БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов



бет2/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,69 Mb.
#28822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2.1 Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Тараз қаласының жалпы өңірлік өнімі 2009 жылы ағымдағы бағамен 73,5 млрд. теңгені, 2010 жылы – 81,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 118,1 млрд. теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі осы кезеңде: 2009 жылы - 60,3%, 2010 жылы – 115,4%, 2011 жылы – 134,4% құрады. Бұл ретте Жамбыл облысының жалпы ішкі өніміндегі Тараз қаласының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2009 жылы 66,6%-ды, 2010 жылы – 68,1%-ды, 2011 жылы – 63,6%-ды құрады.

Тараз қаласында өндіріс өнімдерінің физикалық индекс көлемі, қаланың жалпы өндірілген өнімдерінің жоғары қарқынмен өсуіне қарамастан соңғы 3 жылда бір деңгейде тұрақтап тұр шамамен 60 % шамасында.



2010-2011 жылдары жалпы өндірілген өнім көлемінің өсуі көп факторларға байланысты. Басты фактор болып инвестицияны белсенді тарту және өңірде Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа кәсіпорындардың ашылуы себеп болып отыр.
Өнеркәсіп.
Жамбыл облысының өнеркәсiп өндiрiсiнің негізгі бөлігін қаланың кәсiпорындары құрайды. Қаланың өнеркәсiп потенциалы бірқатар кәсiпорындарымен айқындалады, соның ішінде; Өнеркәсіп құрылымында 28% өндіріс көлемі химия саласына тиесілі, 34% - электорэнергия, жылу, газ және суға, 17%- тамақ өнеркәсібіне және 7% металл өңдеу және машиналарға арналған қосымша бөлшектерді өндiруге тиесілі. Олар сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрийдың триполифосфаты, электр энергиясы, аяқ киiм, тiгiн бұйымдары, жуылған жүн, кiр жууға арналған жабдықтар, қант, құрылыс материалдары мен конструкциялар және т.б. заттар өндіреді.

2009-2011 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің

көлемі және нақты көлем индексі

1кесте

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Өнеркәсіп, млрд. теңге

73,5

81,4

118,1

Алдағы жылға ФИК %-бен

60,3

115,4

134,4

оның ішінде:










  • тау-кенөндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млрд. теңге

0,3

0,3

0,5

  • алдағы жылға ФИК %-бен

75,5

168,7

104,9

  • өңдеу өнеркәсібі, млрд. теңге

53,1

62,2

90,5

  • алдағы жылға ФИК %-бен

62,2

130,3

136,9

  • электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа желдеткішін беру, млрд. теңге

19,3

17,7

25,9

  • алдағы жылға ФИК %-бен

55,8

77,3

127,6

0,8

1,2

1,2

  • алдағы жылға ФИК %-бен

50,2

136,5

96,5

Сонымен 2011 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 118,1 млрд. теңгені (ФИК – 2010 жылғы деңгейге 134,4%-ды) (1 сурет) құрады. Өз кезегінде біз өнеркәсіп өндірісінің өсуін байқап отырмыз, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 15,4% өскен немесе (81,4 млрд. теңге және 73,5 млрд. теңге сәйкесінше).

2010 жылы қалада мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында кризиске қарсы бағдарлама жалғасуда. Әлем экономикасының төмендеуінің нәтижесін әлсірету қажет болды. Тараз қаласы кәсіпорындарының өндіріс көлемдерінің өсуінің жауапты қадамдары болып химия өнімдеріне ішкі сұраныстың қалпына келуі, индустриализация картасына кірген жаңа кәсіпорындардың ашылуы, сонымен қатар қазақстандық қамтудың дамуы болып табылады. Мұнда жол картасы бағдарламасыныңда рөлі айтарлықтай көмек болды. Бағдарлама аясында 2010 жылы 82 нысан (тұрғын-үй шаруашылық жүйесін қайта құру және дамуы, жергілікті мағынасы бар жолдарды жөндеу, мектеп, аурухана және басқада әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары) жалпы сомасы 2 841,2 млн. теңгені құрады. Одан басқа 2010 және 2011 жылдары өнеркәсіп өндіріс көлемінің өсуі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына байланысты болды.

2011 жылдың қорытындысы бойыншада өндіріс көлемінің өсу динамикасы байқалып отыр. Бұл кезеңде қала кәсіпорындарымен 118,1 млрд. теңгені құрайтын өнімдер өндіріліп, физикалық индекс көлемі 134,4% құрады.



Өнеркәсіптің негізгі салаларында өсу динамикасы байқалуда, мысалы; тау кен өндірісі мен карьерлерді игеруде – (104,9%-ға), өңдеу өнеркәсібінде –(136,9%-ға), электрмен қамсыздандыру, газ, бу және ауа желдеткіштерін беруде – (127,6%-ға), аздаған төмендеу сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда –(96,5%-ға) байқалады. Бұның себебі «Тараз Су» МКК барлық абонеттері (жеке және заңды тұлғалар) суық суға есептегіш құралдарын орнатуға байланысты. 2011 жылы Тараз қаласының ірі кәсіпорындары өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемдерін едәуір ұлғайтқан: «Казфосфат» ЖШС - 1,7, «Жамбылгипс» АҚ – 1,4, «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС - 1,7, «Шыны компаниясы САФ» ЖШС – 1,4, Жамбыл ГРЭС – 2, және «Құрылыс құрылғылар зауыты» ЖШС – 1,4 есеге өсірген.
2006-2011 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің көлемі

және физикалық көлем индексінің өзгеру динамикасы

1 сурет



Өңдеу өнеркәсібі

Айтылып отырған кезеңде (2009-2011 жылдар) өнеркәсіп өндіріснің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі тиісінше 72,2-76,6 пайыз. Өңдеу өнеркәсібінің негізін төмендегі салалар құрайды: азық-түлік өндірісі (саладағы үлесі – 46,5%), химия өнеркәсібінің өнімдері (29,7%), машинажасау (6,9%), металлургиялық өнеркәсіп (9,9%), тоқыма бұйымдары (0,8%) өнеркәсіптің басқа да салалары (6,2%).



Аталған кезеңде өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінде өсу динамикасы байқалады. Мысалы; 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 53,1 млрд. теңгені (ФИК – 2008 жылғы деңгейге 62,2%), 2010 жылы – 62,2 млрд. теңге (ФИК – 130,3%), ал 2011 жылы – 90,5 млрд. теңге (ФИК – 136,9%) құрады.
2006-2011 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық көлем индексінің өзгеру және тауар өнімдері өндірісінің көлемінің динамикасы

2 сурет

Соңғы екі жылда (2009-2011 ж.) өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінің өсуі негізгі қала кәсіпорындарының өнімдерінің өсуіне байланысты. Мысал ретінде 2011 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемін «Казфосфат» ЖШС - 1,7, «Жамбылгипс» АҚ – 1,4, «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС - 1,7, «Шыны компаниясы САФ» ЖШС – 1,4, Жамбыл ГРЭС – 2, және «Құрылыс құрылғылар зауыты» ЖШС – 1,4 есеге өсірген.

Кризиске қарсы іс-шараның арқасында 2011 жылы өңдеу саласында өсу қарқыны 36,9% құрады, бұлар химиялық өнімдер (158,0% өткен жылдың деңгейімен), балықты консервілеу және өңдеу (1,8 есе), ұннан жасалған тағамдар (2,5 есе), шырын шығару (213%), басқада металлемес минералды өнімдер (1,3 есе), металлургиялық өнеркәсіп (3 есе), қара металлургия (304,2%), машина құрастыру (136%), сонымен қатар жиһаз өнімдері (1,2 есе) өскен. Саланың өндіріс көлемі 90,5 млрд. теңгені құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет