БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов


«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і



бет4/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,69 Mb.
#28822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і «Химпром» ЖШС-ң базасында құрылған, ферросиликомарганец өндіреді. Өндірілген өнімнің негізгі тұтынушылары болып, Ресей, Қазақстан, Украина және Өзбекстан болып саналады. Ферросплав өндіруде жаңарту және кеңейту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында зауытта 2010 жылдың 30-шы желтоқсанында ферросплав өндірісін жаңарту және ұлғайту жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны – 11 млрд. 505,0 млн. теңге (несие қаржылары «Орта азиялық инвестициялық-консалтинтік компаниясы» және «Қазақстан даму Банкі»), жаңа 300 жұмыс орны ашылды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша зауыттың өндіріс көлемі 30 318 тонна ферросплав немесе 5 573,5 млн. теңге, немесе 2010 жылдың көлемімен салыстырғанда 146,3 % құрады.


Қиындық туғызып отырған мәселелер:

1. Өзіміздің кен орындарының негізгі шикізатпен қамтамасыз етуінің жеткіліксіздігі – марганцевалық концентраттың құрамында марганецтің 35% кем болмауы.

2. Темір жол қызметінің бағасының жоғарылауы, шикізаттың да бағасының өсуіне әкеп соғады. Сонымен өндірген өнімді жүзеге асыруда шығындардың өсуі.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінң 25.03.2009 жылғы № 392 қаулысына байланысты 2015 жылға дейін жыл сайын электроэнергия бағасының өсуі, бұл дегеніміз өнімнің жыл сайын өзіндік құнының өсуіне әкеп соғады.

4. Зауыттың тұрақты қызмет етуіне білікті мамандардың жетіспеушілігі – металлургтар, инженерлер, құймашылар, технологтар.
«Запчасть» АҚ – бұрынғы «СССР 60-жылдық трактор бөлшектерінің Жамбыл зауыты атындағы» негізінде жеке кәсіпорын ретінде құрылған. Зауыт құрылғалы бері ауылшаруашылық машиналарының қосалқы бөлшектерін, халық тұтынатын тауарлар, сонымен қатар әскери техникалардың қосалқы бөлшектерін жасап шығарды.

Қазіргі уақытта «Запчасть» АҚ Жамбыл облысындағы ірі манинаның бөлшектерін шығаратын кешен болып саналады. Зауыт Тараз қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Зауытта толық өндірістік базасы сақталған, жалпы аумағы 19 га. құрайды. Қазіргі уақытта 3 негізгі өндірістік цех жұмыс істейді:

Болат құйма цехі өндірістік аумағы 9 007 60 м2, бұл қуаттылығы 5 мың тонна жаңа электрмен балқытатын екі пешпен қамтамасыз етілген.

Жоғарыда аталған құрал-жабдық конвейерде көлемі 600х900 бөлшектерді өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы көлемі 5 тоннаға дейін ірі дитье өндіреді. Цехтің жалпы өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаны құрайды.


Дайын металл өнімдерінің өндірісі Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс конструкциялары зауыты» ЖШС мен «Имсталькон ЖМКЗ» ЖШС тәрізді кәсіпоріндармен көрініс береді.

Металлургия өнімдерінің күрт өсуі «Тараз металлургия зауыты» ЖШС (ары қарай «ТМЗ» ЖШС) атты жаңа өндіріс орнының ұйымдастырылуы есебінен қамтамасыз етілді, онда ферросиликомарганец шығарылады. Жобаның құны – 11571,4 миллион теңге. Оның ішінде 2010 жылдың 10-ші қарашасына 6545,0 миллион теңге(өз қаржылары) және 2615,6 миллион теңге (несие қаржылары) игерілді. Жобаны «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы қаржыландырады.

Жоба бойынша жаңа пештерді іске қосқан кезде 204 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жобаны толық іске қосу мерзімі 2010 жылдың 30 желтоқсанына жоспарлануда.

№ 5, № 6 пештердің қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта олар толық қуатымен жұмыс істеп отыр. Қазіргі уақытта ферросплав шығаратын № 4, № 3 пештердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Электродтық масса шығаратын цехтың базасында электрокальцированалық антрацит игерілді, жобалық қуаты жылына 18,0 мың тонна.

Қосымша мәліметтер:

«Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі өндірістік қуаты жылына 100 мың тонна ферромарганец шығаратын, сонымен қатар жылына 12 мың тонна балқытылған болат құю өндірісін ұйымдастыратын қайта жаңарту жұмыстары.

Жобаны іске қосу үш кезеңнен тұрады:

1) бұрын фосфор шығарған цехтарды жылына 25200 тонна ферросиликомарганец шығаруға бағытталған қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізу. Бірінші кезең толығымен аяқталды.

2) 4 агломерациялық жабдықтар жүйесінің құрылысын жүргізу. Бүгінгі таңда бұл кезең де толығымен аяқталған.

3) Ферроқорытпа өндірісін кеңейту кезеңі, бұл жерде жобалық қуаты 40800 тонна ферроқорытпа шығаратын екі пештің құрылысын жүргізу.

Жұмыстар аяқталу кезеңінде:


  • № 4, № 3 пештер бойынша:

  • бетондық жұмыстар – 100%;

  • газ тазалау қаңқасы – 20%;

  • газ тазалау бөлімінің түтін трубасының фундаменті – 100 %;

  • газ тазалау бөліміне көмектесу бөлімі – 95%;

  • газ жүргізу металл құрылымдарын дайындау -100%.

Жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге 3 кезең өзекті және маңызды.

Жоба құны - 4,96 миллиард теңге. Толық бітіру үшін – 4,21 миллиард теңге қажет. Кезенді жүзеге асыру зауыттың қуатын үш есеге көбейтуге, өзіндік құнды 15% төмендетуге мүмкіндік берер еді.

Жобада даму институтарының үлесі -26,4% немесе 3,0 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта 2 металлургиялық пеште ферроқорытпа өнімі өндірілуде. 2010 жылдың басынан бері зауыт 7 942 тонна ферроқорытпа және электродтық масса - 4 174 тонна өндірген.

Жұмысшылардың саны - 1279 адам.

Зауыт бойынша орташа жалақы көлемі – 39 998 теңге.
«Запчасть» акционерлік қоғамы электрометаллургиялық шағын зауыт құрылыс жобасын жүзеге асырады. Жобаның құны 3250,0 млн.теңге.

Оның ішінде 2010 жылдың 10-ші қарашасына – 2674,3 миллион теңге игерілді 773,4 миллион теңге (өз қаржылары) және 1900,8 миллион теңге (несие қаржылары).

Жоба бойынша 843 жана жұмыс орны ашылады.

Жобаны толық іске қосу мерзімі 2010 жылдың 30 желтоқсанына жоспарлануда.

Жобаны «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы 15,1 миллион доллар АҚШ сомасы көлемінде қаржыландыруға келісім берген. Бүгінгі күнге оның 12,9 миллион доллар АҚШ (85,4%) сомасы қаржыландырылған.

«Бохай» зауытынан (Қытай) 1,5 миллион доллар АҚШ сомасына жабдықтар сатып алынды. (жылжымайтын тіректер, сэндвич панелдер, бекітілетін арматуралар, контейнерлер, көтергіш салмағы 36 тоннаны құрайтын крандар, көтергіш салмағы 12 тонналық пештер, МНЛЗ және басқа да жабдықтар).

«Consulting Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры – Макаров В.В.) нысаның бас мердігері болып саналады. Қосалқы мердігер (құрылыс монтаждық жұмыстары бойынша) «ТаразХимМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры –Хутиди Г.П.)

Толық аяқталған: құрылыс жүргізетін аймақ жоспаралған, іргетас жұмыстары, металлқұрылымдары дайындалды (жылжымайтын тіректер). Монтаждық жұмыстар жүргізілуде. Монтаждық және іске қосу жұмыстарынын жабдықтарың дайындау 2010 жылдың қырқүйек айынан бастап 2010 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Бірінші болат құймаларын құю 2010 жылдың 11 желтоқсанына жоспарланып отыр.

Қиындық туғызып отырған мәселелер:

1- Шикізатпен қамтамасыз ету. Қара металл қалдықтарын экспортка шығаруға тыйым салуға компания тарапынан ұсыныс жасалып отыр.

Сұрақ қарастырылуда.



Қосымша мәліметтер: Тараз қаласы әкімдігі «Тараз құйма-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне («Запчасть» акционерлік қоғамы) 18,7747 га көлемінде жер телімін ұсынды.

Жобаның қуаты жылына 180 мың тонна металлопрокат шығару.

Қазіргі уақытта Қытайдан металлопрокат шығаратын жабдықтар сатып алынған. Жобалау-сметалық құжаттары дайын, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамымен қаржы мәселесі шешілген. Бүгінгі күні 3 негізгі цех жұмыс істеп тұр.

Өткізу нарығы:

80% - ішкі нарық;

20% - экспортқа.

Өнім өндіру көлемінің ұлғауына байланысты қосымша жұмысшылар алынуда.

Жұмысшылардың саны - 200 адам.

Жұмыс екі аусымда жүргізілуде.
Дайын металл өнімдер өндірісі.

2009 жылы саланың өндіріс көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады, 2010 жылы – 3,1 млрд. теңге (26,9 % өскен), ал 2011 жылы – 5,3 млрд. теңге (2010 жылмен салыстырғанда 163,7 %).



2006-2011 жылдардағы дайын металл өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
СЛАИД жасау керек
Саладағы негізгі кәсіпорындар болып «Құрылыс құрылғылар зауыты» және «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС-рі саналады.

«Құрылыс құрылғылар зауыты» ЖШС-і 1978 жылы іске қосылған, зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 5150 тонна металл құрылғылары. Зауыт келесі өнімдерді өндіреді:



  • технологиялық, құрылыс металл құрылғылары;

  • стандартқа сай емес құрал жабдықтар оның ішінде опалубка қалыптарының барлық түрлерін;

  • мұнай газ сеператорларын;

  • дренаждық емкосттар,

  • көлденең болат резервуарлары көлемі 0,5-50 000 куб. м. нержавейкадан құйылған болат жерасты және жер үстіне қолдану үшін;

  • тік болат резервуарлары көлемі 100-5000 куб. м. рулондау тәсілімен;

  • су мұнараларын және тағы басқа.

Зауыттың өнімдерін негізгі тұтынушы болып мұнай және газ өңдейтін және өндіруші кәсіпорындар, сонымен қатар әр-түрлі құрылыс нысандары саналады. 2011 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 3 830 млн. теңгеге 17 467 тонна өнім шығарды. Өсім қарқыны 2010 жылмен салыстырғанда 140 % құрады.
Қиындық туғызып отырған мәселелер:

  1. Коммуналдық тарифтерге және темір жол бағасының жоғары болуы.

  2. Тауарларды өткізуге және қызмет көрсетуге ұзақ мерзімді тапсырыстардың болмауы.

«ЖЗМК Имсталькон» ЖШС-і 1967 жылы құрылған. Зауыттың металл құрылымдарын өндірудегі қуаты 52 520 тонна, өндірістік аумақтың жабық алаңы – 50 722 шаршы метр. Зауытта 2 мықты көлденең болат цилиндрлік резервуарлар бар қуаттылығы 100-20000 куб. м. Кәсіпорында 2011 жылдың қорытындысы бойынша жалпы соммасы 3 830 млн. теңгеге 17 467 тонна өнім өндірілді. 2010 жылмен салыстырғанда 140 % құрады.




Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің қала экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. 2011 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 1,5 млрд. теңгені құрады. Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен көрініс береді.

2006-2011 жылдардағы жүн өндірісінің динамикасы, тонна

6 сурет



Қаладағы жүн өнеркәсібінің жалғыз ірі кәсіпорыны «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС болып табылады, ол жуылған жүн өңдеумен айналысады. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-і мамандандырылған кәсіпорын болып тек Қазақстан аумағында ғана емес сонымен қатар ТМД мемлекеттерінің аумағында саналады. Қазіргі уақытта кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып жүнді жуу және кептіру. Өндірілген өнімнің негізгі тұтынушылары болып Қытай және Италия сияқты мемлекеттер саналады.

2009 және 2011 жылдар аралығында жүн өндіру көлемінің төмендеуі байқалады. Кәсіпорын басшыларының айтуынша өндіріс көлемінің төмендеу себебі қытай кәсіпкерлерінің жуылмаған жүнді (шикізатты) сатып алуына байланысты.

Қазақстан Республикасының ҮИИДМБ аясында «Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жобалық қуаты жылына 800 тонна топс өндірітен инвестициялық жобаны 2010 жылы 27 қыркүйек айында іске қосылды.

Жоба бойынша 60 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жобаның құны 1 125 млн. теңге. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 260 млн. теңгеге 356,9 тонна топс өндірілді немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 547 % құрады. Бірақта қазіргі уақытта өткізілген өнімге италиялық әріптестер жағынан қарыздар туындап отыр. Осы уақытта қытай компаниялары өндірілген өнімге төмен баға ұсынып отыр.

Тоқыма иірілген жіп шығаратын бірлескен кәсіпорынды кұру жоспарлануда.

Қиындық туғызып отырған мәселелер:

1. Ағынды суды тастау. Өнеркәсіп зонасының бас коллекторы «Тараз КожОбувь» ЖШС-не қарасты, ескірген, жиі опырылып түседі осының кесірінен уақытылы кәсіпорын жұмысын тоқтатуға міндетті.

2. Кадр мәселесі. Фабрика қазіргі уақытта өндірісті тоқыма бағытына көшіру бойынша қайта құру жұмыстарын жүргізуде, Топс және жіп иіру цехтары іске қосылған. Жергілікті ЖОО және ОМОО бұндай мамандықтарды дайындамайды.



Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, қалада мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2005 жылдан 2008 жылға дейін саладағы өндіріс 13%-ға төмендеді және 2009 жылы ол 117,0 млн. теңгені құрады (7сурет).
Қаладағы былғары өндірісінің динамикасы, млн. теңге

7 сурет

Қаладағы аяқ киім өндірісі 2006-2009 жылдары 50%-ға төмендеді, бұл ретте Қазақстандағы жалпы аяқ киім өндірісі жылына 18%-ға өсіп отырған.

Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын былғары тері бұйымдарын халықтан сатып алады, ал тиісті қосалқы материалдар мен химикаттарды шетелден алады. Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта балалар мен әйелдерге арналған аяқ киім тігу арқылы өз ассортиментін кеңейтуді жоспарлауда. Аяқ киіммен қатар, кәсіпорын теріден жасалған жартылай фабрикаттар, “Вет-блю” және ”Краст” маркалы былғарылар өндіреді, оның 30%-ы Италияға, Пакистан мен араб Эмираттарына экспортталады. Бүгінгі таңда «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС қуаттырының бар болғаны 10%-ы ғана іске қосылған, ал өндірістік қуаты жылына 700 мың пар аяқ киім.

2008 жылы фабрика желінің ассортиментін кеңейту үшін шетелдік жоғары өнімді жабдық сатып алу мақсатында 5 жылдық мерзімге $10 млн. заемдық қаржылар тартты. Ассортиментті кеңейтумен қатар, кәсіпорын жоспарына аяқ киім өнімдерінің өзіндік өткізу желісін ашу да енеді.

Қаланың жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі келеңсіз жағы асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесіне қарсы қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Сондай-ақ елімізде жүн сапасын тексеретін аккредитациядан өткен зертханалар да жоқ, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуын қиындатады. Мәселен, жүнді сертификаттау жүннің килограмының құнын 1-1,5 АҚШ долларына қымбаттатады.


Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 0,54%-ды құрайды. 2009 жыл салада 0,3588 млрд. теңгенің (НКИ – 75,7%) өнімі өндірілді (8 сурет).


2005-2009 жылдардағы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
8 сурет

2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өзгерту динамикасынан көріп отырғанымыздай (6 кесте), 2009 жылы облыста гипстың және әк тастың (40,8%-ға), гипстік тастың (49,6%-ға) өндіру артқан .


2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Басқа салалар

әктас және гипс

мың. тн

35,5

45,8

48,2

33,6

47,3

гипстік тас

мың. тн

21,3

126,4

112,9

124,7

186,6


Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

2009 жылы электрмен қамсыздандырудың, газ,бу және ауа желдеткіштің үлесі жалпы өндіріс көлемінде 29,5%-ды құрады.

Соңғы бес жылда электр қуатын өндіру 17,8%,-ға, жылу энергиясын беру 8,7%-ға өскен, ал газды беру көлемі соңғы 3 жылда 3,5%-ға өсті. (7 кесте).
Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

саласында өнімнің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

7 Кесте

Өнім атауы

Өлш.бір

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Электр қуаты

млн. кВт.сағ

1 144,4

1 469,7

3 004

4 204,5

1 348,4

Жылу энергиясы

мың Гкал

706,3

669

687,5

856

767,5

Газды беру

млн.м3

-

-

354,4

410,8

366,9

2009 жыл өндіріс көлемі 19,3 млрд. теңгені (НКИ – 55,8%) құрады (9 сурет).


