Бағдарламасы «бастау бизнес»


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ. ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ



бет261/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ. ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ




«...Сіз қаншалықты ақылды немесе іскер болғаныңызбен, сіздің бизнесіңіз сіз жалдайтын адамдардың қолында...» Акио Морита, SONY компаниясын құрушы және иесі

Сіздің бизнесіңіз өсе бастаған сәттен бастап сізге қызметкерлер керек болады. Ал сіз олар үшін жұмыс беруші боласыз. Сіздердің араларыңызда еңбек қатынаста- ры туындайды. Еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.


Қызметкерлерді басқару – менеджмент теориясы мен практикасының маңызды аспектілерінің бірі. Ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қызмет- керлерді дамытумен, ұйымдағы адам капиталын қалыптастырумен айналысу аса маңызды, қызметкерлердің еңбек дағдыларын жетілдіру және олардың шығар- машылық қабілеттерін ашу үшін барлық жағдайлар жасау қажет.
Басқару процесі өзара байланысқан төрт функциядан тұрады: жоспарлау, ұй- ымдастыру, негіздеу және бақылау.
Жоспарлау функциясы ұйымның мақсаттары қандай болуы керектігі және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымның мүшелері не істеулері тиістігі туралы шешімді болжайды.
Ұйымдастыру – демек қандай да бір құрылымды құру. Ұйым өз жоспарларын орындай алуы және осылай өз мақсатына қол жеткізуі үшін құрылымдастырылуы қажет көптеген элементтер бар.
Негіздеу – бұл қандай да бір тұлғаны (жеке адамды немесе адамдар тобын) ұйымның мақсатына қол жеткізуге бағытталған ынталандыру процесі.
Бақылау – бұл ұйымның шын мәнінде өз мақсаттарына қол жеткізуін қамтама- сыз ету процесі.
Басқаруды ұйымдастыру мынадай мәселелердің шешілуін болжайды:

  • кәсіпорын құрылымын құру;

  • өкілеттіктерді бөлу. Қызметкерлерді басқару кезеңдері:

      1. Ресурстарды жоспарлау: болашақтағы адам ресурстарына мұқтаждықты қа- нағаттандыру жоспарын әзірлеу.

      2. Жұмыскерлерді қабылдау: барлық лауазымдар бойынша әлеуетті үміткерлер резервін құру.

      3. Іріктеу: үміткерлерді жұмыс орындарына бағалау және қабылдау барысында құрылған резервтің ішінен үздіктерін іріктеу.

      4. Еңбекақы мен жеңілдіктерді айқындау: жұмыскерлерді тарту, жалдау және сақтау мақсатында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын әзірлеу.

      5. Кәсіби бағдарлау және бейімдеу: жалданған жұмыскерлерді ұйымға және оның бөлімшелеріне енгізу, жұмыскерлерде ұйымның одан нені күтетіні және қан- дай еңбегі лайықты бағасын алатыны ұғымын дамыту.

      6. Оқыту: жұмысты тиімді орындау үшін талап етілетін еңбек дағдыларына оқыту үшін бағдарламалар әзірлеу.

      7. Еңбек қызметін бағалау: еңбек қызметін бағалау әдістемелерін әзірлеу және оларды жұмыскерге жеткізу.

      8. Лауазымын жоғарылату, төмендету, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару: жұмыскерлерді жауапкершілігі көп немесе аз лауазымдарға ауысты- ру, басқа лауазымдарға және жұмыс учаскелеріне ауыстыру жолымен олардың кәсіптік тәжірибелерін дамыту әдістерін, сондай-ақ жалдау шартын тоқтату рәсім- дерін әзірлеу.

      9. Басшы кадрларды дайындау, қызмет бойынша жоғарылатуды басқару: бас- шы кадрлардың қабілеттерін дамытуға және еңбек тиімділіктерін арттыруға бағыт- талған бағдарламалар әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет