Ортаңғы құлаққа радикалдық операция көрсеткіштер бойынша жасалады.
Операцияға көрсеткіштер: холестеатомамен, кариеспен, полиптермен, бассүйекішілік асқынулармен, мастоидитпен, лабиринтитпен, n. facialis парезімен асқынған эпитимпаниттің болуы
Евстахиит – бұл талаураған орта отит дамуымен бірге болатып дабыл жарғағының желдетілуін нашарлатуға әкеліп соқтыратын есту түтігінің қабынып зақымдануы. Евстахиит құлақтың бітелуімен, онда төгіліп тұрған сұйықтық сезімімен, есту қабілетінің төмендеуімен, құлақтағы шумен, аутофониямен білінеді.
Ағым сипаты бойынша бөлінеді:
| |
1) Жіті евстахиит
|
2) Созылмалы евстахиит
|
Жіті евстахиитке мұрын қуысы және есту түтігінің шырышты қабығы мен жұтқыншақ тесігіне жоғарғы тыныс алу жолдарынан таралған инфекциялар себеп болып табылады. ЖРВИ, тұмау, ангина, жіті фарингит пен ринит, қызамық, инфекциялы мононуклеоз, қызылша, көкжөтел кезінде. Бұндай жағдайда евстахииттің инфекциялық агенттері көбінесе вирустар, стафило- және стрептококктар, балаларда – пневмококктар болады.
|
Созылмалы евстахиит мұрын қуысындағы созылмалы қабыну үдерістері аясында дамиды: тонзилиттің, аденоидтердің, созылмалы ринит және синуситтің, мұрын кеңсірігінің қисаюы, мұрын қуысының қатерлі емес ісіктері және жұтқыншақтың өскіндері, хоан атрезиясы, төменгі мұрын қабыршақтарының гипертрофиялық өзгерістері.
|
Диагностикалық критерийлер
|
Шағымдар: Жіті және созылмалы келесі симптомдармен қатарласып жүреді: · құлақтағы шуыл; · жұтқан кезде жоғалатын құлақтың бітелуі; · басты бұрған кезде құйылып жатқан сұйықтықтың сезімі; · аутофониямен – науқас өз дауысын естиді, бұндай әсер дабыл жарғағының іші сұйықтыққа толған кезде пайда болады, сол сұйықтық резонатор қызметін атқарады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |