Бағдарламасы «Балалар психологиясы»
1.3. Пәннің мақсаты Студенттергі мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін дамыта меңгертіп, мамандыққа сәйкес білім-біліктілік дағдыларын қалыптасыру. 1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: балалар психологиясы студенттерді психологиялық кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді. мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуың, қалып-күйлерін, қасиеттерін жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып меңгертеді. оқыту мен тәлім-тәрбие істерін жүргізтудегі әдіс-тәсілдердің өзекті мәселелерін психологиялық тұрғыда негіздеу. студенттерді мектеп жасына дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес, психикалық даму жайында қажетті мағлуматтармен қаруландыру. студенттерді бала психикасының ерекшеліктерімен таныстырып, өзін-өзі тани білуге баулу. 1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде студент: Бала психологиясының кезеңдері бойынша сипаттама бере білуге, және алған білімдерін іс- тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Әрбір кезеңнің өзіне ғана тән ерекшелігі болатындығына танымдық процестерінде индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру. Дамудың әр кезеңіндегі қарым- қатынас, қоғаммен, отбасы мүшелерімен, ұстаздармен, өз құрбыларымен қарым- қатынас ерекшеліктері, осы қарым- қатынас түрлерінің бала дамуына әсерлерін анықтау. 1.6 Курс пререквизиттері: Жалпы психология, анатомия- физиология, философия, тарих, мәдениет тану 1.7 Курстың постреквизиті: - гуманитарлық пәндер 2 . Пәнді оқып-зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Балалар психология пәні бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс. Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
Бағдарлаушы Түсіндіру сендіру Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады. Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады. Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет; аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру; дәріске деген студент қызығушылығын туғызу; студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс; студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу. Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі. тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу; мазмұнды дәлелдеу; материал мазмұның ақпараттығы; материалдың проблемалылығы. Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық – оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады. Дәріс мазмұнына дайындық І – кезеңде дәріске дайындық: - мақсат қалыптастыру; - аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады; - студенттердің даярлық деңгейін анықтау; - теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады. Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек. Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады. Дәріс арқылы тек ақпарат берілмейді, студенттердің ғылыми ойлауы қалыптастырылады. Беріктілігі. Студенттердің негізгі түсінік, заңдылық, зерттеу әдістерімен түсінуін, қамтамасыз етеді. Әсіресе терминдер жүйесіне үлкен көңіл бөлу қажетті. Психология ғылымында терминология күрделі. Дәріс барысында арнайы терминология жүргізу қажет: сөздердің этимологиясын қарастыру. Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады: Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады. Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды. Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 – 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек. Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме). Материалды түсіндіру және дәріс формасына қарай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді құралдар пайдаланылады:
бекітетін негізгі сұрақтармен; оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру; сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну; кері байланыс қамтамасыз ету. Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады. Қорытынды. Дәрістің негізгі идеяларын жинақтап қорытындылайды. Тақырыпқа сай ұсыныстар беріліп, қиындытарды жою жолдары көрсетіледі. Дәріс талапқа сай аяқталуы қажет. Сөзді бөлмей, дәрісті соңфна дейін аяқтауға уақытты үнемдеу керек. Дәрісті аяқтау арқылы студенттер сұрақтарына жауап беріледі. Қорытынды шығарылып, өзіндік жұмысқа нұсқау беріледі, әдебиеттер ұсынады. Дәріс жағымды эмоционалды көңіл күймен аяқталуы тиіс. 3 Курс саясаты. Студенттерге қойылатын талаптар: Сабаққа кешікпеу. Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу. Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау. Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу. ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау. 4 Ұпайлық, пайыздық және әріптік эквивалентінде бағалау шкаласы Кесте 6
5 Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс бағдарламасы Кесте 2 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі
6 СӨЖ хабарламалары, рефераттарының тақырыптары Кесте 3
7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі Кесте 4
Белгілеулер: Р-реферат; К-конспект; Х-хабарлама; СХ-схема; Б-баяндама; Таб.-таблица; Т-тест. жүктеу/скачать 244,63 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |