Бағдарламасы. «Бизнес Бастау»


Малды күту және азықтандыру жүйесі



бет4/7
Дата23.06.2022
өлшемі130,14 Kb.
#146993
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖУАНДЫҚОВ АСЫЛБЕК ӘБДІРАХМАНҰЛЫ сиыр

Малды күту және азықтандыру жүйесі
Ет бағытындағы мал үшін барынша арзан ұстау жолы: қысқа іші жылы орын-жайларда, жазда - жайылымда ұстау. Әр түрлі орындарда немесе секцияларда мынадай топтар қалыптастырылады: сиырларды төлдерімен бірге, құрғақ орында тұратын сиырлар; төлдеуіне 5-6 ай бар тайыншалар; айыру жасындағы тайыншалар мен 3-4 айлық тайыншалар; бұқалар мен асыл тұқымды сату малдары; бордақыға қойылған бұқалар; бордақыға қойылған сиырлар мен бұзаулар.
Ет бағытындағы малды азықтандыру негізгі тамақтандыру қорына сәйкес нормаланған және теңестірілген болуы қажет, бұл салмақ бірлігіне аз жемазық жұмсай отырып барынша өнімділік алуды қамтамасыз ететін болады.
Жергілікті малмен айналысатын тұрғындар, бұл жобада бәсекелестер бір-біріне әсер ете алмайды. Себебі, нарықта төрт түлікке сұраныс жоғары. Аулымызда бұл сала баяу дамуда. Жергілікті мал тұқымы бұл жобаға бәсекелес бола алмайды және малды тірідей сатылымда бәсекеге қабілетті емес. Өйткені асыл тұқымды малға тұтынушылар күннен-күнге көбеюде.


Төтенше жағдай немесе мүмкін қауіп – қатерлер
Мал ауруы. Мал ауруы (эпидемия) немесе әлдебір себептерден мал шығыны (ит – құс т.б), адам факторы (ұрлық, т.б.) сияқты жағдайлар. Әрине әр жұмыстың өзінің қиын сәттері болады. Бұл жағдайда тек түк істемей, қол қусырып отырған адам ғана еш қателеспейді. Сонда да ажал келсе ол да құтыла алмайды. Әр адам бір жұмысты бастау үшін, ол ең бірінші қолынан келетін істі таңдау керек. Ал, мал бағуға қазақты, тек қазақ қана үйрете алады.
Қауіптің алдын алу шаралары. Өкіметіміздің қазіргі жағдайы жаман емес, уақытылы мал емдеу (вакцина), жұқпалы мал ауруларының алдын алу жақтарын жақсы жолға қойған. Мал ауруларының шығып жатқан себебі, кейбір малдардың назардан тыс қалып, егу жүргізбеген себептен туындайды. Себебі, кімнің қайда, қанша малы барын әлі күнге дейін ешкім анық білмейді. Мұндай жағдайда бізде жол берілмейтін болады. Себебі, малдың әрбір басы есепте және мал дәрігерлерінің қарауында болады. Ит – құсқа келсек, ірі қара ұсақ мал емес, онша – мұнша төрт аяқтыларға бой бермейді.
Адам факторы. Әрине көп жағдай малшыларға байланысты. Қазір адам баласы да алғашқыдай емес, нарық заманын түсініп қалды. Тек ешкімнің ақысын жемей, уақытылы жалақысын төлеп тұрса болды.
Қауіпсыздандыру. Алғашқыдағыдай емес, қазір заман талабына сай қауіпсыздандыру компаниялары жұмыс істеп жатыр, солармен келісім шартқа отыру, қажетті өндіріс жүйелерін қауіпсыздандырып қою керек.
Жұқпалы аурулар. Малдың жұқпалы ауруларының алдын – алу үшін, падалары шалғай елсіз мекендерде орналастырылады. Олардың басқа да малдармен араласпауы қамтамассыз етіледі

Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет