Бағдарламасы бойынша жүргізу



бет7/9
Дата13.09.2024
өлшемі0,5 Mb.
#204261
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Детский саб (копия)

Физикалық қарап-зерттеу: · Риноскопия: мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі және гиперемиясы, мұрыннан шырышты немесе іріңді бөлінулер, мұрын қуысының шырышты қабығының гипертрофиясы. Артқы риноскопия: евстахиев түтігінің тесігінің жолағының қысылу белгілері, аденоидты вегетациялары. · Отоскопия: дабыл жарғағын тарта қысу, есту балғашасының өсіндісінің қысқа сойдиюы, дабыл жарғағының түсінің өзгеруі – лайлану, созылмалы евстахиит кезінде склероз пайда болады, сырт көзге естен тану сияқты қабылданады. · Фарингоскопия: таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, жұтқыншақтың артқы бөлігінің түйіршіктері.

Диагностикалық критерийлер

Зертханалық зерттеулер: · ЖҚА: нейтрофильді жылжумен бірге лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. · Мұрын қуысынан бөлінетінді бактериологиялық зерттеу: патогенді микробтардың бар болуы, сондай-ақ антибиотиктарға сезімталдығын анықтау. 

Аспаптық зерттеулер: · Вальсальва сынамалары: есту түтіктерінің өткізгіштігін зерттеу; · аудиометрия: науқастарда көбінесе өткізгіштік саңырауқұлақтық байқалады, бірақ аралас түрі де кездесуі мүмкін; · Импедансометрия.

Емі

Дәрі-дәрмексіз емдеу: · Режим – жалпы; · Диета №15.

Жергілікті емдеу: · Мұрын қуысын тұзды ерітінділермен шаю; · Вальсальве бойынша есту түтіктерін үрлеу; · Дабыл жарғағына пневмомассаж жасау; · Дабыл жарғағы аймағында сұйықтық бар болған жағдайда дабыл жарғағының парацентезы; · Физиорәсімдер; · Емізік тәріздес өскін аймағына жылы компресстер. 
Дәрі-дәрмекпен емдеу: антибактериалды терапия препараттары тек өткізілетін жергілікті терапиядан оң нәтижелі динамика болмаған жағдайда ғана жазылып беріледі. Берілу мерзімдері дәрігермен жекеше түрде пациент жағдайын есепке ала отырып жазылады.
Хирургиялық емдеу
Дабыл жарғағының парацентезы (көрсетілімдер бойынша: консервативтік емнен ешқандай әсер болмаған жағдайда);

Жіті мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.
Мастоидит әдетте, балаларда дамиды. Антибиотиктерді қолданғанға дейін мастоидит бала өлім-жітімінің басты себептерінің бірі болды. Бүгінде бұл ауру – салыстырмалы түрде сирек және аса қауіпті емес ауру, себебі, құлақ инфекцияларын емдеу үшін антибиотиктер қолданыла бастады. 
Себептері
Көбінесе, мастоидит ортаңғы құлақтың қабынуының емделмеуінен болатын асқыну (жіті ортаңғы отиттің). Инфекция ортаңғы құлақтан самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісіне таралуы мүмкін. Самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің ұяшықтары инфекцияға толып, оның бұзылысына апарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет