Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ(2012) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ.
2. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева,Е.Арын 2012. Әдебиет, Атамұра
3. Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 4. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының негізін құрайтын жеті модуль оқыту мен оқуда өзара байланысқан түрде көрініс табады.Сондықтан бұл бағдарлама бойынша сабақ жоспарлап ,өткізуде түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануды ұсынады. Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 12- бет). Осыған орай мектептегі тәжірибеде сабақтарымды қызықты да мазмұнды болуы үшін жеті модуль бойынша өткіздім. «Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік» (Мұғалімге арналған нұсқаулық 48-49 беттер). Яғни,ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы -құрдастарымен қарым- қатынасқа түсуге,өз пікірін айтуға және қорғауға мүмкіндік алады» (Үлестірмелі материалдар , 8 –бет).Бұл есебіме мен өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңіндегі 7 -сыныпта өткізген сабағыма талдау жасауды кіргіздім.
Дәстүрлі оқытудың сәттілігі тек қана оқушыға не берілді, соның қабылдануымен өлшенеді.Қазіргі өмір жоғары дәрежелі ойлауды, қарым-қатынасты, әлеуметтік және интеллектуалдық ситуацияларға бейімделе алу қабілетін талап етеді.
Бағдарлама мазмұнына сай оқушыларға қалай оқу керек екендігін үйретудің мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімді сыныптан тыс жерде өзгермелі өмір талаптарына сай тиімді пайдалану. Себебі, мектепте білім ала отырып,балалар біліп, дағдыларды игерумен қатар қалай оқудың жолдарын үйренулері керек. Өзін-өзі ынталандыратын және оқушы ретінде өздеріне жағымды қатынас қалыптастыруы шарт.
«Қалай оқу керетігін үйрету» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу»үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті екендігі анықталған.
Мен сабақ жоспарын құрғанда оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруды қолға алдым. Сыни ойлауды жүзеге асыру идеясына мен оқушыларды шығармашылық ойға жетелейтін тәсілдер арқылы қол жеткізбекші болдым.
Сабағымның тақырыбы А.Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға».Ал мақсаты:бірлесе отырып өлең идеясын ашу.Күтілетін нәтижесі: бірлесе жұмыс жасай біледі,өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстырады,сыни тұрғысынан өзгенің-өзінің жұмысын бағалай біледі.Түйінді идеясы: «Қыран жетпеген жерге қиял жетер» деп алып, оқушыларды алға қарай ұмтылып, ойларын ұшқырлауын көздедім.
Осы қойылған мақсаттарға жету үшін Бағдарламаның жеті модуль идеяларын қолдануды ойладым. Қашықтықтан оқыту кезінде тәжірибеме аталған модульді әртүрлі сабақтарда, әртүрлі кезеңдерде қолдандым. Тәжірибені бастар кезде оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеуден бастадым. Яғни зетттеу барысында кім-кімнің қасында отырғысы келмейтіні немесе қай оқушы қай оқушымен жұмыс жасағанды қалайтыны анықталды. Яғни, Выготскийдің оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын, ересек немесе «маңызды» адамның оқу деңгейін қамтамасыз етудегі ролі туралы – «жақын арадағы даму аймағы» - теориясын негізге ала отырып жүзеге асырдым. Бұл әрекетім бірыңғай позитивті нәтиже берді деп айта алмаймын. Оқыту формасына сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқарудағы көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытудағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әдістерін қолдануды мақсатқа қойып, осы түрлі әдістерді оқушылар қалай қабылдайтынын бақыладым. Сабақта қолданылатын ресурстарды сабаққа дейін дайындау барысында оқушыларды қызықтыра отырып, сабаққа ынталандыруды ойладым. Алғаш сыныпқа кіргенде оқушылармен амандасып, психологиялық ахуалын қалыптастыру үшін оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетуді сұрап едім, 9 оқушының 5-і көңілді, 2-еуі жақсы, 2-еуі орташа көңіл-күйдегі смайликті көрсетті. Сондықтан сабақтың ең маңызды кезеңі бұл ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан басталады.Мен оқушылармен өткізген «Бір тілек» тренингімен сабақта ашықтық пен тілектестік ортасын орнаттым.Ал түстер арқылы топқа бөлу оқушыларды әділетті түрде топтасуымен қатар , сабақтың тақырыбына жол ашты.Оқушылардың көңіл-күйін сабақ барысында бақылай отырып басында, ортасында, аяғында смайликтерін көтеріп көрсеттіріп отырдым.
Әр топтан сарапшы тағайындап, атқаратын қызметтерімен таныстырдым және әр оқушының қолына «ИНСЕРТ» кестесін бердім.Өткен сабақпен байланыстыру үшін «Серпілген сауал»әдісі арқылы өздері дайындап келген сұрақтар қою арқылы өткен сабақпен байланыс жасады.Осы әдісті қолданған кезде оқушылардың қаншалықты деңгейде топтық әңгімеге қатысатыны көрінеді.Бұл кезде А деңгейлі оқушының жоғары сұрақтарға ұтқыр оймен жауап бергені көрініп отырды.Осы әдісті қолданғанда байқағаным үнсіз оқушының қызығушылығы оянғанын топтық әңгіме түскенде оның өз сұрақтарын қойып,жауап бергенінде байқалды.Сонымен бірге бірлесе сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақты пысықтады.Топтық әңгіме кезінде оқушылар өзара бағалып,неге мұндай баға қояғаны туралы пікірлерін айтқан оқушылар болды.Топтық бағалау арқылы бағаланды.Оқушылардың жаңа тақырыпты ашуда оқушыларды сурет арқылы топқа бөлдім,Сонымен бірге АКТ-ні пайдалана отырып,тақтадан бейнесюжет көрсеттім. Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қоя отырып,оқушылар тақырыпты ашты.
-Оқушылар бейнесюжеттен не байқадыңдар?
-Қазақтың қандай салт-дәстүрін аңғардыңдар ?
-Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?
Осы жерде байқағыштық,шапшаңдығымен тез жауап берген оқушылар Сыни тұрғысынан жауап бергендері байқалды.Дарынды және талантты әр тапсырмада өздерінің қабілеттерін көрсете білді.А деңгейлім оқушым бүркітші және бүркіт туралы Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңі екенін айта кетті. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашуда «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қою барысында маған оқушылардың өз жауаптарын жүйелі жеткізе алмаса да әңгімеге қатысқаны қатты қуантты.Егерде біз осылай үнемі жасап тұрсақ,оқушылар өз пікірлерімен білімдерін дұрыс жеткізуді үйренеді.Миға шабуыл әдісін қолданғанда оқушыларды бағдаршам арқылы өзара бағалап отырды. Сабақ барысында оқушыларды мадақтау және ынталандыру жұмыстарын жүргіздім. Мысалы: С деңгейлі оқушы сабақта жауап берген кезде біраз ойланып қалды.Сыныптағы оқушылар жауабын күтпей жауап беру үшін қолдарын көтеріп, шулап кетті. Ал мен оқушыларды тыныштандырып, С деңгейлі оқушым біледі, сендер оған айтуға мүмкіндік бермей жатырсыңдар деп айттым. Сол кезде С деңгейлі оқушым өзінің жауабын толық айтып берді. Менің бұл оқиғадан кейін байқағаным, мадақтау арқылы оқушымда сенімділік пайда болды. Ол өзінің ойын жүйелеп, пікірін толық айта білді.
Қазіргі заман талабына сай еркін,ойларын жеткізе білетін ,сыни пікір көзқарастары дамыған оқушы тәрбиелеу үшін сыни ойлау дағдыларын дамытуымыз керек.»Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс әрекетімізге немесе түрлендірілген тәсілдеді енгізуге дайын болуға баулуды білдіреді»(Мұғалімдерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ 49 –бет)
Сыни ойлауды топтастыру кезеңінен бастадым десем де болады. Себебі,топтарға бөлінудің өзі алған білімдерін қайталап, тиісті шешімге келеді. Өлеңнің мағынасын түсінуімен жұмыс жасады. Оқушылар өте қызықты жұмыс жасап,сонымен бірге сынып жұмыс барысындағы шуға толды.Бұдан кейін мағынаны тану кезеңінде ЖИГСО әдісі арқылы оқушы жаңа ақпаратпен танысып, әр топ өздеріне тиген үлесін жұп болып, содан соң топ болып талқылап, ортаға салуларын сұрадым. Сыни ойлана отырып,тың идея айтқан оқушылар өздерінің идеяларын дәлелдегенін таныстырылым көрсетуге шыққанда байқалды.
Сергіту сәттері арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, көңіл күйлері жоғары болды.Өз бетінше жұмыс істеуге,сыныптасының көмегі арқылы сабақты меңгере алатынын түсінді.
Бұл әдістің маңызы бала негізгі топқа келгенде айтамын деген оймен түсініп, оқуға берген мәтінді егжей-тегжейіне дейін зерттеп, бірінің айтқанын тыңдап, мәтінді ұғуға талпынады. Бос уақытта өздерінше мәтінді тез оқып, талдап отырды. Үздіктер шығып сөйлеп жатқанда басқа балалар да бір-бірінен қалмай оқуға тырысты. Алдын-ала ескерте отырып, күнделікті сабақта мәтіннің көлемін өзгертіп отырдым. Яғни бүгін қысқа мәтін оқығандарға келесі сабақта ұзақтау бөлігін ұсындым. Соған байланысты балалар сабақтан тыс уақытта көп оқып, мазмұнын өз беттерінше дайындайтын болды. Топқа бөлгеннен кейін ұжым мүшелерінің мәтінді меңгеру әр оқушының ыждағаттылығына байланысты болды. Оқушылар өздеріне белгіленген жауапкершілікті сезініп,аса қызығушылықпен жұмыс жасады. Мысалы,топтық жұмыстарды орындағанда әр топтық жұмыс нәтижелері қорытындылана отырып, оқушылар бір-біріне екі жұлдыз,бір тілек арқылы алдымен екі жақсы жақтарын және кемшілігін алдағы уақытта түзету мақсатында ұсыныс түрінде айта алды. Одан басқа жетістігін атап өтіп, ынталандыру мақсатында үш шапалақ арқылы мадақтау да қолданылды Тіпті өз пікірлерін ашық айтқан оқушылар болды.
«Түртіп алу» әдісі бойынша оқулықтан оқушылар сөздікпен жұмыс жасап,дәптер бетіне түсіреді. Осылайша топ мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренді.
Бүркіт туралы толығырақ мәлімет беру мақсатында оқушыларды ғаламтор желісімен жұмыстануына жағдай жасадым. Әр топ арасында жас, жеке қажеттілігіне қарай тапсырма орындау кезінде бәсекелестік пайда болып, бір топ бір топтан асып түсетін мәліметтер іздеп тапты. Орта деңгейдегі Гүлсезім: « Бүркіт күнге тіке қарай алады. Сұңқар 3 шақырым жердегі қоян мен түлкіні көреді. Бүркіт өлексе жемейді. Азығын таза еңбекпен аулайды...» деген керемет пікірлерді тауып айтты.
«Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтаудың ең тиімді жолы басқаға ақыл айту емес, әңгіме құру, талқылау және пікір таластыру» Александер, Мерсер, Выготский, Раддок теорияларына сүйене отырып сабақтарымда диалогтік оқыту идеясын жүзеге асырдым.
Осы сабақты оқушылар толығырақ меңгерту барысында «Еркін талқылау»әдісін қолдандым. Бұл әдіс бойынша оқушыларға өлеңнің шумақтарын бөліп берген болатынмын бірінші оқушылар жеке оқып алып,өз тобына түсінген оқушы түсіндіреді,өлеңнің мағынасын түсінген келесі топқа барып түсіндіргенде тез арада А деңгейлі оқушым түсінгенін келесі топқа барып түсіндірген кезде топтық бағалау бергенде топтар А деңгейлі оқушым түсіндіргенде толық,нақты түсіне алғандарын айтты. Бір топ жалпы бүркіт туралы ғаламтор мәліметтеріне сүйене отырып дәлелдеді.
.Ой толғаныс сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезде үйренуші үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренді.
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгереді, белгілейді, тұжырымдама жасады. Және жауап барысында бүркіт туралы алған мәліметтерінен оның таулы аймақтарда мекендейтінін, намысшыл, өлексе жемейтін құс екенінен хабардар болғанын айтса, өлең бойынша жастық кезеңді бағалай алып, мүмкіндіктерді пайдаланып қалу екенін түсінгендерін айтты. Бұл жұмыс жұптық және топтық болып талданды. Өздерінің көшбасшы екенін көрсете білген өз тобына көмектесе білген оқушылар өз идеяларын орта салып отырды,Кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдады және талқылады. Сұраққа толық жауап бермеген оқушылар да болды. «Кім толықтырады?» деген кезде С деңгейлі оқушымның қызығушылығы оянып,өз ойын айтып толықтыра білді. Мені осы кезде таңқалдырғаны сыныпта көп үндемейтін С деңгейлі оқушым өз топтарының жұмыстарын қорғауда белсенділікпен қатысып отырды. Бұл кезде әр сұраққа жауап берген оқушыларды жетондар арқылы бағаладым. Оқушыларға өзім бағдыт-бағдар беріп отырдым. Осы тұста әр оқушылар өз шығармашылығын көрсете алды. (1,2-27 бет) Оқыту мен оқу жас ерекшеліктеріне байланысты құрылды.Аталған модуль « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен тығыз байланысты.Ал ол дегеніміз өзін өзі реттеу, өз оқуына деген жауапкершілікті сезіну сияқты дағдыларын қалыптастырады.Оқушылар ерекше ынтамен өздеріне, өз құрбыларына баға қойып жатты.Рас, басында асыра баға қою, көңіл жықпаушылық,немесе критерий бойынша бағалауды өз деңгейінде түсінбеу сияқты мәселелер болып отырды,сондықтан мен оларға үнемі бағдар беріп отырдым. Топтық , өзара бағалау,өзін өзі бағалау түрлері сияқты формативті бағалау түрлері болды.Сондықтан мен бағалау кезеңін оқушы мен оқытушы арасында сенімді қатынас орнататын кезең деп айтар едім. «Себебі ,бұл ретте мұғалімдер бағалаушы жалғыз тұлға болмайтындығына назар аударылады» (Мұғалімдерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ 58 -бет) Бағалау -оқуды жақсартудың маңызды алғышарты .Сабақтың осы кезеңі жүйелі түрде ,әрдайым болуы тиіс болғандықтан,мен әрі қарай жетілдіру жұмыстарын жүргізуім керек.
Сыныпта бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар бағалайтын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2001) Александердің теориясына сүйене отырып және оқыту үшін бағалау идеясын негізге ала отырып сабақтарымда бағалау жүйесін түбегейлі өзгертіп, өзін-өзі бағалауына баланың өзінің оқуы және уәжі туралы түсінігінше қабілетіне, күш-жігеріне қатысты құндылықтары жатады деген үлгісін ұсындым.Бұл бағалауда «Қара жәшік» техникасы арқылы оқушылардың оқыту үдерісінде қандай психологиялық қиындықтары бар екенін және оқушыға тапсырма беру арасында бағалау барысында неге көңіл бөлу керектігін түйіндедім.Бұл сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары болды. Айта кететін болсам,сәтті болғаны ынтымақтаса жұмыс жасағаны,тақырыпты ашуда оқушылар жауапкершілікті сезіне білгені,сәтсіз болғаны әлі де қысылу,қымсыну болды, ойларын еркін жеткізе алмаған оқушылар болды.Нені дамыта аласыз?,нені өзгерткіңіз келеді? Оқушылар өзін еркін ұстауға дағдыландыру,мәнерлеп оқуға үйрету,еркін сөйлеуге,ойын ашық айтуға жетілдірер едім.
Сонымен қатар менің түйген ойым, ынтасы төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп отыру керек болды.
Сабақтың маңызды тұсы-кері байланыс. ИНСЕРТ әдісін қолдану арқылы кері байланыс орнаттым.Ол кезде оқушыларға басында парақшалар таратылды.Оған оқушылар сабақта жұмысты қалай жасағандықтар,өздерінің жұмыстарына көзқарастары,сабаққа деген пікірі мен сабақтағы көңіл күйлері жазылды.Оқушылардың жауапкершіліктері мен шын көңілден жазған пікірлері қатты әсер қалдырды.
Өз сабағымды талдау барысында мен бағдарламаның идеяларын қаншалықты деңгейде тиімді және дұрыс қолдандым ба? деген сұрақтар болды.Бәрі модульдер бір-бірімен тығыз байланысты,оларды қолдануда дұрыс таңдалған әдістер жақсы нәтиже береді.Менің ойымша, қойылған мақсаттарға жету жолында,топта жұмыс жасауда,бағалау, кері байланыс,сыни ойлау үшін жүргізілген жұмыстар нәтиже берді.
Топтық жұмыстың жақсы жағы әр топ мүшесі бір-біріне қолпаштау, қолдау көрсетіп кейде тіпті мақтауын жетістіріп, шабыттандырып отырады. Әсіресе маған ұнағаны әр топ жұмыстарын ортаға шығып қорғағаннан кейін, сол топқа қолдау көрсетіп үш шапалақпен ризашылықтарын білдіру мен қатар екі жұлдыз бен бір тілек айтылған кезде одан әрі мамандығыңның жемісін көруге ынталанып, шабытыңның шарықтай түсетіні болды. Дәл осы тұста менің бойымда өзіме деген сенімділік пайда болды. Сонымен қатар топ мүшелері арасында ерекше қарым – қатынастың пайда болғанының куәсі болдық. Ойын жеткізе алмай жатса, ойын өз сөзімізбен жалғастырып айтып жатамыз. Топтық жұмыста «біз» деп сөйлеп үйрендік. Бұл жағы бізді ұйымшылдыққа тәрбиеледі. Жалпы менің өзімнің түбегейлі өзгеруіме қатты әсерін тигізді.Сапалы оқыту мен құзырлы мұғалім біздің білім беру жүйесін өзгертеді деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ(2012) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ.
2. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева,Е.Арын 2012. Әдебиет, Атамұра
3. Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 4. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негізін қамтыған.(6-7 бет).Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу.Алайда тамыры тереңге кеткен белгілі сенімдер,мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін екенін айта келе,егер де дайын білім беретін «дәстүрлі»стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыда ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларды қабылдауға да дайын болу керек .(49 бет) деген тұжырым жасайды.
Курсқа келген кезімде мен жалпы курс мақсатын түсінбеген болатынмын.Өйткені санамда шет тілдің оқыту әдістемесі біздің білім беру жүйемізге сәйкес келе ме,оны мен игеріп кете аламын ба деген секілді сан түрлі сауалдар тұрды.Бірақ курс басталысымен -ақ бұл сауалдардың мен үшін еш мәні болмай қалды.Себебі нағыз шығармашыл,ізденімпаз мұғалімдер үшін бұл жобаның берері мол екеніне көзім жетті. «Бірінші бетпе-бет кезеңінде біз ең алдымен жалпы бағдарлама мақсатымен,міндеттерімен таныса отырып,бағдарламаны құрайтын жеті модульдің ерекшеліктерін жеке-жеке егжей-тегжей саралаған болатынбыз.Өн бойымызда сабақ беруге деген құлшыныс пен оны түрлендіруге деген қызығушылық күн санап арта бастады десем артық болмас еді. Өзгеріс тек санамда ғана емес,өн бойымда жүріп жатқанын сол кезде-ақ байқаған болатынмын.Бірақ мектептегі тәжірибе кезеңін өткізу сәті туған кезде енді бұл білгенімді жаңалықтарымды әріптестермен және оқушыларымен қалай бөлісемін,оларға мен өз деңгейінде жеткізе аламын ба олар бұл үдісті қалай қабылдайды деген сұрақтар мазалай бастады.Әріптестерім маған түсіністік танытып, маған қолдау көрсетті.Оқытудағы оңды өзгерістерді өздерімен бөлісіп отыруымды сұрады.Ендігі қиын мәселе сабақтың өту барысын оқушыларға түсіндіру кезегі тұрды.Бала жүрегінің кілтін тауып,оны аша білу кім-кімге де оңайлықпен келмесі анық. Оның үстіне дәстүрлі оқыту жүйесімен қатып қалған қағидаға үйренген баланы бірден еркіне жіберсем қалай болар екен деген ой мазалады.
Әр мұғалім үшін маңызды міндет-сабақты жоспарлау болса,мен сол міндетті жүзге асыру үшін тізбектелген төрт сабағымның орта мерзімді жоспарын бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра отырып құрудан бастаған болатынмын. Барлық модуль түрлері бірі мен бірі тығыз байланыста қолданылатынын осы сабақ өткізу үшін орта мерзімді жоспарлауды құру мен қысқа мерзімді жоспарлауды жасақтауда анық көз жеткіздім Содан кейін күнделікті сабақ жоспарларымды оқушыларымның жас ерекшелігіне сай олардың мүмкіншіліктерін ескере отырып құрдым. Сабақ жоспарлауда әр түрлі қиындықтар туындағанымен,санамдағы сан түрлі өзгерістер мен жаңалықтарымды оқушыларыммен бөлісуге асықтым.Осындай игі мақсаттарға жетелеген бағдарламаның арқасында сабақ құрылымын өзгерттім,оқыту әдістерін түрлендіріп отыруды,сонымен қатар сабақтарымда да аталған жеті модульді өзара байланыстыру жолдарын меңгердім. Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізген сабақта ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін Психологиялық тренингтер ұйымдастырдым. Жағымды көңіл күйдегі психологиялық ахуалмен бастауды жөн көрдім.Топтастыра отырып,топтаса жұмыс жасайды.Бастапқы кезеңде сынып оқушылары «өз топтарынан» ажырағысы келмеді. Бұл сабақ мақсатының бір кезеңі екенін түсіндіре отырып, бұл топпен де ынтымақтаса жұмыс істей алатынына көз жеткізуге бағытталған жұмыс түрлерінен тапсырма бердім. Балалар үшін топқа бірігіп, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару»қиын болғанымен тәжірибе барысында бұл мәселенің шешімі табылып, оқушылар күннен-күнге ұжымдық жұмысқа үйрене бастады.Мен өзгеріс тек менің бойымда ғана емес,оқушыларымның іс-әрекетінде де болып жатқанын аңғардым. Әдеттегіше сабақты оқушылардың сабаққа қатысын тексере отырып, оқушылар үшін жағымды әсер ететін осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі әдіс деп сергіту сәтін жасатуды да айтамын. Өйткені, бұрын бұл сыныптарға бұлай сергіту сәті ұйымдастырылмайтын. Психологиялық дайындықтан соң оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында Ой қозғау әдісі бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап алынды.
1. Абай туралы не білеміз ?
2. Абай қандай ақын?
Нәтижесінде бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталды. Бұдан соң жаңа тақырыпты өз беттерімен оқуды топтарға бөліп беру арқылы меңгерту мақсатын көздедім. Белгіленген минуттардан соң топтар өз жауаптарын түсіндірді. Ынтымақтастық атмосферасында топтар бірін – бірі тыңдап, сұрақтар қойып, жауаптарды «мадақтау» 5 — ереже арқылы бағалап отырды.Қазіргі балаларды таң қалдыру қиын,сондықтан да оқушылардың қазақ әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін,ақпаратты технологияны игере отырып сабақты сонымен байланыстыру керек екенін түсіндім.АКТ-ның ұтымдылығын пайдалануды өз сабақтарыма енгізіп отырдым.Бұрын кез-келген шығармамен танысқанда мәтін мазмұнын ең алдымен өзім мәнерлеп оқып,содан кейін оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеттерін тексеретін болсам,енді сандық технологиялардың мүмкіншілігін пайдаланып, үнтаспадан тыңдатуға тырыстым. Мысалы, Абайдың қара сөздерін өткен кезде оқушыларға қара сөздерді үнтаспадан тыңдаттым, содан кейін барып оқушылардан мәнерлеп нақышына келтіре оқуларын сұрадым.Бірнеше оқушы оқығанмен маған да, балаларға да А деңгейлі оқушымның дауыс ырғағы,мәтінді оқу мәнері көңілге қонымды болды. Сонымен қатар күнделікті сабақтарыма интербелсенді тақтаға орындалатын тапсырмаларды түрлендіріп,оқушыларды тек тыңдап қана қоймай ақын-жазушылардың бейнежазбаларын ұсынып отырдым.Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілген оқу пирамидасындағы оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы көрсетілімде отыз пайызға ие екенінінің дәлелі осы екеніне еш күмәнданбадым.Балалар өздеріне Абай мұражайын суреттерін көру, бейнежазба арқылы көргендері ерекше әсер еткенін айтты.Сондай-ақ осы курстың барысында ғаламтордағы бар мүмкіндікті пайдалану,электоронды құжаттарды желіде тіркеу,оны қайтадан тексеру, ақпаратты өңдеу,сонымен қатар видео,суреттер секілді көрнектіліктерімді табу,қайтадан сандық бейнені қалпына келтіру сияқты әдістерді меңгердім және осы әдістердің көпшілігін оқушылар да үйренуге тырысты.Сындарлы білім беру мақсатын айқындайтын 7 модуль идеяларын, әдіс –тәсілдерін сабақ жоспарларыма енгізу арқылы,оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадым.Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен,өзіндік ерекшелікпен қиындықтары бар. Бұған дейін сабақ мақсатын өзіміз анықтап келсек,енді оқушылар қалай оқуды үйрету модулінің негізінде өздерінің сабақтарда не білгісі,нені үйренгісі келетіндіктерін саралай алатын жағдайға жетті.Сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын дамытатын тапсырмалардың арқасында оқушылар өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыланды.Өз ойларын әдемілеп,әсерлетіп жеткізуге тырысты.Жұптық,топтық жұмыстар барысында әр түрлі диалогке түсіп,әңгімелесудің түрлі тәсілдерінде бір-бірінің пікірін тыңдап,бағалай алатын дәрежеде болды.Әсіресе пікірталастық әңгіме,әңгіме дебаттар барысында оқушылардың ана тілінде еркін сөйлеу дағдылары қалыптасты, сонымен қатар өз пікірін дәлелдеп,қорғай білуді үйренді. Мысалы,Абайдың әндерін тыңдаған кезде қандай әсер алдыңдар, Абай әндерінің өміршеңдігін қалай дәлелдейсіңдер деген сауалдарға әр топтың жауабы әр түрлі болды.Бұл сабақта қызу пікірталас туындап,әр топ өз пікірін дәлелдеуге тырысты. Әсіресе, В деңгейлі оқушым Абай әндері-қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан халық әндері секілді деп берген қорытындысы қалған топтың да көңілінен шықты.Диалогтік оқыту-әдебиет сабағы үшін өте тиімді екенін аңғардым.Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауды жүзеге асыру мақсатында осы модульдің әдістерін сабағыма енгізіп отырмын, Жигсо,ротация әдістері оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетімен игеруіне ықпал етеді. «Менің арманым» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлесті. Бұл тапсырмада ой ұшқырлығын көрсеткен А деңгейлі оқушым болды. Жас, жеке қажеттілігін ескере отырып,Оған С деңгейлі оқушым неліктен әдебиет әлемін таңдағанын сұрағанда, А деңгейлі оқушымның жауабы ұтымды шықты. Ол өзін жауһар жырлармен сусындайтынын, әдебиет –тәрбие мектебі, одан өмірге мол азық алатынын айтты. Жаңа сабақты бекітудегі проблемалық сұрақтарға жауап беруінде және де тапсырмаларды мазмұндауды, түйінін табуды сол сияқты диалогтік әңгіме мен өмір туралы көзқарасын білдіруін осы модуль әдісі деп бағалаймын Ал түрлі тақырыптарға таныстырылым дайындап,топ жұмысын ұйымдастыру кластағы көшбасшы оқушылардың рөлін айқындап береді.Тәжірибе барысында өткізілген сабақтарымда Сәндібек,Алтынай, Ермұқан,секілді оқушылардың бойында ұйымдастырушылық қабілеттерінің жоғары екеніне көз жеткіздім.Бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарда тақырыпта өзім түсіндіріп,өзім басқарып келсем, бүгінгі тәжірибемде менің сабақ беру барысындағы рөлім тек бақылаушы-бағыт беруші ретінде қалыптасып келе жатқанын сездім.Бұл әрине мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге көмектесе отырып,оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруіне жағдай туғызатынын дәлелдеді. Жаңа сабақ тақырыбын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша Еркін талқылау әдісімен оқушыларға жұмбақ жасырдым. Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, жаңа сабаққа кірістік. Оқушыларға Еркін талқылау әдісі бойынша Аңшылық туралы не білеміз деп сұрақ қойдым. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша оқушылар интернет желісін тиімді пайдалана отырып, Аңшылық туралы түсініктерін ортаға салды.Десек де қиындықтар кездесіп жатты,әсіресе кластағы тұйық,оқшауланған оқушыларды сабаққа тарту үшін үлкен мәселе болды. Өйткені бұл класта бесеуі үлгерімі-орташа, мінездері тұйық,оның үстіне сәтсіз отбасынан шыққан балалар еді.
Бұл мәліметтерді мен класта әлеуметтік-психологиялық зерттеу барысында білдім.Бұрын біз көп жағдайда кластың әлеуметтік жағдайын ескеріп жатпайтынбыз,енді бұл мәселені қалыс қалдыруға болмайтынын ұғындым.Сабақ барысында аталған оқушыларды топтарға біріктіріп оларды сырттай бақылауда ұстадым,сонда В деңгейлі оқушым неде болса топпен бірге отырып мәселені шешуге,тақырыпты талдауға араласатынын байқадым,ал бұны С деңгейлі оқушымның бойынан көре алмадым.Бұл оқушы көбіне кластан оқшауланып жүретінін байқап,оны топқа тарту үшін не істеу керек екенін ойладым.Тәжірибе барысында сергіту кезінде рөлдік ойындарды қолданған кездерімде бұл оқушының сабаққа араласа бастағанын көріп қуандым. Аңшы рөлінде В деңгейлі мен С деңгейлі оқушыларым, түлкі рөлінде А деңгейлі оқушым образға кіріп, көріністі жақсы көрсетті. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын жүйелеп түсіндірді. А деңгейлі оқушым өлеңді өмірмен байланыстырып, мектеп өмірінен мысал келтірді.Өмірде алаяқ түлкі сияқты адамдардың бар екенін, сондай алаяқтардан аулақ,сақ жүру керектігін айта кетті. Бұл мен үшін жетістік болатын,өйткені оқушымның бойындағы өзгерістерді байқай отырып,өз бойымдағы өзгерістердің өзгеге де әсер етіп жатқанына көзім жетті. Жалпы, тәжірибелік кезеңде көз жеткізген нәрсем бұл әдістер мен тәсілдер арқылы сабақтың өн бойында оқушылар белсенділігінің өте жоғары болуы және оқушы мүмкіндігінің ашылуы еді.Бұрын мен оқушыларға не үйретемін, оны қалай меңгертемін деп келсем,енді оқушылар не үйренді,қалай үйренді,қиындықтан қалай шығуға болады, сабақтарымдағы кемшілік тұстарды қалай жоямын,қалай жетілдіремін,олардың білімін қалай бағалаймын деген сұрақтарға жауап іздейтін болдым. Сабақ барысында өздерінің таңдауы бойынша бөлінген топтардан көшбасшылар анықталды.Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен топта белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Топ мүшелері 2 көшбасшы, 3 орындаушы, 2 бақылаушы, 2бағалаушы қызметін бөліп алды. А тобы мен В тобы өз қызметтерін өзара ынтымақтаста бөліп алды. Сабаққа сыныптағы 9 оқушы түгел қатыса отырып, өздерінің білігі мен білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсете алды деп есептеймін. Сондықтан да, алдыңғы сабақ кезіндегідей оқушыларда«менің бағам неге олай?..» деген сияқты сұрақтар туындамады. Және де оқушылардың сабаққа деген ынтасының бұрынғыдан да артқанын байқадым. Әсіресе бағалау барысында, талантты және дарынды балаларды оқытуда көп өзгерістерге тап болдым,бұрын біз талантты және дарынды балаларды пәнге бейімдеп,арнайы жоспар құрып оқытып келсек, енді күнделікті сабақ барысында –ақ мұндай балаларды анықтап олардың өз ерекшеліктерін көрсете алатындай жұмыстар ұйымдастыру керек екенін түсіндім.«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі әдеттегідей, бүкіл сабақтың өн бойында көрініс тауып, шәкірт ойын топтастырғанда да,шығармашылық жұмыс ақынға арнау шығарғанда да, өзінің арманын қағаз бетіне әдеби тілмен шығарма жазуында сол сияқты өзіндік қорытынды айтуда анық байқалды. Бұл бағытта бұндай оқушыларға жеке жұмыс түрлерін ұсыну да тиімді нәтиже береді. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, оны түсіндірулері арқылы жаңа сабақ бекітілді. Cабақ барысында жеті модуль негізін қамтуға арналған тапсырмалар беру назардан тыс қалмай, кіріктіріліп, жымдасып кетті. Жаңа сабақты қызығушылығын ояту негізінде миға шабуыл әдісін пайдаландым. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойдым.
-Бұл қара сөзден не ұқтық?
-Бұрын соңды қара сөзді естуіміз бар ма?
-Абайдың неше қара сөзі бар?
Оқушылар бұл сұрақтарға ұтымды жауап берді. «Талантты және дарынды оқушыларды модулін» басшылыққа ала отырып, А деңгейлі оқушым ізденімпаз, ұшқыр ойлы оқушы екендігін танып ол оқушының талантты екенін аңғардым. Келесі тапсырмада қара сөзге талдау жасаттым. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындап, қара сөзге талдау жүргізді.
Бұған дәлел ретінде өз тәжірибемнен мысал келтіргім келеді, класта С деңгейліоқушым-орташа оқитын және көп сөйлемейтін тұйық оқушылардың бірі болатын.Оның сурет салуға бейімділігін тәжірибе барысында байқадым,өзінің тобында ол таныстырылымның барлығын суретпен жеткізіп,оны сөзбен түсіндіріп берді. Бұл оқушының бейне мен мағынаны ұштастыра алатын дарын иесі екенін байқадым.Ал бағалау барысында бастапқы кезде түсінбеушілік орын алды, өйткені балалар өздерін-өздері бағалауға,бірін-бірі бағалауға дайын емес еді.Десек де олардың бірін-бірі үш шапалақпен марапаттауы,критериийлер арқылы бағалауы,көңіл-күйлерін смайликтер арқылы жеткізуі сәтті шықты.Бағалау кезінде балалар бір-бірінің көңілін қимай артық кетіп жатса да,олардың өз жұмыстарына өздері пікір айтып,ұсыныс тастап бағалауы оқытуды бағалаудағы оңтайлы өзгерістердің бірі болды. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» алдыңғы сабақ үдерісіндегідей топтар бір-бірін бағалауы және «Өзін-өзі бағалауы» сол сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіруде көрінді. Бұл сабағымның да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Ал, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі оқушының ынтасы мен «өзін-өзі бағалауы» және де қабілеті мен жігеріне сай жетістігін көрсететін кері байланыстағы білім, түсіну және дағдылары туралы хабарлама айтуда көрініс тапты. Оған кері байланыс орнату үшін қолданылған бағалау бетшесіндегі ұсыныстары мен пікірлері куә. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін ғана емес мұғалімге де зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын.
Мен үшін бұл оқу нәтижесінде сабақтарымда көп өзгеріс болады. Оқушыларымның еркін сөйлеуіне және қателесуіне рұқсат беремін. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, оны өзінің іс тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені әр бала қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсатым деп санайды, сондай –ақ өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан әрбір мұғалім оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды да қабылдауға дайын болуы тиіс деп ойымды тұжырымдаймын.Оқушыларымның бойындағы еркіндік, сыни пікірлердің тууы,түрлі идеялар мен көзқарастардың қалыптасуы-мен үшін үлкен жетістік.Өзімнің оқыту тәжірибемде іске асырылатын өзгерістерді болашаққа қалай жетілдіремін деген сұраққа жауап сандық құрылғыларды пайдалану мүмкіндігін кеңейтемін.Сыни ойлау қабілеті дамыған креативті тұлғаны тәрбиелеймін.Талантты және дарынды балалармен жүзеге асырудың нәтижесінде,ХХІ ғасырдың еркін,өз пікірін нанымды жеткізе білетін,сыни көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларды еркін меңгерген,тілін,әдебиеті мен мәдениетін шексіз сүйе білетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға негіз болсам деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей
2. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева,Е.Арын 2012. Әдебиет, Атамұра.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
4. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы
Достарыңызбен бөлісу: |