Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен


«Мектептегі тәжірибе»кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,52 Mb.
#13397
1   2   3

«Мектептегі тәжірибе»кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

Бүгін алғашқы 2 бетпе-бет сабағы басталды.Әріптестерімді көріп қуанып қалдым. Әріптестеріме мектепте өткізген тәжірибеде кездескен қиындықтар туралы пікір алыстық.Әріптестермен кеңесу туралы топтық талқыға салдық. Көптеген қиындықтар кездескенін соны қалай жеңгені туралы кеңестік.Мысалы,Ардақ әріптесім басында өткен қиындығы қай жағынан болғанын айтты. Ол көмек қолын созатын Кембридж бағдарламасын бітіріп келген, әріптесі болмай, тапсырмалар орындауда қиындықтарға кездескен. Артыннан бұл қиындықты өзінің бірге оқыған әріптестерімен байланыста болып, солардан көмек алып, қиындықты жеңе білген. « Әріптестермен кеңесу» топтық талқылауда кіммен кеңескендері туралы пікірлерін айт.

Алла ата-аналармен байланыс жасаған. Ата-аналардың осы сабаққа қызығушылығын оятып, бірлесе жұмыс жасауға тарта білген.Ал Жұлдыз әріптестеріне бағдарламаның жақсы, тиімды, пайдалы жағын дәлелдеп, әріптестерінің көзқарасын жақсы жағына өзгерте білді. Әр әріптесімнің айтқан пікірлері үлкен ой салды , әріптестерімнің айтқан ой-пікірлері маған сабақ болды. Алдағы уақытта кездескен қиындықты менде жеңе алатыныма сенемін. Кейбір әріптестерім өз мектептерінде мектеп басшылары, әріптестері, ата-аналары көмек қолын созып, қолдау көрсеткен. Әріптестеріміздің сабақ барысында кездескен қиыншылықтары, қызықтарын қызыға тыңдап, көкейімізге түйіп алдық. Қиындықсыз қадам болмайтынын бір - бірімізге түсіндіріп демеу болдық. Қызығы мен қуанышы егіз болған әріптестеріміз де өздерінің сабақтарының сәтті өткендерін де айтып өтті.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі ынтымақтастық ортасын қалыптыстыруды топтық таныстырылымды талқылағанда бастауыш мұғалімі Светлана өзінің ынтымақтастық ортасын қалыптастырғанда не үйренгенін оқушылардың топтаса жұмыс жасай алатынын және бірлесе мәселені шеше алатынын түсінген.Ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда қиындықтар туғанын соны қалай жеңе білгенін айтып, пікірімен бөлісті.

Ынтымақтастық ортасының таныстырылымына «екі жұлдыз,бір тілек» білдіру кезінде Сандуғаш әлі де жетілдіретін тұстарын атап айтты.

Мысалы,таныстырылымда осының нақты дәлелдерін көрсетіп кетсеңдер, бұдан да жақсы болар еді деді.

Топқа түсіну дәрежесін бағалаудың таныстырылымы кезінде соны таныстырарда қиындықтар туды,презентация жасай алмадық,уақыт үнемдей алманымызға қиналдық ,бірақ тренеріміз осыны түсіну жолдарын көрсеткеннен кейін өзіміздің тәжірбиемізді не үйренгеніміз туралы айта бастадық.Әсем қалыптастырушы бағалау арқылы бағалауға болатынын түсінген. Алла қиындық туындаған айта отырып, оқушылардың асыра бағалау қойғанын соны кері байланыс арқылы қиындықты жеңе білген пікірін ортаға салды.Бақыт сабағында жеті модульді байланыстыра отырып,сабағын өткізген,Мен де пікірімді білдіріп, «Ротация»әдісі арқылы оқушылар бір-біріне түсіндіруде топтық бағалау болғанын айта отырдым.

Сұрақ қоя білу топтық таныстырылымды талқылаған кезде өздерінің бағдарлама теориясын үйренгендерін өз тәжірибесінде қолдана білген.Сандуғаш «ашық» және «жабық» сұрақтар арқылы «Серпілген сауалдар»,Жіңішке және жуан сұрақтар тәсілін пайдаланған .Менің тәжірибемде де еркін сұрақтар қою нәтижесінде оқушылардың диологқа түсіп, білімге деген ынтасының артқанын байқадым. Оқушылардың диологқа түсуінің оқу үдерісіне әсері туралы топта талқылап, тағы да әр топтан бір мұғалімнен шығып, диологтік оқытудың нәтижелілігін айтып өтті.Сандуғаштың осы тәсілдері маған ұнады. Қайраттың үнсіз оқушыны қалай аша алғанын ол қиындықтарын қайта бағыттау сұрақтар арқылы жеңе білгені. Мен де осы тәсілдерді келешекте қолданам деген ойдамын.Бұл топқа өз пікірімді де білдіре отырдым. Екі жұлдызымды бере отырып, ұсыныс айта келе оқушылардың осы тапсырмаларды орындаудағы дәлелдеме(суреттер) келтіре кетсе,одан да жақсы болатын айта кеттім. Менің пікірімнің маңызы бар екенін ұғындым.



Бүгін біз түсіну дәрежесін бағалау және Сыни тұрғысынан ойлай отырып бағалау тақырыбына таныстырылым қорғадық. Бірінші үштік жұптың түсіну дәрежесін бағалауға таныстырылым көрсеткені маған ұнады. Ұнаған тұсы нақты түсінікті қылып жеткізіп бергендері жеті модульді сабақта қалай ықпалдастырғаны көрініп тұрды. Бұл таныстырылымға өз бағалауымызды бердік.Жетілдіретін тұстарын айта отырып, бағаладық. Соның ішінде айта кететін болсақ, тақырыпты түсінгені және нақты дәлелмен айтылғанын айта кетті. Бізге тапсырма бергенде біз не қорғайтынымызды онымен қалай жұмыс жасайтынымызды білмей қиналдық. Сосын тобымызбен ақылдаса келе бір-біріміздің пікірімізді тыңдап, ортақ шешімге келдік.Өзім пирамида суретін салып,сол бойынша ойымызды,пікірімізді өрбітіп, әрі қарай жұмыс жасап кеттім.Жәнеде қолымызға ресурс алғаннан кейін бағалауға да мән бере бастадым.Біз түсіну дәрежесін бағалауда оқыту үшін бағалау,кері байланысты орнату, дұрыс сұрақ қоя білуді,дұрыс жауап беруді,дұрыс емес деген сөзді айтпауды үйрендім.Тәжірибеде қолданғанда өзін-өзі реттеуде,дұрыс сұрақ қоя білмегенімізде,бағалауда осындай қиындықтар кездесті.Ол қиындықты топтық, жұптық жұмыста,өзін-өзі реттеп,жеке қажеттілігін ескеру керек екенін өзін-өзі,өзара,топтық,жұптық бағалаудың түрлерін біліп,жеңгенімізді пікірлесіп шештік.Кері байланыс арқылы қиындықты жеңе білуге болатын айта кеттік.Топтасып,жұптаса отырып бір-біріне түрткі болу,сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтар түрлерін білдік.. Өзін реттеуді,жеке қажеттілігіне мән беру керек екенін ,дұрыс сұрақ қоя білуді,кері байланыс орнатуды үйрендік.

Және бір сабақ «Жәрмеңке сабақ» түрінде өтті. Бұл кезде сатып алушылар және сатушылар деп бөлініп, әр топқа барып сабақтарында пайдаланған жаңа әдіс – тәсілдермен және идеяларымен бөлістік. Әріптестерім маған пәнаралық байланысты күшейтуге бағытталған әдіс – тәсілдер пайдалану туралы өз идеяларын айтты. Мен әріптестерімнің айтқан кеңесін түртіп алдым. Орыс тілі пәнінің мұғалімі отырған топтағы Асемнің «Қалам стол ортасында» әдісі ұнап, сабақтарымда пайдаланамын деп ой түйдім. Жәрмеңке сабағы бір – бірімізге жаңа ойлар мен идеялардың пайда болуына мүмкіндік берді. Мұндай сабақ түрін мектепке барғанда да пайдалануға болатынын байқадым. «Екінші бетпе - бет» кезеңінің тағы бір күнінде жеті модульдің бірі тізбектелген сабақтар топтамасының бірінде қалай ықпалдасқанын таныстырумыз керек болды. Тобымыз әр түрлі модульді қарастырған екен, бірақ ортадан бастауыш пәнінің мұғалімі Мария «Бағалау» атты модульді қолданып жазған есебін әріптестер алдында оқып, 7 ресурс парағы бойынша талдап 2 жұлдыз 1 тілек бойынша ұсыныстар айтып, толықтырулар енгізді. Осылай әр топтан бір - бір мұғалім түрлі нұсқалар қарастырып, есептерін оқыды. Бір модуль туралы есепті болғаннан кейін 1 сабақ бойынша қамтылған есеп топта талқыланды. Талқылау барысында маған ең ұнағаны бағалау түрлері болды. Дәстүрлі сабақта тек мұғалім ғана бағаласа, бұл жерде оқушылар бір – бірін, өзін-өзі бағалайды, ал кері байланыс нәтижесі арқылы келесі сабақты жоспарлай аласың. Мұғалімдер әр түрлі бағалау түрлерін пайдаланған екен. Топта талқыланғаннан кейін басқа мұғалімдермен бөлісу үшін топ атынан мен өзімнің бір сабағымды айтып өттім. Әріптестерімнің ұсыныстары бойынша есебімді толықтырып алдым. Қортыта келе тәжірибемде топтық-ұжымдық жұмысты ұйымдастырып, топтағы оқушылардың қабілеттеріне қарай, әрі жас шамасына қарай тапсырмалар құрастыру және оқушыларды топпен жұмысқа дағдыландыруды жетілдірдім. Осылай топпен бірлесе отырып жасаған жұмыста жан-жақты түсінуге, идеялардың пайда болуына, ойға ой қосылатынына көзім жетті. Сонымен қатар топтық-ұжымдық жұмыстар кезінде оқушылар диалогқа түседі, зерттеушілік әңгіме пайда болады, тыңдау қабілеті мен сенімділік туады, оқушылар бір ой түйіп, ортақ шешімге келеді.Бүгін біз өзін-өзі реттеу тақырыбына топтық таныстырылым дайындадық. Тәжірибеде қолданғанда өзін-өзі реттеуде,дұрыс сұрақ қоя білмегенімізде,бағалауда осындай қиындықтар кездесті.Ол қиындықты топтық, жұптық жұмыста,өзін-өзі реттеп,жеке қажеттілігін ескеру керек екенін өзін-өзі,,топтық,жұптық бағалаудың түрлерін біліп,жеңгенімізді пікірлесіп шештік.бізге берілген тапсырма Талантты және дарынды оқушылар Гүлжанат «әр бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем ет»деген нақыл сөзді ұстана отырып, оқушыны бағыт-бағдар беріп,жетелесең алмайтын шыңы жоқ деген қорытындыға келдік.Бәріміз дарынды талантты оқушыны анықтауда қандай кедергі кездескенін айта отырдық.Сол кезде Алла оның өзіне деген сенімсіздігі,іштей үрейдің болуы,сөздік қорының аздығы кедергі болғанын,мен өз тарапымнан ол кедергіні тренингтер,топтастыру,өзін-өзі реттеу,оқушы үніне құлақ асу, жас ерекшеліктерін,жеке қажеттілігін ескере отырып кедергіні жеңе білгенімді айта кеттім.Сандуғаш өзінің үш деңгейлі оқушылармен қалай жұмыс жасағанын нақты дәлелдермен дәлелдеп берді.Мектептегі тәжірибе кезеңі бойынша өткізілген сабақтар топтамасы бойынша топтық таныстырылым барысында тәжірибеден өткен әріптестерімнен өзіме керекті көптеген мәліметтер алдым. Осы пікірлерді ескере отырып, алдағы сабақтарымда да Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, өз іс-тәжірибемде пайдаланамын деген шешімге келдім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет