа да топтасу епті басшылар пайдалана алатын ең күшті дипломатиялық тәсіл болып табылады.
Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтардың шыңында Қазақстанның түрлі аймақтық және аймақ аралық одақтарындағы әрекеттерін басқарып отыратын экономикалық және саяси факторлардың бар екендігін көрсететін сындарлы тәсілін жалғастыруы қажет. Оған қоса, Түркия, Иран және Қытай сынды көтеріліп келе жатқан державалар халықаралық майдандағы Қазақстанның экономикалық және саяси қарым-қатынасында маңызды рөлді алып жатыр. Қазақстан үшін маңызды мәселе осы ұйымдар мен конфигурациялардың Қазақстан мүддесі үшін жұмыс істеуін, олардың қалай өзара әрекеттесетіні, қалай қарама-қайшылыққа түстендігін және де әрбір ұйымның артықшылығын Қазақстанның және жалпы Еуразияның игілігі үшін пайдалануды қалай жасаймыз. Түрлі халықаралық тәжірибе Қазақстанды еңбегі сіңген жаһандық ойыншы ретінде көрсетеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон осы ойын Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Идрисовпен кездесу барысында айтқан болатын: " Біз Қазақстанды тек аймақтық ойыншы ретінде емес, әлемдік көшбасшы ретінде қарастырамыз. Көптеген елдер ядролық қаруды таратпауға байланысты Қазақстанмен салыстырылады". Бұл жеке және мемлекеттік құрылымды жаңа, көпдеңгейлі басқарудың белгісі болып табылады және Қазақстан өз дамуын осы бағытта жалғастыруы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындыда, мен сұрақ қойып және оған жауап берген мәселе "Қазақстан және Кедендік Одақ " емес, "Қазақстан Кедендік Одақта" болғанын айта кеткім келеді. Шындығында сол, Кедендік одақ қатысушы мемлекеттерден тыс елдермен өзара әрекеттесуді білдіретін еуразиялық интеграцияның үдерісінде жүргізіліп және де жедел дамып отырған ағымдағы кең көлемді құрал болып табылады. Дегенмен, КО және тағы басқа топтарды жаһандық әлемдегі жаңа халықаралық ұқсастықты жүзеге асыру үшін пайдаланылатын құралдар ретінде қарастыруымыз қажет деп есептеймін. Бұны Қазақстан айтарлықтай жасап келеді: жаңа жаһандық ойыншы ретіндегі құлшыныспен әлемді жаңа көзқараспен көре алу қабілеттілігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауы "Қазақстан - 2050" стратегиясының 7-тармағында "Мен болашақтағы Қазақстанды қалай көремін?" деген сұраққа Мен әлемдік майданда өз ұстанымдарын Еуразияны ғана емес, өз азаматтарының және жалпы адамзаттың жағдайын күшейтуге бағытталған бастамалар негізінде айта алатын қарқынды, тәжірибелі, дипломатиялық Қазастанды көремін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Абазов, Р (1999) Формирование постсоветской международной политики в Казахстане, Кыргызстане и Узбекистане
Барнард, C (2004) The Substantive Law of the EU: the Four Freedoms
Блэкмон, П (2011) В тени России
Хусаинов, Б (2009) Роль бизнеса в модернизации экономики Казахстана: сотрудничество с Россией и странами Центральной Азии
Халықаралық валюталық қор (2000) Жаһандану: қауіп пен мүмкіндіктер
Лестер, С и Меркурио, Б (2009) Двусторонние и региональные торговые соглашения: случаи
http://news.belta.by/en/news/politics?id=730616 – 2013 жылдың 10 қарашасындағы мәліметтер
http://www.eurasiancommission.org/ru - Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайты
http://www.rosbalt.ru/exussr/2013/11/13/1198925.html - 2013 жылдың 19 қарашасындағы мәліметтер
http://ru.wikipedia.org/wiki/Таможенный_союз ЕврАзЭС 2013 жылдың 3 қарашасындағы мәліметтер
http://tengrinews.kz/world_news/stranyi-tamojennogo-soyuza-podderjali-namerenie-armenii-kyirgyizstana-voyti-ts-244254/ 2013 жылдың 1 қарашасындағы мәліметтер
www.tsouz.ru - Кедендік одақтың бұрынғы ресми сайты мұрағатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |