Бағдарламасы Қаз«назарбаев зияткерлік мектептері»


Жұмысты жетілдіруге арналған түсіндірмелер мен нұсқаулар



бет6/9
Дата31.12.2019
өлшемі0,76 Mb.
#54978
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.1 Жұмысты жетілдіруге арналған түсіндірмелер мен нұсқаулар

Төмендегі түсіндірмеде жұмыстың жақсы тұстары қанат белгісімен (), жетілдіруге келетін әлсіз тұстары (x) және жетілдіруге қажетті ұсыныстар () белгісімен көрсетілген.


Бұл С деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі. Қазіргі әлемдегі Қазақстан тест спецификациясында бағалау сипаттамалары мен бағалау бойынша қосымша ақпарат берілген.



Бағалау мақсаттары

Түсіндірмелер

БМ1
Түсініп білу

  • Өте жақсы жан-жақты деңгей

  • Мазмұнның түгел сәйкестігі

  • Күрделі мәселелердің жақсы түсінігі

  • Дәйексөздер мен әдебиеттердің сапасы жоғары

  • Ақпарат көздері мен мәліметтер өте жақсы қолданылған

  • Түрлі тақырыптардың кең ауқымын түсіну айқындығы

  • Пікірін дәлелдеу және нақтылау үшін кесте мен диаграмма мысалы: біріңғай сауда күштеріне қатысты қолдануға болатын еді.

БМ2
Дағдылар: Tалдау, бағалау және мәселелі тапсырмаларды шешуді орындау

  • Кіріспе сауатты жазылған

  • Қолданылған мәліметтерді қайталанып, жеке көзқарас келтірілмеген

  • Жұмыстың басым бөлігі жалпылама шолу мен мәліметтерге толы, осыларды қолданып шешім қабылдауға болатын еді

  • "Еуразиялық интеграция қажет пе, әлде жоқ па - ол басқа мәселе"- деген сөйлем оқушының жеке пікірін көрсетпейді

  • Мәселелер, дегенмен жақсы зерттелсе де, ой-пікірдің анықсыздығы жоғары бағалауға әкелмеді

  • Қорытындыда мықты талдау және бағалау дағдыларын көрсету орнына осыған дейін айтылған ой қайталанған

  • Жоғары баға алу үшін Кедендік Одаққа қатысты мәселелер мен бүгінгі талқылауларға қатысты жоғары деңгейдегі түсініктемелер мен үміткердің тәуелсіз әрі нық өз ой-пікірі болуы тиіс

  • Ең жоғарғы бағаны алу үшін, курстық жұмыс басынан бастап аналитикалық талдаудан басталуы керек, яғни, жұмыстағы басты "баға ұтушы" талдаудың маңыздылығын түсінуінің көрсетілуі.

БМ3
Дағдылар: Коммуникация және презентация

  • Анық баяндалған және нақты мәліметтер жақсы қолданылған

  • Жалпы коммуникация сапасы жақсы

  • кіріспе / нәтижелер толығымен сәтті болмады, себебі кіріспеде талқылау жақсылап айтылмады, ал қорытындыда қайталаулар көп

  • Құрылымы жағынан көп сипаттамалы емес анық әрі үйірлі бастамасы бар жұмыс жоғары бағаға лайық болар еді





4 3-ші тапсырма (Е деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)


________ қаласы

___________бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСАТЫ
Тақырып: "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы не білесіз?"
(2436 сөз)



Орындаған: ____________________________

(аты-жөні, қолы)
Жетекші:______________________________

(аты-жөні, қолы)



Ішкі модератор_________________________

(аты-жөні, қолы)

Қаланың атауы, 2015


Мен "Қазақстанның Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев кім?" деген сұраққа жауап беретін тақырыпты таңдап алдым. Еліміз туралы көп білгіміз келсе, бұл маңызды мәселе екенін естен шығармауымыз қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ҚР Тұңғыш Президенті. Еліміз үшін жасаған ерең еңбегі үшін халқы оны "Ұлт көшбасшысы" деп атайды. Халқымыз үшін маңызды тұлғаға бұл - асқақ мәртебе. Мен Елбасымыздың өмірі туралы және тәуелсіз мемлекеттің Президенті қалай болғандығы жөнінде кішкене тоқтала кеткім келеді. Одан соң біз оның қазіргі Қазақстандағы жетістіктері туралы айтамыз. Ол біз үшін, яғни Қазақстанның жас ұрпақтары үшін көшбасшы ретінде маңызды, ал, әлемдік аренада ол Қазақстан туралы жақсы пікір қалдырады. Қазастанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі қарапайым жұмысшы болды, Бұл кез туралы Президент былай дейді: "Соңғы уақытта жұмысшы отбасынан шығып асқақ болу үрдісі басқаға - кез-келген жолдар арқылы өз үрім-бұтағынан "асыл текті" іздеумен ауыстырылды. Біздің отбасыда ондай болмады. Мен ешқашан ақсүйек болмаған шопанның баласымын, немересімін, шөбересімен. Менің ата-бабам Алатудың бөктерінде өмір сүрген". Нұрсұлтан Назарбев орыс тілін көптілді Шамалған ауылында үйренген. Мектепке Алматыға жақын Қаскелеңдегі мектепке барады. Мектептен соң Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істейді. Теміртау - Қазақстанның маңызды металлургиялық-өнеркәсіптік қаласы болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев домна пештерінде жұмысшы болды. Біраз уақыт Днепропетровск металлургиялық зауытында оқыды. Оны "Үздік" деген белгімен бітірді.

Президент Назарбаевтың жас кезі (сол жағында)
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1962 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Респубикасының Коммунистік партиясына мүшелікке өтеді. Сол уақытта ол Комсомолда партия қызметкері болып жұмыс атқарды. Қарағанды металлургиялық комбинатының хатшысы болды. Кейін 1972 жылы Қарағанды облыстық комитеттің екінші хатшысы болды. Бұл өнеркәсіптегі жұмысшылармен бірлескен жұмыс болатын. Ол жұмысшылардың жағдайын жақсартуға және осы мәселелердің шешілуі үшін аянбай еңбек етті.

Қазақстан Президенті туралы "Ол қарапайым халық арасынан шықты" деп айтып жатады. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым отбасыда дүниеге келгендіктен халықтың қажеттіліктерін бес саусақтай білді. Біз, тәуелсіздік алғаннан бергі барлық әлеуметтік-экономикалық реформалар халық игілігі үшін жасалып жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақстанда барлық деңгейдегі оқу орындары салынған, Қазақстан халықының тұрмысын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әрдайым халықпен кездесіп отырудың нәтижесінде, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірде-бір өңірін назардан тыс шығармады, сондай-ақ елімізге қатысты барлық өзекті мәселелерден хабардар болды.

Кейін Нұрсұлтан Назарбаев ҚазКСР министрелр кеңесінің төрағасы болды. Осы қызметте жүргенде ол Қазақстандағы Коммунистік партияның реформаларын жетілдірді. Кейін Геннадий Колбиннен кейінгі Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болды. 1990 жылдың 22-ші ақпанынан 24 сәуіріне дейінгі аралықта ҚазКСР Президенті болды. 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан КСРО-дан тәуесліз болды. 1991 жылы 1-ші желтоқсанда ол бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Президент болып сайланды (91.5%). Содан бері 1995, 1999, 2006, 2011 жылдары дауыс беру жолымен қайта сайланды. Төменде 3-ші сәуірдегі соңғы сайлаудың кестесі берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет