Пәннің мақсаты: студенттерде денсаулық сақтаудағы нарықтық экономика жағдайында болашақ кәсіптік қызметін тиімді басқару үшін қажетті білімнің, іскерлік пен машықтардың кешенін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: Мейірбике ісінде әкімшілік процесс пен менеджменттің негіздері туралы білім қалыптастыру;
әкімшілік процесс пен менеджменттің қазіргі тұжырымдамаларымен таныстыру;
медициналық мекемелердің жұмысы жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау машықтарын үйрету.
Білім берудің қорытынды нәтижелері Студент білуі керек: ЕПБ әкімшілік процесті реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін;
әкімшілік процесс пен менеджменттің негізгі терминдері мен ұғымдарын;
басқару әдістерін, принциптерін, функцияларын;
басқарушылық шешімдерді қабылдауға әсер ететін проблемалар мен факторларды тиімді шешудің негізгі кезеңдерін;
басқарушылық шешімдерді қабылдау деңгейлері мен әдістерін;
басқарудың негізгі стилдерінің салыстырмалы сипаттамасын;
денсаулық сақтаудағы менеджменттің принциптерін, функцияларын, әдістерін;
денсаулық сақтаудағы менеджменттің ұйымдастырушылық құрылымын.