Бағдарламасы. «Бизнес Бастау»



бет1/7
Дата23.06.2022
өлшемі130,14 Kb.
#146993
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖУАНДЫҚОВ АСЫЛБЕК ӘБДІРАХМАНҰЛЫ сиыр


Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы.
«Бизнес Бастау» жобасы



БИЗНЕС ЖОСПАР

Мал шаруашылығы Ірі қара мал өсіру сиыр









ЖОБА АВТОРЫ: ЖУАНДЫҚОВ АСЫЛБЕК ӘБДІРАХМАНҰЛЫ


2021жыл

ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ




Жоба туралы ақпарат:

Жобаның атауы

Мал шаруашылығы. Ірі қара мал өсіру

Жобаның мақсаты

Ет және сүт өндіруді ұйымдастыру тиімділігін және сәйкестігін бағалау болып табылады.

Жобаның саласы

Ауыл шаруашылығы: мал шаруашылығы

Жобаның негізі

Ірі қара мал өсіру

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы,Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана мөлтек ауданы №87/138

Жобаны жүзеге асыру орны

Қазақстан Республикасы,Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекені, Қарақұм ауылы, Амангелді көшесі №22үй

Жобаның кезеңі

Басты кезең (бизнес-жоспар құру)

Жобаға қажетті қаражат

583 400 теңге

Грант қаражаты



583 400 теңге





Меншікті қаражат



0 теңге

Жоба үйлестірушісі туралы ақпарат:

Жоба үйлестірушісі

Жуандықов Асылбек Әбдірахманұлы

Ұйымдастыру құқықтық формасы

Жеке тұлға

Меншік түрі

Жеке

ИИН

930111302251

Байланыс нөмірі

8 747 941 79 29




Жоба туралы ақпарат


Жоба сипаттамасы
Бизнес жобаға сәйкес Қазақстан Республикасы, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекені, Қарақұм ауылы, Амангелді көшесі №22үйде ірі қара мал өсіру шаруашылығын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Жоба несие алу мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында ұсынылады.

Бизнес жоспардың мақсаттары мен міндеттері
Бизнес жоспар құрудағы мақсаты – ет және сүт өндіруді ұйымдастыру тиімділігін және сәйкестігін бағалау болып табылады.
Бизнес жоспарды әзірлеудегі міндеттері:
- ет және сүт өндіру бойынша экономикалық ұйымдастыру;
- 2 бас аналық сиыр сатып алу;
- жем-шөп сатып алу;
- инвестициялау кезеңі бойынша жоба бастамашысының қаржы стратегиялық құрылымы, және бизнестегі күтілетін нәтижелер бағамы.
Қызмет көретуші персоналдар білікті мамандар қабылданады. Жаңадан 1 жұмыс орны ашылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін 583 400 теңге көлемінде ақшалай қаражат қажет. Бул қаражат мал басын сатып алу мен айналымдағы капиталды толықтыру үшін жұмсалады.


Инвестициялық жоспар (теңге)





Атауы

Саны

Бағасы

Қажетті қаражат

оның ішінде

Грант

Меншікті қаражаты

1

Сиыр

2

291 700

583 400

583 400


2

Айналымдағы капитал



0


0


Барлығы

2


583 400

583 400

0

Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары






2021 жыл

Наурыз

Сәуір

Мамыр




Құжаттарды дайындау жұмыстары













Грант қаражатын алу













Мал және жем – шөбін сатып алу жұмыстары













Шаруашылық жұмыстарын жүргізу














Өндірістік қызметі
Ағымдағы жобаның бастамашысы туралы ақпарат
Жоба экономикалық тұрғыдан салыстырмалы түрде тұрақты дамиды. Ауылшаруашылығы деректер базасы үшін қажетті техникалық материал бар. Қазіргі таңда шаруашылық ірі қара мал басын көбейту бойынша жұмыс істейді.


Өнімнің сипаттамасы
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмысршақ, қатпаршақ, ұлтабар) соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды.

  • Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6-7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20-35 жыл, бұқасы 15-20 жыл тіршілік етеді.

  • Сүт бағытындағы Сиырдан 9-12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.

  • Сиырды етке 1,5-2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.

  • Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5-10 жыл пайдаланады.

  • Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7-10 айлығында, бұқаларда 8-10 айлығында жетіледі.

  • Алайда шағылысқа қашарды 18-22, бұқаны 14-18 айлығында қосады.

  • Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19-22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.

  • Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.

  • Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салмағы 18-45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салмағы 1-3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.

  • Ересек Сиырдың салмағы 250-600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300-900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500-4000 кг, сүтінің майл. 3,6-4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280-320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5-2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.
Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48-70% аралығында.
Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.
Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет