Физикалық тексеру: жақ сүйегінің еміздіктегі бұрышын басқаннан ауруы мүмкін.
Лабораторлық зерттеулер: 1. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ-ң жоғарлауы.
2. Құлақтан шыққан бөліністің бактериологиялық зерттеуінде: патогенді микробтардың бар болуы.
Инструменталдық зерттеулер Отоскопиялық мəліметтер: құлақтан патологиялық бөліністер шығуы, дабыл жарғағындағы қан кернегені немесе бұлдыр, білінетін белгілері айырлмайды, тесілген жарғақ орнын солқындатып ауру рефлекспен анықталады, кейде дабыл жарғағының артқы жоғарғы шаршысынан өздігінен тесілуі қиындығынан, парацентез (дабыл жарғағын тесу) тез арада жасалуын қажет етеді. Парацентезде - ортаңғы құлақ қуысынан бөлініс шығады.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Дабыл жарғағында парацентез.
2. Самай сүйегінің рентгенологиялық зерттеу.
3. Құлақтағы бөліністерді бактериологиялық зерттеу.
4. Аудиограмма.
Ем мақсаты: - ортаңғы құлақ қуысындағы қабынуды тию;
- жалпы уыттану симптомын жою;
- естуді қалпына келтіру;
- құлақтан бөлінген патологияны жоқ қылу;
- сезімін жəне тəбетін жақсарту.
Дəрі-дəрмексіз ем: жалпы режим, тəттіге шектеулі диета. Дəрі-дəрмектік ем:
3. Аллергиялық компонент болса - денсенсибилизациялық терапия (мысалы, дифингидраминді гидрохлоридті дозасы, жасына қарай дозировкасын күніне 2 рет, 5 күн бойы).
4. Бактерияға қарсы терапия: ауыз арқылы пайдаланатын антибиотиктер қолданылады. Антиобиотиктерді дəрілік заттарды таңдау in vitro флорасына сезімталдығына қарай, егер тиімсіз емдеуде жүргізіледі. Препараттарды таңдағанда - жартылай синтетикалық пенициллин, макролидтер, екінің бірі - цефалоспориннің II; III ұрпағы. Амоксициллин**3 рет, 5 күн ішінде 15 мг/кг. Азитромицин бір күн 10 мг/кг əр 4 күнде ауыз арқылы 5 мг/кг немесе клари-тромицин* - бөлшектеп 10-14 күн ауыз арқылы 15 мг/кг эритромицин - 10-14 күн ауыз арқылы бөлшектеп 40 мг/кг.
Цефуроксим*- тəулігіне 40-мг/кг бөлшектен 2 қабылдау, ауыз арқылы 10-14 күн ішінде. Цифуроксимның балалар үшін максималды дозасы 1,5 г.
Цефтадизим- флаконда иньекция үшін ұнтақ ертінді дайындайды. Ұзақ, жалпы антибиотикотерапияда-интраконазолды микоз тууының алдын алу жəне емдеу үшін.
Созылмалы ортаңғы іріңді отит - дабыл қуысындағы немесе емізіктəрізді үңгірде (мастоидит) ұзақ уақыт қабынудың болуы, құлақтан 2-6 апта бойы үнемі немесе кезеңімен тесілген дабыл жарғағы арқылы ірің ағады. Созылмалы ағымда дабыл қуысының шырышты қабатының жұқаруы жəне түйіршіктелуі, полиптер, холестеатома байқалады.