есептелді », ал тәуелсіз
бағалауда «
есептелмеді » қойылса, онда модерация рәсімін өткізу керек, бірақ бұл
да модерация нәтижесін түбегейлі шешпейді.
Модерация валидтілік, жеткіліктілік, түпнұсқалық пен сенімділікті қамтамасыз
ететін бағалау үдерісінің елеулі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бағалау
барысында үдеріске қатысушылар үшін стандарттарды түсіну, критерийлерді
қолдану мен дәлелдемелерді интерпретациялауды дамытудың мүмкіндігі болып
табылады. Бұл бағалау тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
Бағалау жүйесі расталуы керек. Сапаны растаудың ішкі рәсімдеріне сүйене отырып,
ПӨО бағалау үдерісінің стандарттарға сәйкес болуына көмектеседі. Сапаны бағалау
тәжірибеде бағалау сапасына қатысты мәліметтерді жинау және талдау болып
табылады. Бағалау сапасын растауды тимлидерлер тобы мен бас эксперт жүргізеді.
Бұл біртұтастық пен сапа соңғы қорытындысында стандарттарға сәйкес бағалау
рәсімдері арқылы тренер мәртебесіне жетудің табысты болғандығын көрсететін
сертификаттаумен расталады.