2005-2009 жылдардағы электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін берудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

9 сурет

Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы Облысты дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста жалпы сомасы 725,5 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылуда, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ (8 кесте).



2010 жылы 55,9 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылады, 3,0 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша келесі 3 жобаны іске асырылуы жоспарланған:
Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде облыста іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі
8 кесте



Жобаның атауы

Кәсіпорын атауы

Жоба басшысының аты-жөні

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.

млн. АҚШ дол.

млн. теңге

2010 жылы іске асырылатын жобалар

1

Ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жетілдіру

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
г. Тараз

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


77,1

11571,4

1600

2

Қуаты жылына 120,0 мың тонна прокатты өнім өндіретін электрометаллургиялық кіші зауытының құрылысы

«Қосалқы бөлшектер» АҚ,
Тараз қ.

Директор

Мыргыясов Ярмахамед Асмахунович



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


21,6

3250,0

843

3

Топс өндірісін ұйымдастыру

«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС

Момышев Болат Амангелдіұлы

2010 жылдың

27 қыркүйегі



7,5

1125,0

60

2010 жылғы жобалар бойынша барлығы







106,2

15946,4

2503

Болашақ инвестициялық жобалар

4

Күкірт қышқылы цехының құрылысы

«Казфосфат» ЖШС

Ген.директор

Ескендіров

Мұқаш

Зұлқарнайұлы



2010-2011

80

12 000,0

138

Болашақ жобалар бойынша барлығы







80,0

12 000,0

138

Қазақстанды индустриалдандыру картасын жеделдетуге арналған жобалар

5

Ферроқорытпа және оның шикізатының өндірісін әртараптандыру және кеңейту (2-кезең)

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,


Тараз қ.

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы

2010-2013


195,9

29 000,0

300


Болашақ жобалар бойынша барлығы







195,9

29000,0

300

ҚОРЫТЫНДЫ







382,1

56946,4

2941



Қазақстандық мазмұн

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесінарттыруға ықпал ету болып табылады.

Облыстағы химия кәсіпорындарының жұмыстарын қолдау және тұрақтандыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ұлттық холдингі, «Қазақстанның Агроодақ» ассоциациясы және «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5,1 млрд. теңге сомасындағы 64,5 мың тоннаға дейінгі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі барлық келісім-шарт міндеттері орындалды.

2009 жылы «Казфосфат» ЖШС түрлі жеткерушілермен жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгенің 438 келісім-шартын жасады, сонымен қатар «Тараз металлургия зауыты» ЖШС жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгенің 97 келісім-шартын жасады.

«Тараз Тұлпары» ЖШС жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 6 келісім-шартын жасады.

«Қосалқы бөлшектер» АҚ жалпы сомасы 570,1 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 13 келісім-шарт жасады.

Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.

2010 жылы да қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. 2010 жылдың ақпанында Тараз қаласында өткен қазақстандық мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 7,0 млрд. теңге сомасындағы 100 мың тонна көлеміндегі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ТМЗ» ЖШС және «Қосалқы бөлшектер» АҚ (1,0 млрд.теңге).

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қала кәсіпорындары мен ұйымдармен арасында тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 32,9 млрд. теңгелік меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойылды.

«Казфосфат» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 14,139 млрд. теңгелік келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 79,5 %-ды құрайды.

«ТМЗ» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 4,203 млрд. келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 100%-ды құрайды.

Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,

өңдеу саласын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім шығаруды қамтамасыз ететін халықаралық сапа стандарттарын ендіруге бағытталған Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сертификаттары бар облыстағы тауар өндірушілердің реестрлері жасалған және таратылған; бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімді ары арай дамыту мақсатында кәсіпорындармен және Республиканың өңірлерімен меморандумдар жасалған.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі қаладағы 147 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.



Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 15 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде 1, стандарттау қызметтерінде 1, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде 102, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер 2, білім беруде –2, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде 1, химия өнеркәсібінде 2, ағаш өндейтін өнеркәсіпте 3, газ өнеркәсібінде -2, ауыл шаруашылықта – 1, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде 4, қонақ үй қызметтерде – 2, басқа салаларда – 9.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет