Әкімшілік-басқару шығыстарынаәкімшілік-басқару персоналының негізгі жалақы- сына және оған есептелген төлемдер мен сыйақыларға жұмсалатын шығыстар; іссапарлар мен көлікке жұмсалатын, кеңсе және пошта-телеграф шығыстары; әкімшілік-шаруашылық ғимараттар мен орынжайларды ұстау құны, сондай-ақ ғимараттар мен құрал-саймандардың өтеліміне жұмсалатын шығыстар және басқадай әкімшілік-басқару шығыстары жатады.
Бизнес-жоспар– ұйымның өндірістік, сату және қаржылық қызметі туралы толық ақпараты бар іскерлік ұсыныстар мен жобалар ұсынудың формасы және өзінің экономикалық мүдделері мен әріптестерінің, инвесторлар, тұтынушылар, дел- далдар және жобаның басқа қатысушылары мүдделері теңгеріміне негізделген ынтымақтастық перспективаларын, жағдайларын және нысандарын бағалауды қамтитын әлемдік шаруашылық тәжірибеде жалпы қабылданған бизнес-ұсы- ныстар мен жобаларды ұсынудың нысаны.