Бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет1/105
Дата12.04.2022
өлшемі0,91 Mb.
#139005
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Бағалау нұсқаулығы



ДББҰ Басқармасының 
2016 жылдың 18 мамырдағы 
шешімімен бекітілген (№ 19 хаттамасы) 
(ДББҰ Басқармасының шешімдеріне сәйкес 
2017 жылдың 26 қаңтарында (№ 4 хаттамасы) және 
2018 жылдың 22 ақпанында (№12 хаттамасы) және
2020 жылдың 4 қыркүйектегі (№42 хаттамасы)
және 2021 жылдың 3 қарашасындағы (№56 хаттамасы) 
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 
 
 
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының 
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы бойынша
 
Бағалау нұсқаулығы 
 
Бірінші басылым 



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған
 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы, Кембридж 
Халықаралық Емтихан Кеңесі (КХЕК) және Кембридж университетінің Білім беру 
Факультеті арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде педагогикалық қызметкерлерді 
тәуелсіз бағалау жүйесін әзірледі. Бұл бағалау жүйесі Кембридж университетінің Білім 
беру факультетімен бірлесе отырып Педагогикалық шеберлік орталығы құрастырған 
Қазақстан Республикасының педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 
бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары 
басшыларының біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша қолданылады.
 
Бағдарламаның барлық қатысушылары жалпы критерийлерге сәйкес бағаланады: 
бағдарламаның идеяларын білу мен түсіну, осы идеяларды өз тәжірибесінде қолдану мен 
идеяларды тәжірибеде жүзеге асыру рефлексиясы.
 
Бағалау қағидалары, критерийлері, стандарттары мен құралдары "Тиімді оқыту мен оқу", 
"Мектептегі мұғалім көшбасшылығы", "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім 
көшбасшылығы" және Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары басшыларына 
арналған бағдарламалары үшін жасалған; "Тиімді оқыту мен оқу", "Мектептегі мұғалім 
көшбасшылығы", 
"Педагогикалық 
қоғамдастықтағы 
мұғалім 
көшбасшылығы" 
бағдарламалары бойынша мұғалімді бағалау қағидаларында, Экспертті бағалау нұсқаулығы 
мен Басшыларды бағалау нұсқаулығында, Этикалық кодексте, Тренерді бағалау үлгісінде
қамтылып көрсетілген. Бұл құжаттардың ағылшын тіліндегі алғашқы нұсқалары 
Кембриджбен ынтымақтастықта жасалған.
 
Бағалау үдерісінде бағдарлама тренерлері мен эксперттерін аккредиттеу және бағалау 
сапасын сырттай қадағалауға КХЕК қатысты. 
 
2012 мен 2015 жылдар аралығында КХЕК басшылығымен Педагогикалық өлшеулер 
орталығының эксперттері бағалау рәсімдерін өткізді. Осы кезең барысында басты назар 
Педагогикалық өлшеулер орталығы эксперттерінің мақсатты түрде біліктілігін арттыру 
болды. Бұл эксперттер 2016 жылдан бастап тренерлер мен экспертерді тәуелсіз бағалау 
және аккредитациялауды жүргізе алады.
 
Осылайша, 2016 жылдың қаңтарынан бастап рәсімдер мен материалдарға барлық 
өзгерістер Кембридждің қатысуынсыз енгізіледі. 
 
 
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері»,
2016 
Барлық құқықтар сақталады. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, 
авторлық құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға 
немесе таратуға тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет