Атырау құйрықты елтірі қойы
Атырау қойы – тегене құйрықты елтірі қой тұқымы. Әрі етті, әрі майлы, әрі ел- тірілік өнімімен ерекшелінетін дүние жүзінде теңдесі жоқ қой тұқымы. Жаңа тұқым ретінде 1998 жылы қабылданған. Қазақтың тегене құйрықты қылшық жүнді қойы мен Еділбай қойының саулықтарын, қаракөл қойының Сұрхандария және Қарақал- пақ сұрының қошқарларымен күрделі будандастыру жолымен шығарылған. Азия, Кавказ, Таяу Шығыстың таулы аудандарында кеңінен таралған. Қошқарлары суыққа бейімделген, алайда нашар көбейеді әрі еті тым майлы болады (құйрығы 40 кг-ге дейін жетеді, тірі салмағынан 25-35% құрайды). Атырау қойынан ет, жүн немесе жоғары сапалы түрлі-түсті сұр елтірі өндіруге болады. Жүні ақшыл сұр, әртүрлі түске бояуға келетіндіктен, кілем тоқуға қолайлы.
Атырау қойы Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген.
Достарыңызбен бөлісу: |