БАҒдарламасы басшы және жауапты орындаушы: К.Қосымов


І және ІІ кезеңдерде (2011-2015 ж.ж.)



бет11/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,69 Mb.
#28822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

І және ІІ кезеңдерде (2011-2015 ж.ж.): Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтар өмірінің, денсаулығының қажетті қауіпсіздік деңгейін, конституциялық құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылады:

Оқиға болған жерге дер кезінде шығу үшін арнайы автокөлік сатып алу, шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау;

Келеңсіз криминогендік ахуал орын алып отырған оқу орындарын кешенді тексеруді жүргізу, оның нәтижелерін аймақтық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі және білім органдарының комиссиялары отырыстарында қарау;

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтарды полицияның қоғамдық көмекшілері ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Тәулік бойғы стационарлық посттар мен жылжымалы полиция пункттерінің, жылжымалы полиция топтарының желісін дамыту есебінен көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібін қорғау тетігін жетілдіру;

Криминогендік жағдай шиеленіскен кезде полиция және ішкі әскерлер күштері мен құралдарын бірыңғай орналастыру жоспарларын уақтылы түзетуді жүзеге асыру;

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу және кесу;

Көлік құралдарын тіркеу үрдісін оңтайландыру есебінен азаматтарға қызмет көрсету жағдайларын жақсарту;

Жол полициясының көлік құралдарының қауіпсіздігі мен жағдайына, жол шарттарына және жүргізушілердің кәсіби дайындығына әсер ету тиімділігін арттыру;

Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тәртібін күшейту.

Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

Полицияның күштері мен құралдарын қылмыстарды ашуда және қылмыскерлерді іздестіруде кешенді қолдануды қамтамасыз ету;

Мақсатты шұғыл іздестіру іс-шараларын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашу бойынша арнайы операцияларды жүзеге асыру;

Есірткі бизнесі саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс-әрекетінің алдын алу, анықтау және алдын кесу;

«Бақыланатын жеткеру» әдісі бойынша арнайы іс-шаралар өткізу;

Есірткілерді тарату фактілерін анықтау және алдын кесу мақсатында ойын-сауық орындарында, оқу орындарында, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда арнайы рейдтер өткізу.


Мақсат 4.5.5.: Тараз қаласы аумағындағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру



Көрсеткіш

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015




Мақсатты индикатор:

Қаланы ТЖ кезінде шұғыл әсер ету күштерімен қамту; %



100

100

100

100

100

4.5.5.1. міндет Зардап шеккен халықты бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге құралдардың қорларын жасау және өз мақсатында қолдануға тұрақты дайындықта ұстау




Зардап шеккен халықты қосымша жинау пункттерінің үлес салмағы, %

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0




Жиналмалы қосымша эвакуациялық пункттердің үлес салмағы, %

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0




Пайдалануға дайын қорғаныс құрылғыларының үлес салмағы, %

28,6

31,8

35,0

38,2

41,4

4.5.5.2. міндет Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-әрекет




Өрт деполарын ашу

4

5

-

-

-

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы, ТЖ (төтенше жағдай) департаменті


І кезеңде (2011-2013 ж.ж.): Халықты бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде қорғау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде 2011-2013 ж.ж. шатырлы қалашықтарға арналған материалдық құндылықтар қорларын құру жалғасады.

ІІ кезеңде (2014-2015 ж.ж.): Жамбыл облысының халқын табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде мінез-құлық ережелеріне ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіруді жалғастыру жоспарланады.

Басқару органдарымен және АҚ (азаматтық қорғаныс) және ТЖ (төтенше жағдай) күштерімен облыстық және аудандық жаттығулар өткізуді жоғары және сапалы деңгейге көтеру.


Мақсат 4.4.3. Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғындардың бірінші кезектегі қажеттілігін шешу.


Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

I кезең

II кезең

2011 нақты

2012 нақты

2013

2014

2015

Жергілікті қауымдастықтың кездесулері мен жиналыстарында тұрғындар тарапынан көтерілген күрделі мәселелердің іске асырылғаны, %

















5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
млн.тенге

 

Бағыт

I кезең

II кезең

2011 годы

2012 годы

2013 годы

2014 годы

2015 годы

1

Агроөнеркәсіп кешенінде, өнеркәсіпте, химия, жеңіл өнеркәсіпте жоғары өнімділікті инновациялық технологиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жетелдетіп дамыту

18792

15317,3

27668,3

24507

19912,3

2

Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықты өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету

10212,9

11656,7

11864,1

12457,3

13080,2

3

Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау

4757,1

2601,3

5104,7

5360

5628

4

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

364,1

329,5

334,6

351,3

368,9

 

Бағдарлама бойынша барлығы:

34126,1

29904,8

44971,7

42675,6

38989,4

Ескерту – қаржыландыру көлемі 2011-2013 жылдарға арналған бюджет бекітілгеннен кейін нақтыланады.




6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Тараз қаласының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:



  • мониторинг;

  • бағалау;

  • бақылау.

  1. Тараз қаласын дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына екі рет жүзеге асырылады: жарты жыл қорытындысы бойынша және жыл қорытындысы бойынша.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жарты жыл қорытындылары бойынша мониторингін жүргізу үшін оларды әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар (бұл жерде Тараз қаласы әкімідігінің бөлімдері) өз құзыры шегінде уәкілетті органдарға (экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі) аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүргізуге есепті кезең аяқталғаннан кейінгі екі апта мерзімде іске асыру барысы туралы шұғыл есептілікті ұсынады. Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі қаланы дамыту бағдарламасының жарты жыл қорытындылары бойынша жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті органға (Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына) қорытынды ұсынады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.


  1. Тараз қаласын дамытудың бағдарламасын бағалауды Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүргізеді.

Даму бағдарламасы бағалау қалалық әкімдігінің бөлімдердің стратегиялық жоспарларының негізінде және «Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.

Тараз қаласын даму бағдарламасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды уәкілетті органмен (экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен) Тараз қаласының даму бағдарламасын бағалауды жүргізуге тиісті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынылады.



Қаланың даму бағдарламасын бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін тиісті орган сараптамалық қорытынды шығарады.

  1. Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асырудың мониторингі және бағалануы арқылы жүзеге асырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет