Бағдарламасы. «Бизнес Бастау»



бет3/7
Дата23.06.2022
өлшемі130,14 Kb.
#146993
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖУАНДЫҚОВ АСЫЛБЕК ӘБДІРАХМАНҰЛЫ сиыр

Техникалық жоспарлау
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділік деңгейін селекциялық, технологиялық, ветеринарлық-санитарлық және ұйымдастыру факторлары айқындайды.
Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділігі көпшілік жағдайда тұқымына байланысты болады. Тұқымды таңдаудағы басты өлшемдер – малдың өнімділігі, өндіріс мақсаты, олардың өңірлердің жағдайына бейімделуі, жемазық базасының сипаты және ұстау технологиясы.


Табынды өсіп-өнуін ұйымдастыру
Бұл процестің мәні – әр сиырдан жыл сайын бұзау алу, бұл ет бағытындағы малдың нақты өнімі болып табылады және саланың пайдасын айқындайды. Дені сау бұзау алу көрсеткішін сипаттайтын өсіп-өну деңгейі (айырып алынған жас малдың табындағы сиырға қатынасы) мынадай факторларға негізделетін аналық мал басын пайдалану қарқындылығына байланысты болады.
1. Шаруашылықтағы азықтандыру базасының жай-күйі, жас төлді өсіру және аналық малды азықтандыру. Малдың көбеюі өнімділігі мен бейімділігі осыған байланысты болады.
2. Бұзауларды айыру мен оларды негізгі табынға қосу. Бұзауларды анасынан ертерек айырған дұрыс: орташа тұқымды малды – 15-16, ірі малды – 17-18 айында, және оларды, тиісінше 24-25 және 26-27 айында табынға қосу. Бұл ретте аналық малдың жасы тұқым стандарттарынан төмен болмауы тиіс олардың тірі массасына қарағанда әсері аз болады.
3. Сиырларды ұрықтандыру тәсілдері және бұзаулау мерзімдері. Тауарлық табындарда аналық малды бұқалардан айырған дұрыс. Асыл тұқымды табында жасанды ұрықтандыруды қолдану қажет. Қыста-көктемде төлдеген барынша тиімді болып табылады, өйткені аналық мал сүтті болады, бұзаулар бұл кезеңде көк шөппен азықтанатын болады, бұл олардың тез өсіп-жетілуіне көмектеседі.
4. Малдың жарамсызын шығаруды тездету және өнімді пайдалануды жалғастыру. Алғашқы бұзаулайтын малға кететін шығын сиырды бір жыл күтуге кететін шығыннан көп. Бірінші төлдейтін малды табынға қосу жылдамдығы 100-ден шамамен 20 болады, олардың 20-25% 1-ші локтация кезінде жарамсыз болады.
5. Ұрпақсыздықтың алдын алу. Қысыр қалумен күрес өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал ететін және тұрақты пайданы қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі болып табылады.
6. Төлді сақтау. Осы мақсатта аборттың аурудың және мал өлімінің алдын алу шаралары әзірленуде және жүзеге асырылуда. Ветеринарлық қызмет жыл сайын эпизоотияға қарсы және зоогигиеналық жемазық сапасын бақылау, айыру, бұзаулау, азықтандыру күту науқандарын өткізу іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет. Алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыру ауру малды емдеуден анағұрлым арзан және тиімді.
7. Өндірісті ұйымдастыру. Жедел, мақсатты өсіп-өнудің маңызды алғышарты – нақты есеп, өндірісті білікті ұйымдастыру, фермалар мен шаруашылықтардың атқарған еңбектері ынталандыруға тұрарлық барлық мамандары мен жұмысшыларының өз істеріне деген жоғары кәсіби қөзқарастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет