Бесінші қадам: «Түзету»
Айтатын мәтініңіз қанша уақыт алатынын анықтап алыңыз. Оған тағы уақыттың бестен бірін қосыңыз. Қандай жерлердің тығыз екенін және ақпараттың жеткіліксіз екенін түсініңіз.
10 минут сөйлеуге дайын болыңыз. Сөйлеуге 6 минут, комиссияның сұрақтары- на 4 минут уақыт қалдырыңыз.
Алтыншы және соңғы қадам: «Қорғау алдындағы демалыс»
Сөйлеуге дайындықтың алдында басқа нәрсемен айналысып, миыңызды ты- нықтырыңыз.
Күтпеген нәрселердің алдын алу үшін:
Қажетті нәрселердің бәрін алыңыз;
Лайықты киініңіз;
Одақтастықтарыңызды таңдаңыз (залға достарыңызды, әріптестеріңізді отырғызыңыз);
Сөзді бастар алдында аудитория туралы біліңіз;
Дайындық жасаңыз;
Бос уақытыңыз болсын. Көңіл-күйді басқару тәсілдері:
Жақ сүйегін жиырма рет алға-артқа белсенді қозғаңыз. Кезбе жүйкенің түп- тері қоздырылады, сигнал орталық жүйке жүйесіне беріледі, адреналин бөлі- неді, көңіл-күйіңіз біркелкілікке келеді.
Сізді шақырғанға дейін күтіп отырғанда, қолдарыңызды түсіріп, бос ұстаңыз. Көз алдыңызға қолдарыңыз ұзарғаны соншалықты, еденге тигенін елестетіңіз.
Білезігіңізді қозғаңыз, саусақтарыңызды қимылдатыңыз, қолыңызды уқа- лаңыз. Қол білезігінің гимнастикасы толқудың қорқыныш эффектісін азайта- ды әрі сөйлеу мүшелерінің жұмысын жақсартады.
Тез-тез жүріп, қолыңызды сермеңіз. Жүректің соғысын жиілететін кез келген қозғалыс жүйкеңізді тыныштандырады.
Генералдың погоны бар ауыр шинель киіп отырмын деп елестетіңіз және ауырлығын иығыңызбен сезініңіз. Иығыңызды түсіріңіз, иегіңізді көтеріңіз, арқаңызды тік ұстаңыз.
Баяу және терең демалыңыз. Көрермендер сізді көруге келген жоқ, олардың өздерін қалай ұстайтынын сіз көруге келдіңіз.
Қалай сөйлегеніңізді еске түсіріп, қайсы сәтті шыққанына көңіліңізді ауда- рыңыз. Осыны есте сақтап, қайта қолданыңыз.
Ең бастысы – көпшілік алдында сөйлеп, мақсатқа жету, соған көңіліңізді ау- дарыңыз
Шешен жақсы физикалық дайындықта болуы қажет.
Сөйлеу нәтижесіне байсалды қараңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |